1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі талдануы
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі.
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастырады. А.Н.Леонтьев: «Таным - әрекет түрлерінің бірі болғандықтан, таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші таным әрекетінің мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп жорамалдауға болады»,-деп түсінік береді [27].
Ал, білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады.
Таным теориясы танымдық іс-әрекет заңдары мен заңдылықтарын зерттейді. Әлемді тану мүмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені философиялық шешу тарихи өзгеріп отырды, онда әрбір тарихи дәуірде жекелеген ғылымдар жинақтаған дүние туралы білім деңгейі көрінеді. Философиялық білім араларында таным процесі мазмұны анықталатын танымның субъект және объектісі қарастырады. Танымның объектісі болып шындықтың өзі немесе оның субъектіден тәуелсіз тіршілік ететін үзіндісі болып табылады. Объект – қандай да бір затқа бағытталған әрекет. Объект – субъект белсенділігі сіңірілетін өріс. Таным субъектісі болып өз тарихи дамуындағы адам және адамзат болып табылады. Субъект өзін объектімен байланыстырып, материалдық, мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект – мақсатты болжап, шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де дербес тіршілік иесі. Алайда, объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді танымдық қатынасқа таным түсетіндіктен, таным объектісі болады [28].
Таным процесі түрлі қиындықтарды жеңумен байланысты, таным барысындағы қиындықтарды жеңу, бұл үшін қажетті ерік күшін жұмсау жеке тұлғаның өзінің танымдық әрекетін нысаналы түрде және саналықпен реттеуін талап етеді. Еріктің болуы жеке тұлға үшін елеулі, маңызды мақсаттар мен міндеттердің болуымен байланысты. Мақсаткерлік адамның ерік мінез-құлқының негізгі нысандарының бірі, жеке адамның ерік күшін іске асыру үшін зор маңызы бар. Алға мақсат қою және оны қабылдау – жеке тұлғаның мақсатқа жету жөніндегі бұдан былайғы ерік күшін айқындайтын кезең болып табылады.
Таным мен оқу процесі арасында болатын маңызды ерекшеліктер:
- Таным – бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам және адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни, ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді. Олар өздері үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, шәкірттердің дара мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған, дидактикалық бейімге келтірілген әрі қарай қарапайымдастырылған материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен бірге оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі тікелей не жанама, мұғалімнің көмегінің болуын керек қылады, ал ғылым тұлғааралық қатынастарды көбіне қажет етпейді.
- Жаңалықтар ашуға арналған таным процесі ұзақты кезеңдік ғылыми ізденістерді қажет етеді. Ал оқу процесінде белгіліні қайтадан ашып, игеру жолы қысқа әрі мұғалім шеберлігімен жеңілдетіледі.
- Таным процесі материалдық не рухани нысандарды қабылдауды талап етеді де, ал олардың шынайылығын практика дәлелдеуі тиіс. Оқу барысында мұғалім білім игеру процесі бөліктерін ауыстыруы және оны практикалық ептілік, дағдылармен кезектестіріп немесе біріктіріп жүргізуі мүмкін.
Таным – адамның объективтік шындықты ойында бейнелейтін және қайта жаңғыртатын, қоғамдық іс-әрекет барысы. Танымның негізгі және білімнің ақиқаттығының шарты – танымдық іс-әрекет.
Бақылау – бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындауы үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескел сөздер айтып, ескерту жасауға болмайды. Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту тиіс.
Танымдық іс-әрекет – оқушылардың білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің өзіне тән ерекшеліктері болады:
1. Таным процесінің ғылымдағы объектісі – белгісіз құбылыстар. Оқушылар ғалымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы танып біледі. Оқушылар оқытуда адамзаттың танымдағы өткен жолын өтпейді. Олар ғылымның ашылған жаңалықтарын, ақиқат жетістіктерін игереді. Ол игеретін білімдер кездейсоқтықтардан тазартылған, жүйеленген, сенімді. Мұғалім оқушыларды ғылымдағы таластармен танысытырады. Сол арқылы оқушыларды ғылыми ізденістерге ынталандырады.
2. Оқушылардың таным процесі үнемдірек. Ғалымдардың, әдіскерлердің, мұғалімдердің көмегімен, оқытудың тиімді жолдары арқылы білім беру қарастырылады, әрбір мектеп пәні бойынша маңызды білімдер мазмұны іріктеліп алынады.
3. Оқыту процесінің ерекшелігі оқушылардың оқуды әрі қарай жалғастыруға, өз бетінше ізденуіне, еңбек әрекетіне дайындалуына, қажетті іскерлік пен дағдыны игеруіне мұғалімнің басшылығымен оқушының өз бетінше оқу әрекетінің өзара байланысы негізінде жүзеге асатын мұғалім үшін де таным процесі болып табылады.
4. Мектептегі таным процесі білім берушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушылардың ақыл-ой қабілеттері дамиды, олардың дүниетанымы, ғылыми көзқарастары мен сенімдері, сезімдері қалыптасады.
5. Оқушылардың таным процестері олардың жастарына сай ұйымдастырылады.
6. Таным процесі мұғалімнің басқарушылық, әрі бағыттаушылық рөлімен, оқушылар мен мұғалімнің тығыз өзара ынтымақтастық байланыста бірлескен қызметінде іске асырылады.
Оқудағы таным процесінің әрбір буыны өзіне тән сапалы белгісі бар процестер. Сонымен бірге, оның әрқайсысы білімді қабылдауда оны дамытуда маңызды рөл атқарады. Демек, оқыту процесінің сатылары, өзара бір-бірімен байланысты, тұтас, толық таным процесі екені – табиғи заңдылық (1-сурет).
Таным теориясы бойынша, пайымдаудың алғашқы формасы – түйсік. Түйсік танымның алғашқы формасы болып табылады. Түйсік процесі тітіркендіргіштер тікелей қатынасқа түскенде пайда болады, оның нәтижесінде адам заттар мен құбылыстардың тек жеке сапасы немесе жеке белгілері, жеке қасиеттері жайлы таным алады. Сонда адам ащы, тәтті, ыссы, салқын, ауыр, салмақты, кедір-бұдырлы, тағы басқа қасиеттерге жіктеуге үйрене бастайды.
Оқу танымдық іс-әрекет – оқушының білім алуға деген белсенді ақыл-ой әрекеті. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру мәселелеріне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір жақтары сонау көне замандардан бастау алатыны жөнінде айта кеткен ләзім. Сократтың өзі-ақ оқыту процесінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді арнайы басқарып отырудың қажеттігі жөнінде айтып кеткен болатын. Кейіннен бұл идеяларды ежелгі Рим философтары өз еңбектерінде жалғастырды. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңыздылығын Я.А. Коменский, И. Г. Песталоцци мен А. Дистервегтің, Н.Г Чернышевскийдің және т.б. еңбектерінде одан әрі дамытылып, тереңдетіледі. Мәселен, А Дистерверг оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру баланың ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді [29, 30, 31, 32].
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңыздылығы жөнінде құнды пікірлерді Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк,
Я. А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Ловуазье, И.Г.Песталлоций, И. Кант және т.б. еңбектерінде көрсеткен [33].
М. Монтень оқу-танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын, оқытушының басшылық рөлі жөнінде былай деген: «Оқушы мұғалімнен алған білімін түгел сүзгіден өткізіп, өз бетінше талдау жасату қажет. Соның нәтижесінде оның білуге құштарлығы дамиды» [29].
Достарыңызбен бөлісу: |