«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал. Куәлік № kz37vpy00015077



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата04.05.2023
өлшемі1,4 Mb.
#89873
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
2021-33

Келісімділік қағидасы: Оқыту мазмұнына, мақсаттары мен кезеңдеріне, 
пайдаланушылардың жастық ерекшеліктеріне, сондай-ақ қолданылатын оқыту 
әдістемесіне байланысты пайдалану жағдайларын нақты анықтауды ұйғарады. 
Қажеттілік қағидасы: Егер қандай да бір параметр бойынша оқу 
процесінің тиімділігін арттыруға, атап айтқанда: материалды меңгеру 
жылдамдығын жеделдетуге, сөйлеу қызметін белсендіруге, көбірек ұтымды 
тәсілмен оқу мақсатына жетуге, оқытушының немесе оқушының жұмысын 
жеңілдетуге, оқу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. 
Ақпараттылық қағидасы: ДК пайдаланушыға аса қысқа уақыт ішінде 
көп ақпарат алуға мүмкіндік беретіндіктен, оқу процесін анықтамалық – 
ақпараттық қамтамасыз ету құралы ретінде компьютердің артықшылықтарын 
ашады. Оның үстіне, компьютер шет тілін оқытудың ақпараттық – сөйлеу 
сипатына бәрінен көбірек сәйкес келеді. 
Сенімділік қағидасы: Оқыту үшін әрбір компьютерлік бағдарламасын 
тәжірибелік тексеруді жүргізу қажеттілігіне, сондай-ақ дидактиканы 
қолданумен сабаққа ұйымдастырушылық дайындық кезеңінің барын көрсетеді 
Компьютер шет тілдері оқытушыларына бірнеше көмек көрсете алады.
Жаңа жағдайларда оқытушы дәстүрлі оқу құралдарын ғана емес, сонымен 
қатар ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалануға тиіс. 
Бүкіләлемдік желі, электрондық білім беру ресурстары өз оқушыларының
сондай-ақ өзінің білімін кеңейткісі келетін оқытушы- пән мұғалімі үшін жақсы 
көмекші бола алады. 
28


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оқытушы компьютер үйренушілердің өз бетімен жұмысын 
ұйымдастыратын және әсіресе тілдік және сөйлеу материалымен жаттықтыру 
жұмысы процесінде оны басқаратын құрал болып табылады. 
Бұл қолданылатын жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер сипатын 
анықтайды. Келесілер көбірек жиі қолданылады:
1. Сұрақ- жауаптық диалог. Үйренушінің жұмыс мәні негіз бен сұлба 
ретінде сұрақта жазылған тілдік материалды пайдаланып, компьютерлдік 
сұрақтарына тура жауаптар беруден тұрады.
2. Ішінара жауаппен диалог. Компьютерге жауап беру үшін үйренуші 
болжанылатын нұсқалар қатарынан біреуін таңдайды.
3. Еркін құрастырылатын жауаппен диалог. Мұндай диалогты компьютер 
жауаптың дұрыстығын «танып», бағалай білуі үшін оның қойған әрбір 
сұрағына жауаптарлы барлық мүмкін нұсқаларымен бағдарлама қамтамасыз 
етеді.
4. Бос орындарды толтыруға жаттығулар. Компьютер үйренушіге бос 
орындармен мәтінді немесе ұсыныстар жинағын ұсынады. Шет тіліне аударып, 
қажетті түрде қолдану қажет орыс сөздері түріндегі сыбыр сөзді пайдаланып 
бос орындарды толтыру қажет. Сондай-ақ компьютер ұсынғандардың ішінен 
таңдап, бос орындарды сөздермен немесе сөз тіркестерімен толтыруға болады.
5.
Сөздікті білуін өзі бақылауға арналған жаттығулар.
Мұндай жаттығулардың нұсқалары мүмкін:
а) Компьютер аудару үшін сөздер тізімін ұсынады;
б) Компьютер сөздердің екі тізімінің арақатынасын белгілеп (орыс және шетел), 
екі тілде бұл сөздердің балама жұптарын табуды ұсынады;
в) Компьютер шетелдік сөздердің екі тізімінің арақатынасын белгілеп, 
синонимдер мен антонимдер жұбын анықтауды ұсынады;
г) Компьютер шет сөздерінің тізімін және бұл сөздердің дефинация тізімін 
ұсынады.
6.
Компьютерлік бағдарламалар (компьютерлік оқытудың шетелдік
тәжірибесінен):
1. Уордсток (сөздікпен жұмыс істеуге арналған бағдарлама)
2. Мэтчмастер (сәйкестіктерді таңдауға бағдарлама)
3. Чойсмастер (нұсқаларды таңдауға бағдарлама)
4. Клоузмастер (бос орындарды таңдауға бағдарлама)
5. Кроссвордмастер (кроссвордты толтыруға шебер)
6. Юнисаб (қоюға бағдарламашы)
7. Юнилекс (мәтінге сөздікпен жұмыс жасауға арналған бағдарлама).
8. Гэпмастер (бос орындарды толтыруға бағдарлама)
9. Пинпойнт (сезуге бағдарлама)
10. Спидрид (жылдамдықпен оқуға бағдарлама)
29


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
11. Сториборд (мәтінмен жұмысқа бағдарлама)
12. Тестмастер (сұрақ- жауапты түрде тестілеуге бағдарлама)
Компьютерге сондай-ақ оқушылардың әр түрлі контингенті үшін 
грамматика (ереже, қандай да бір өзге грамматикалық түрлердің қолданылу 
кестесі, етістіктердің жіктелуі және басқаруылуы және т.б.) және лексика 
(берілген сөзлің негізгі сөз тіркестерін, оның синонимдері мен антонимдерін 
көрсетумен) бойынша анықтамалық материалды, оқу және айту ережесін, 
лигвоелтану және тарихи ақпаратты және т.б. енгізуге болады. 
Қажетті анықтамалық материалды іздеу үшін компьютерді пайдалану 
оқушыларды сәйкес сөздікті немесе анықтамалықты іздеуден құтқарады, бұл 
уақытты көп ұтуға мүмкіндік береді. 
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа 
технологиялар арқылы оқыту ісі күннен – күнге өзекті болып келеді. 
Тілді ақпараттық – коммуникативтік, компьютерлік технология арқылы 
оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі 
ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. 
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет