«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал. Куәлік № kz37vpy00015077



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата04.05.2023
өлшемі1,4 Mb.
#89873
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
2021-33

«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Топтық жұмыстар тиімді әрі көңілден шығу үшін жақсы ұйымдастыру 
қажет. Ол үшін:

Топтардың құрамын жиі өзгертіңіз, әрбір оқушы қалған барлық 
оқушылармен жұмыс жасай алатын болсын. Оқушылар тек өз достармен ғана 
жұмыс жасамауы керек. Ұлдар мен қыздардан немесе ұлты әр түрлі балалардан 
құралған аралас топтың жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді. Топтың құрамын әр 
түрлі етіп өзгертуге болады.

Әрбір топ мүшелері өз ролін толық түсінгенін біліңіз. Мысалы: 1 нөмірлі 
сен хатшысың, 2 нөмірлі сен реттейсің деген сияқты т.б.

Оқушылар басқалардың да өз пікірін айту құқығын сыйлауы керек.

Оқушылардың барлығының жұмыс жасауына назар аударыңыз.

Жұмысын ерте бітірген оқушыларға жеке тағы да тапсырма беріңіз.

Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірін қорқытуы мүмкін. 
Мысалға сен мені қошта, болмаса маған 5 қой деген сияқты. Сондай бұзақылық 
жағдай болмау үшін бұзық оқушыларыңызға төреші, хатшы, реттеуші боласың 
деу керек.

Топпен жұмыс жүргізгенде жұмыс шуы болады. Ол үшін жұмыс жасау 
барысындағы шу мен күнделікті болатын шуды айыра білуіңіз керек.

Мұғалім – бақылаушы қызметін атқарады.

Оқушылардың мәселелерді толық талқылап жатқанын бақылау.

Топқа бөліп жұмыс жасату ойын емес, бұл проблеманы, мәселені 
шешудің бірден – бір жолы екенін оқушыларды топқа бөлерде ескертіп өту 
қажет.

Топтық жұмысты жариялау кезінде тақтаға шығып сөйлеу қажет. Себебі, 
барлық оқушының назары сол баяндамашыда болады.

Топпен жұмысты барлық сыныпта қолданғаннан гөрі бір сыныпта 
жүргізіп, балаларды жаттықтырып алған жөн. 1. Топтың көлемі. Ресми топ 
салыстырмалы түрде үлкен болмау керек деген пікір бар. Кит Девис топтағы 
адамдар саны бесеу болу керек деп есептейді. Ральф Дэвис бойынша тамаша 
топ 3-9 адам.3. Топтық нормалар. Топ басшылары топтың өзге мүшелеріне 
қарағанда өздерін басқаша сезінеді. Оларда топтық қызығушылықты 
бағындыратын топтық рух басым болады.

4. Топтық сананы құру амалдары:

2. Топтың құралы. Құрылу кезінде топта ұқсамайтын тұлғалар болу 
керек, бұл үлкен тиімділікке әкелуі мүмкін. Көптеген көзқарастар және 
қабылдаулардың көмегі өз жемісін береді.

Топтардың тиімділігіне ықпал ететін факторлар:

мақсатқа сенімділік;

мүшелердің бір-біріне сенімділігі;

жетекшіліктің оңтайлы стилі;
25


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

басқаруға қатысу.Топтық уақыт өткізудің мәні мен жалпыға ортақтығын 
Д.Картрайттың және А.Зандердің мына сөздері дәлелдейді: “егер … болжамдық 
марстық адам Жерді бір қарап шықса, ол, мүмкін, жер адамдарының бір нәрсені 
топта жасап, өз уақытының сонша бөлігін бірге өткізетініне таң қалатын 
шығар?”Топтық жұмыс формалары оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін 
дамытуға, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға, тұлғаның 
қиындықтарға даяр болу және оларды жеңе білу, танымдық, сыйласу, 
шығармашылық өзін-өзі өзектілендіруге ықпал етуде алатын орны ерекше.

Г.А. Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау кезінде, топтық 
оқу іс-әрекетіндегі келесі мәселерді көрсетеді:

Бүгінгі таңда топтық жұмыс оқыту үдерісінің тиімді тәсілдерінің бірі деп 
есептеледі. Ол сабақта табиғи тілдік қатынас жағдайын құруға әсер етеді, 
оқушыларды оқу үдерісіне белсенді қатысуға еріксіз тартады, ынталандырады, 
оқып-үйренуге деген қызығушылығын тудырады. Сондай-ақ, топтық жұмыс 
оқушылардың өздерін сенімділікке тәрбиелейді, өзін-өзі ортада ұстай білуге, 
бірін-бірі тыңдауға, сыни ойлануға, пікірлердің сан алуан болатындығын 
жақсырақ түсінуге үйренеді, өз пікірін айтуға құқығының бар екенін сезінеді.

Сынып-сабақ жүйесінің жалпыдан жеке және топтық формаға өтуі мода 
емес, бұл заман талабы.
2.
балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі 
өседі;
3.
оқушылар арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді;
4.
оқушылар маңызды әлеуметтік дағдыларға ие болады: әдеп, 
жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырып, өз мінез-құлқын 
қалыптастыру іскерлігі,
5.
қарым-қатынастың гуманистік түрткілері;
6.
мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың 
дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда 
дараландыру мүмкіндігін алады. 
7.
8.
Қазіргі заманғы оқыту мектептен, яғни мұғалімнен оқушылардың 
психикалық және физикалық денсаулығын қорғауды талап етіп отырғандықтан, 
іс-әрекетті ұйымдастырудың топтық формасы тәжірибесі өзекті әрі болашақта 
дамушы болып есептеледі. Олардың бастамашылдығын, дербестігін қолдау, 
баланың мектепке келуіне байланысты бірлесіп, серіктесіп жұмыс істеу, 
басқалармен тығыз қарым – қатынаста болу дағдысын қалыптастыру, өзіндік 
таңдауға үйрету қажет.
26


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет