«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал. Куәлік № kz37vpy00015077



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата04.05.2023
өлшемі1,4 Mb.
#89873
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
2021-33

20.04.2021 жыл. № R00034
Шетел тілін оқытуда компьютерлік технологияны қолдану
АЛКУВАТОВА КАЛИМА АМИРБЕКОВНА 
Алматы қаласы,Наурызбай ауданы. 
«Рахым Сарсенбин атындағы № 192 ЖБББ» КММ 
Ағылшын пәні мұғалімі
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында 
дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм
электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық 
суреттер және тағы басқалардың көмегімен шетел тілінде монолог және диалог 
түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен 
айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу 
қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының 
бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана 
отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. 
Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану 
сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық 
суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы 
көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының 
арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне 
бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. 
Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының 
ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.
ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. 
Компьютер – адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. 
Дүниежүзілік қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді 
ақпараттандыру процессі дамытылуда. 
Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және 
мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-технологиялық 
дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты. 
Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде 
білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. 
Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне 
жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.
Оқытудағы аса жаңа ақпараттық технологиялар алдыңғы қатарлы 
университеттер мен институттардың ғылыми және білім беру потенциалын 
белсендірек пайдалануға қашықтан оқыту курстарын құруға ең үздік 
оқытушыларды тартуға, үйренушілер аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік 
27


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
береді. Компьютерлік оқыту саласындағы жинақталған бай тәжірибеге 
қарамастан, көптеген шет тіл оқытушылары компьютерлік оқыту құралдарын 
пайдалану мүмкіндігіне сақтықпен қарайды.
Оқытудың басқа құралдарымен салыстырғанда дидактикалық 
артықшылықтары болып табылады: полифункционалдылық, интерактивтілік, 
диалогтық өзара әрекеттестік, жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарының 
мүмкін режимдерінің алуандығы. 
Оқыту құралы ретінде компьютер барлық артықшылықтарлы іске асыруға 
қабілетті. Сонымен бірге оқыту процесінде компьютерді пайдалану техникалық 
құрылғыларға қойылатын талаптармен реттелген, және белгілі бір қағидаларға 
сәйкес келуге тиіс. 
Компьютерлік лингводидактикада пайдаланудың келесі қағидалары 
релевантты болып табылады:
·келісімділік;
·қажеттілік;
·ақпараттылық;
·сенімділік; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет