Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде 30 маусым – 1 шілде 2006 жылы С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университетінде: «ХХІ ғасырда жоғары оқу орны: жаңа экономикалық өркендеу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда; 19-20 мамыр 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университеті АҚ Батыс Қазақстан заң институтында «Қазақстан Республикасының егемендігі – ұлттық заңнаманың даму негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда; 23-24 қараша 2006 жылы Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында: Қазіргі білім беру парадигмасы: мәселелері және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда,26 сәуір 2007 жылы Талдықорған қаласындағы «Қазақстанның әлемдік бөлім жүйесіне интеграциясы: даму бағыттары, проблемалары және оларды шешу жолдары атты екінші халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда, мектептердің педагогикалық кеңестері мен әдістемелік семинарларда талқыланды және республикалық басылымдарда жарық көруімен жүзеге асырылды.