Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі


Сурет 1 – Таным процесі мен оқу процесінің ерекшеліктері мен мәні



бет13/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Сурет 1 – Таным процесі мен оқу процесінің ерекшеліктері мен мәні
Я. А. Коменский: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет»,-деп ерекше атап көрсеткен. Сонымен қатар, танымдық іс-әрекетті белсендіру әдістемесін жасап, оны былай көрсеткен: «Таным бастамасы - сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек. Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын, практикада өз бетінше тұжырым жасауын дамытуды – білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде қарастырамын»,-деп ерекше атап көрсетті [30, 11 б.].

Ж. Ж. Руссо тәрбие мақсатын аша отырып, оқу-танымдық, ізденімпаздық іс-әрекетін белсендірудің маңыздылығын көрсетіп берді [34].

Ж.Ж. Руссо идеясы И. Г. Песталоццидің еңбектерінде өз жалғасын тапты. И. Г. Песталоцци оқыту әдісінің жалпы психологиялық жағын қарастыруды және сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептеді. «Адамның әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті деп, - жазды ол,- бұл оның бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой-өрісінің жемісі». Осы пікірге сүйене отырып, ол алғаш рет баланың оқу-танымдық іс-әрекетіне әсер ететін оқытудың эвристикалық әдістемесін жасайды [34,].

Революционер - демократтар білімді меңгеру мен оқытудың әдістері жөнінен де құнды пікірлер айтты. Олар оқу мен білім алу деген тек қана білім деректерін меңгеру еместігін ескертті. Білім алу - оқу, білу, тану жүйесі мен әдістерін меңгерту. Олар меңгерілетін білімдердің жүйелі түрде бірлікте, тұтастықта болу идеясын, барлық оқу пәндерінің әдіснамасының бірлікте болу идеясын ұсынған. А. И. Герценнің пікірінше, егер ғылымдарды белгілі бір жүйемен және тәртіппен оқытатын болса, қиын немесе көңіл тартпайтын ғылымдар болмайды. Бірақ күрделі ауыр еңбексіз ғылым меңгерілмейді. Оқуда оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіру аса қажетті, олар сабақ үстінде өз бетінше оқуға, өздері сұрай білуге, өз бетінше мәселе талқылай білуге тиіс [35].

А. И. Герценнің дәлелдеуінше, бұрынғы өткен ұрпақтың бүкіл тәжірибесі кітаптарда жинақталған және ол негізінен кітап арқылы таратылады. Герцен жастардың көркем және ғылыми кітаптарды өздігінше оқуына зор мән берген. «Жан-жақты білімділіктің өте зор құралы - өздігінше оқу»-деген [35,].

Н. Г. Чернышевский еңбектерінде де оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің мәні айтылады. Ол: «Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді боламын десе, білімді өз бетімен игере алуы, ізденуі керек»,- деп жазды [33, 11 б.].

Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңызын ашуда К. Д. Ушинскийдің еңбектері көп үлес қосты. «Дүниеде барлық болып жатқан құбылыстарды, заттарды салыстыру арқылы ғана білеміз, егер бізге еш нәрсемен салыстыруға болмайтын, еш нәрседен айыруға болмайтын бір жаңа зат кездессе, біз бұл зат туралы бірде – бір пікір, бір ауыз сөз айта алмаған болар едік», - деп танымдық іс-әрекетті белсендіру қажеттігін көрсетеді [36].

Материалдың көлемін, сипатын және оқыту әдістерін анықтауда оқушылардың ерекшеліктерін, олардың ой-өрісі мен қабілеттерін қатаң еске алуды, материалдың біртіндеп және тізбектеп берілуін әрдайым сақтап отыруды, мазмұндауларда да анықтамаларда да, қорытындылар мен тұжырымдардың анық та дәл айтылуын талап етті. Сондай-ақ шәкірттердің ойлау қабілетін дамытудың және өздігінше білім алу дағдыларын қалыптастырудың маңызды құралы ретінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына зор маңыз берді.

К.Д.Ушинский еңбектерінде ақыл-ой әрекеті оқушылардың оқуға икемділігі, оқуға деген ұмтылысы мен қажетсінуі түрінде көрініс береді. Ол ақыл-ойды қандай бағытта, қандай формада дамыту керектігі туралы қарастыра отырып, өз еңбектерінде оқушының оқу процесінде ақыл-ойын дамыту мен тәрбиелеудегі жағдайларға ерекше мән берді. Ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт - мұғалім мен оқушының оқу процесіндегі еңбегін дұрыс бөлу деп түсіндіреді [36, 13 б.].

К. Д. Ушинский пікірін П. Ф. Каптерев одан әрі дамытып, педагогикалық процесс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл - мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан-оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының білім игерудегі белсенділігі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі мүмкіндіктерін зерттеуді бірінші орынға қойды [37].

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мұндай ішкі мүмкіндіктерді зерттеудің маңызы зор.

Ағартушы - ғалым Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде жалпы халыққа білім беру және көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты - білім беру, оқыту, оқудың танымдық негізін қалыптастыру болды [38].

Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ы. Алтынсарин қазақ мектептерінде оқыту мәселесін жетілдіруде көп үлес қосты. Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің жоғары үлгідегі оқыту әдістерін таба біліп, оқушылармен тіл табыса біліп, дұрыс сөйлей білуінде. «Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегіне үйретуі тиіс»,-деп көрсеткен [39].

Алтынсарин еңбектерінің маңызы қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу, оқу-танымдық іс-әрекет жолдарын табу, белсендірудің тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіру саласында оның еңбектері аса маңызды болып табылады. Алтынсарин мұғалімнің міндеттері туралы нұсқаулары - оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, олардың қалай оқу керектігі - оның өз заманындағы оқыту әдістемесін терең және жан-жақты білгенін көрсетеді. Ол: «Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек», - деп жазды. Ы. Алтынсарин шәкірттің танымдық іс-әрекетінде оқыту әдістері мен тәсілдерінің маңыздылығына ерекше тоқталды: «… оқыту әдістері-балалардың жүре келетін мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол» –деп атап көрсетті. Әсіресе, танымдық іс-әрекетте мұғалімнің басшылық рөліне мән берді: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіруі керек», - деп жазды [39].

Баланың жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта әрекет ету маңыздылығы қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А. Құнанбаевтың да еңбектерінде көрініс тапты. Мысалы, Абайдың «Жетінші қара сөзіндегі» ақыл-ой белсенділігі туралы пікірін айта кетелік: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар-тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?»- деп көз көрген, құлақ естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» [40].

Сонымен қатар, поэтикалық шығармалары да ой-пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы-танымдық іс-әрекетті белсендірудің маңыздылығын ашу мәселесімен терең қабысып жатқандығының айғағы. Ал, бүгінгі таңда ұлы Абай ұрығын сепкен оқу, өнер, білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері егеменді еліміздің рухани қазынасына айналып отыр.

Ағартушы педагог С. Торайғыров халықты, жастарды оқуға дүниетануға, өнеркәсіп үйренуге, мәдениетке жетуге, өнерлі, прогресшіл елдерден үйренуге, үлгі алуға, ілгері өрлеуге, дамыған елдермен теңесуге шақырып, шәкірттердің оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру жөнінде құнды пікірлер айтқан [41].

Халқымыздың көрнекті өкілдерінің бірі Ш. Құдайбердиев,

Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсариндердің ғылым-білім жолына салған арна-дәстүрді әрі қарай жалғастырды. Шәкәрімнің ұсынған жолы - адалдық және ғылымды меңгеру. Берілген білім шәкірттің ойлау белсенділігін, ақыл-парасатын дамыту қажет деген бағдарды ұстанды. Берілетін білім мен оның тәлімдік-тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей бірлікте қарауға ерекше мән берді. Оқытудың әдіс-тәсілдеріне уақыт деңгейі тұрғысынан қарап, білім алудың өнегелі жолын айқын көрсетті. Демек, ұстаздың беретін білімі де тәрбиелік тәлімі де шәкіртінің шамасына үйлеспесе, нәтиже болмайтынын баса айтып: « Оқыту мен үйрету зорлау, күштеу емес, баланың дербес ерекшелігі мен бейіміне қарай жүргізілсе дұрыс болады»,- деп көрсетіп, бар білімнің түп атасы - ақыл деп қорытындылаған [42].

Сонымен қатар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды қазақ педагогтары да оқу-танымдық іс-әрекет туралы аса құнды пікірлер айтқан [43, 44, 45, 46].

А. Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ жерінде білім-ғылымның дамуына ат салысып, ауыл мектебінде бала оқытып, мектеп ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштап тәрбие, оқу-танымдық жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденіп, еңбектер жазды.

А. Байтұрсынов «Қазақ газетінде» (1914 ж), «Мектеп керектері» деген мақаласында : «…Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екіншісі - оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы hәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, hәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі болу керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы…» -деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп берді. Ол: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалім балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек»,-деп оқушының танымдық іс-әрекетінде дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру қажеттігін атап көрсеткен [47].

М. Дулатов Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, оқу-тәрбие, оқу-танымдық іс-әрекет мәселелеріне ғылыми тұрғыдан қараған.

М Дулатов өзінің «Қирағат» атты кітабында (1924 ж): «Балаларды оқыту өз алдына бір ғылым… Мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту… Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды… Баланы оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін ретті hәм толық мағынасымен қалдыруға әрекеттенуі керек»,-деген [48].

Ж. Аймауытов болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеуде, олардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде, оларға білім беру процесінде сол халықтың мінез-құлқымен, тұрмыс- салтын, әдет-ғұрпын еске ала отырып жүргізу қажеттігін айтты [45, 13 б.].

М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітабы қажетті де ғажап дүние, ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды. Ол : «Бала заттарды, көріністерді, ұқсас сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін, жеңілден ауырға көшуді естен шығармауы керек. Көріністердің, олардың аралығындағы байламды hәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже- заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады»,-деп жазды [49].

Жоғарыдағы шолудан айқын көріп отырғандай, ұлы педагогтардың еңбектерінде баланың түсінуіне, ұғуына жеңіл етіп шебер түсіндіру, қызықтыра білу, оқыту арқылы оқуға, білім алуға қызықтыруды, оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыруды, білімдерін үздіксіз жетілдіруді қажетсінуін дамыту мен оқу-танымдық іс-әрекетте белсенділігін қалыптастыру қажеттілігіне нақтылы тоқталады.

Ресейде кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы көптеген ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері еңбектерінде оқыту үрдісіндегі оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді дамыту мәселелері көтерілді (А. В. Луначарский, М. И. Калинин, Н. К. Крупская, П. П. Блонский және т.б.) [50, 29, 11 б.].

Алайда, оқу-әдістемелік және психология-педагогикалық әдебиеттерге жүргізілген талдаулар бұқаралық мектепте 50-жылдарға дейін догматизм үлесі басым болған көрнекі құралдармен түсіндіріліп оқытылғандығын көрсетеді. 50-жылдардан бастап, ғылыми-техникалық жандану, мектеп пен өмірдің байланысуы сияқты факторлардың ықпалымен дидакттар мен әдіскерлердің танымдық іс-әрекет теориясына деген ықыласы қайтадан күшейе түседі.

Соңғы кезеңде бұл мәселе жөнінде Г. И. Шамова, Е. Б. Ястребова, М. И. Махмутов, И. Я. Лернер, Г. Н. Кулагина, Б. П. Есипов, Г. И. Щукина, Н. А. Половникова, Т. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, С. Смайлов, Р. С. Омарова, т.б. зерттеулер жүргізді [50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61].

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді оқу процесіндегі маңызды педагогикалық шарттары ретінде қарастырады. Сонымен қатар, оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ұғымының мазмұндарына авторлар әр түрлі түсініктеме берген.

Б. П. Есипов оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңызын аша отырып, белсенділікке мынадай анықтама берген: «Белсенділік- шәкірт ақыл-ойының, ізденімпаздығының белгілі бір дәрежесін көрсетеді»,- дейді [55]. Ал И. Я. Лернер: «Белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың»-дейді, сөйтіп, оқу-танымдық іс-әрекеттегі белсенділікті ізденімпаздық шартына жатқызады. Ал кейбір авторлар оқу-танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде санайды, бірақ «жеке тұлғаның ерекше қасиеті» ұғымының мазмұнын ашып көрсетпейді [62].

Өзінің еңбегінде бұл көзқарастарға талдау жасай отыра, Т. И. Шамова екі ұғымды бір - бірінен бөліп - жарып қарауға болмайтындығын атап көрсетеді. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге төмендегідей түсінік беріп: «Біз оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру шәкірттің ақыл-ой және дене қуатын жай ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тұлға әрекетінің сапасы ретінде қарастырамыз, бұл сапа шәкірттің әрекет мазмұны мен процесіне көзқарасында, оның білімді және іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы қысқа мерзімде тиімді игеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-жігерін оқу- танымдық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады»,-деп атап көрсетеді [50].

Н. А. Половникова: «Оқу-танымдық іс-әрекеттің мәні - мектеп оқушысының білімді игеруде өз күшімен талаптануы»,-дейді [57].

М. И. Махмутов: «Оқу-танымдық іс-әрекет-шәкірттің ақыл-ой белсенділігі және оның өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін әрекеті»,-деп қарастырған [52].

Оқу іс-әрекеті-мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті (2-сурет). Баланың жалпы психикалық дамуы – мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуы - на тығыз байланысты. Баланың оқу қабілеті оқу процесінде ерекше дамиды. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар. Оқушының ақыл-ой қабілетін қалыптастыру үшін білім мен ойлаудың өзара әсері өзара байланыс ерекшеліктерін білген жөн. Білім мен ойлау ақыл-ой тәрбиесінің негізгі шарты мен құралдары деуге болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет