Білім және ғылым



бет91/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

V

/ V 1/ 2
ерігіштік параметрі деп аталады. Сонда:

H /V   ( -  )2
ap 1 2 1 2

яғни, ерігіштік параметрлері айырымның квадраты араласу жылуы- ның мәнін береді. Демек, араласу үшін ерігіштік параметрлерінің айырымы 1 - δ2) және араласу жылуының мәні ең төмен болуы керек. Егер δ12=0 (яғни δ12) болса, онда ∆H = 0, мұнда араласу үдерісі тек энтропиялық фактормен анықталады. Егер δ1 және δ2 мәндері бір-бірінен өте алшақ жатса, еру үдерісі жүрмейді.


Сұйықтар үшін дәлелденген осы теорияны полимерлер еруіне
де қолдануға болады және негізгі теңдеу мынадай қарапайым күйге көшеді:
n e 2 ne ,
мұндағы «n» және «е» индекстері полимер мен еріткішке қатыстары барын көрсетеді. Бұл теңдеулердегі δ шамалары бір-біріне жақын болса, полимер еріткіштерде ериді, ал δn және δе бір-бірінен алшақ жатса, еру болмайды. 6.1-кестеде полимерлер мен еріткіштердің ерігіштік параметрлері келтірілген. Алайда бұл теорияны кристалдық полимерлерге, өте полюсті және сутектік байланыс түзетін еріткіштерге қолдануға болмайды.
Еріткіштік параметрі полимерлер үшін еріткіштер таңдауда, әсіресе лак бояу өнеркәсібінде, пластификаторларды және полимер- лер қоспасын дайындауда қажет болады.
Соңғы кезде еріткіштік параметрінің ауқымы кеңіді. Хонсонның тұжырымы бойынша молекулааралық байланыстардың барлығы да еріткіштік параметрінің мәніне мына өрнекпен әсер етеді:

δ =


мұнда δd, δh, δi – дисперстік күштердің, сутектік байланыстардың және индукциялық эффектінің үлестері.


6.1- кесте. Кейбір төмен молекулалық еріткіштер мен полимерлер- дің ерігіштік параметрлері


Сұйықтық

·10-3, (Дж/м3)0,5

Полимер

·10-3, (Дж/м3)0,5

н-Гексан

14,6

Политетрафторэтилен

12,5

Диэтил эфирі

14,8

Полидиметилсилоксан

14,6

н-Октан

15,1

Полиизобутилен

15,8

н-Пропилбензол

17,3

Полиэтилен

15,9

Этилацетет

18,2

Полиизопрен

16,3

Бензол

18,3

Полибутилметакрилат

17,6

Хлороформ

18,6

Полистирол

18,2

Дихлорэтан

19,6

Полиметилметакрилат

18,6

Тетрагидрофуран

19,8

Поливинилацетат

18,8

Нитробензол

20,0

Поливинилхлорид

19,1

Ацетон

20,2

Полиэтилентерефталат

20,2

Диметилформамид

24,2

Эпоксид шайыры

21,8

Этанол

25,4

Полиоксиметилен

22,0

Метанол

29,0

Полигексаметиленадипамид

27,2

Су

46,4

Полиакрилонитрил

30,8

Әртүрлі факторлардың полимердің еру термодинамикасына әсері
Ерудің термодинамикалық параметрлері макромолекуланың химиялық құрылымы, текшелену тығыздығы, тізбектің иілгіштігі жә- не полимердің фазалық күйі мен молекулалық массасына тәуелді.
Полимер мен төмен молекулалық сұйықтың табиғаты. Еру мен ісінуге полимер мен төмен молекулалық сұйықтың табиғатын
қарастырғанда, бірінші кезекте олардың полюстілігін салыстыру керек, егер компоненттердің полюстілігі бір-біріне жақын болса, еру мен ісіну жүреді, себебі бір және әртекті молекулалардың әрекеттесу энергиялары шамамен бірдей болады. Керісінше, полимер макромолекуласының тізбегімен сұйықтың полюстілігі едәуір алшақ жатса, онда ісіну мен еру болмайды. Сондықтан еріткіштерді таңдаған кезде мынадай ережені ескеру қажет: химиялық табиғаты бір-біріне жақын болса полимер еріткіштерде жақсы ериді; егер полимерде полюсті және полюссіз топтар қатар болса, ондай полимерлер полюсті және полюссіз полимерлер қоспасында жақсы ериді, ал жеке еріткіштерде ерімейді.
Фазалық күйі. Полимердің фазалық күйі еруге едәуір әсер етеді. Кристалдық полимерлерге молекулааралық байланыс аморфты полимерлермен салыстырғанда үлкен болғандықтан, еру нашар жүреді. Сонымен қатар, кристалдық торды ыдыратуға жұмсалатын энергияның шамасы балқу жылуына тең. Демек, еру үдерісінде энтальпияның өзгеруі екі қосындыдан тұрады: балқу жылуы және араласу энтальпиясы. Еру кезінде энтропияның өзгеруі де осыған ұқсас. Сондықтан, кристалдық полимерлердің ерігіштігі балқу температурасына жақын маңында кристалдық полимерлердің ерігіштігі балқу температурасына жақын маңында Гиббс энергиясы- ның теңдеуімен былай өрнектеледі:
G ар  б Т Sap  Sб , (6.8) мұндағы «б» − балқу дегенді көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет