«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу үдерісіне қарағанда, топтық жұмыс
арқылы оқыту үдерісінде
оқушылар көп мағлұмат алады, ойын үдерісінде
жағымды эмоциялар алып, белсенділігі артады, сөздік қоры дамиды жеке
тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылады.
Дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыс – командада шығармашылықпен
ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұрын әркім өз бетінше ізденіп жұмыстанып, белсенді балалар нәтижеге
жетіп отырса, көмекке зәру бала өз ойының дұрыс бұрыстығына көз жеткізе
алмай білмеген күйде қалып отырды.
Топта оқушылар өз даралығын
жоғалтпайды, қажетті жағдайда олар бір-бірінен көмек сұрап, ортақ міндеттерді
шешеді.
Топтық жұмыс барысында топтасып постер дайындау, бірлесіп
тапсырмаларды орындау, ресурстарды талдау жұмыстары барысында бір–
бірімен ой бөліседі, өзінің білмегенін талқылау
барысында тыңдау арқылы
біледі, естігеніне қорытынды жасап, жүйелі талқылауға қатысады, бағалап,
талдап, өз пікірлерін білдіре алады және бәрі бір тоқтамға келіп,
берілген
мәселені бірлесе отырып шешіп, оны қорғауға өз үлестерін қосады, тұжырым
шығарады.
Топтық жұмыс формалары оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін,
танымдық процестерді дамытуға, оқуға жағымды қызығушылық
қалыптастыруға, тұлғаның қиындықтарға даяр болу және жеңе білу, танымдық,
сыйласу, шығармашылық өзін-өзі өзектілендіруге ықпал етуде алатын орны
ерекше.
Топ – қазіргі адамның қоғамдық өмірін
ұйымдастырудың басты тәсілі,
оның ажырамас қасиеті болып табылады.
Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу
ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады
Топтық жұмыс дәстүрлі сынып-сабақ жүйесіне қарағанда оқушылардың
бір-бірімен байланысын құруға мүмкіндік береді. Олар жеке жұмысқа
қарағанда топтық жұмыста тапсырмаларды жақсы орындайды және сабақтағы
психологиялық микроклимат жақсарады.
Топтық жұмыстың педагогикалық құндылығы –
оның жалпы бала
тұлғасын қалыптастыруға, оның ақыл-ой қабілеттерін дамытуға жағымды әсер
етуінде.
Қазіргі мектепте топтық жұмыстарды ұйымдастыруды оқу үдерісін
жандандыру және жылдамдату үшін пайдаланады.
Ғалым Шаталов топта жұмыс істеудің “сабақта қияр тұздау” сияқты әдісін
ұсынады, яғни тұзды суға түскен қиярдың тұздалатыны секілді топтық
жұмысқа қатысу арқылы білмегеніңді үйрену. Топта жұмыс істеу механизмін
іске дұрыс қосқанда, оқушының білмегенін білуге ұмтылысы нәтижелі болады.
24