«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал. Куәлік № kz37vpy00015077



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата04.05.2023
өлшемі1,4 Mb.
#89873
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
20.04.2021 жыл. № R00035
Орыс сыныптарына қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері
ДАУТХАНОВА ГУЛНУР ДАУТХАНКЫЗЫ 
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы. 
«Рахым Сарсенбин атындағы № 192 ЖБББ» КММ
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі 
оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. 
Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын 
қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. 
Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты 
– оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым- қатынас біліктілігін 
қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл 
орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің 
бастамасы.
Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. 
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік 
стандартқа сай жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, ел Президенті атап 
30


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
көрсеткендей, электронды оқыту әдіс-тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа 
білім берудің бірден- бір шарты.
Оқыту технологиясы – оқу ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс-тәсілдерінің 
жиынтығы, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және 
ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. 
Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу 
керек. Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін үйретудің 
жаңаша жолдарын талап етеді. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік 
тілде еркін қарым-қатынас жасауы керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас 
жасау, яғни коммуникацияға түсуді үйрету қажет. 
Ф. Ш. Оразбаева өзінің «Тілдік коммуникация негіздері» атты еңбегінде: 
«Коммуникация – қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты 
мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу 
ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар 
арасындағы қарым - қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді»,- деп атап өтті.
Ал осы коммуникацияны жүзеге асыру үшін қатысымдық тұлғаларды игерген 
жөн. «Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, 
белгілі бір орта мен араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды 
хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік 
тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні бар бірліктер».
«Шет тілдерді игерудің жалпы еуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға» 
стандартында бұл «қатысымдық тұлғалар» - тілдік дағдылар деп аталған. 
Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының 
сөйлеу әрекетін қалыптастырады.
Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі 
дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді 
шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз.
Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын 
қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан 
көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. 
Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, 
өзіне қажетті мәліметті ала алады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл мәселенің ішінен 
басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса 
болмайды. 
Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан-жақты қарастырылып 
отырған мәселе – орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту мәселесі. 
Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу 
объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша 
сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
31




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет