Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


АРАЛАСТЫРУ «Күрделі сөздерді суретпен салыстыру»



бет26/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
АРАЛАСТЫРУ
«Күрделі сөздерді суретпен салыстыру»
Бұл жаттығуда балалар күрделі сөздерді араластырады, бұл араластыруға арналған ең қарапайым тапсырма болып табылады. Әртүрлі күрделі сөздердің тізімін жасаңыз (мысалы, қолшатыр, тасбақа, жолбарыс, т.б.). Осы күрделі сөздер бейнелейтін нәрселердің және біріккен сөзді құрайтын жеке сөздер бейнелейтін нәрселердің суреттерін шығарыңыз (мысалы, «қолшатыр» сөзі үшін «қол» мен «шатырдың» суреттерін табыңыз). Күрделі сөздердің бөліктері бейнеленген (мысалы, «қол» және «шатыр», «тас» және «бақа») суреттерді басқа суреттермен араластырып қойыңыз.
Балалардың жұптарына кезекпен суретте не бар екенін айтып беруді, содан кейін осы біріккен сөзді құрайтын екі бөлігінің суретін табуды ұсыныңыз.
«Әндерді буындап айту»
Балаларға таныс бірнеше әнді, әуенді немесе тақпақты таңдаңыз. Балаларға әнді не әуенді айта отырып, оның ішіндегі балаларға жақсы таныс сөздерді буынға бөліп айтыңыз (бөлшектеу, мысалы, «мы-сық», «сый-лық», «жол-барыс»). Сөздің бірінші буынын айтып, бұл қандай сөз екендігін табуды ұсыныңыз. Балалар үйреніп алғанша, екі немесе үш буынды сөздерден бастап, біртіндеп күрделендіріп, ұзақ сөздерге көшуге болады.


БӨЛШЕКТЕУ (СЕГМЕНТТЕУ)
«Сөзбен бірге секіру»
Бұл жаттығуды орындау барысында оқушылар бөлме ішінде сөйлемдерді немесе сөздерді бөлшектерге бөле отырып, бір орыннан екінші орынға секіреді. Бұл үшін түсі мен пішіні әртүрлі шағын кілемшелерді әзірлеп қойыңыз. Алдымен бір буынды сөздерден тұратын бірнеше қарапайым сөйлемдер ойластырыңыз (мысалы, «Күн мен ауа жылы») және әрбір сөзді айтқан кезде бір кілемшеден екінші кілемшеге секіру керек екенін көрсетіңіз. Тапсырманы күрделендіру үшін екі немесе үш буынды сөздерден құралған сөйлемдер құрастырыңыз (мысалы, «Айгүл көйлек киді»). Балалардың әр сөзді айтқан кезде келесі кілемшеге дұрыс секіруін қадағалаңыз. Бұл жаттығуды буын деңгейінде (әр буын сайын секіру) немесе фонема деңгейінде (әр дыбысты айтқанда секіру) бейімдеп өзгертіп отыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет