«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал. Куәлік № kz37vpy00015077



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата04.05.2023
өлшемі1,4 Mb.
#89873
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
2021-33

«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ше?
— Мен жексенбі күні Іле тауларына шаңғы тебуге барамын.
Тілді топтық форма арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды 
қатысымдық әдістің қағидаларына бейімдеудің нәтижесінде жүреді. Топтық 
қалып бойынша бір адам кем дегенде екі не одан да көп адамдармен бірден 
қарым- қатынасқа түседі. Яғни сөйлесуші ойын, пікірін, атқаратын жұмыстың 
мақсатын бірнеше адамдарға қатар жеткізеді. Бұл қалып бойынша жұмыс 
сұхбат түрінде де, монолог түрінде де іске асуы мүмкін.
4- сыныпта «Қазақстан қалалары» тақырыбын алайық. Нәтиже сабағында 
сыныпты топқа бөліп, бірінші топқа: «Теледидар бойынша ауа райын болжау», 
екінші топқа «Аялдамада ауа райы туралы сөйлесу», үшінші топқа «Кеше 
экскурсияға бардық. Ауа райы туралы әңгімелеу», төртінші топқа «Телефонмен 
сөйлесу».
Бір қызығы осы топтық жұмыс барысында бірінші топ оқушыларының 
жауабына бүкіл сынып араласып, соңы ұжымдық қалыпқа ауысты. Себебі, 
оқушылардың назарын аудару үшін (тыңдап отырған) ситуациялық жағдаят 
тудырдым: Мынау тікелей эфир. Сендер әр қалада тұрасыңдар. Өздерің тұрған 
қаладағы ауа райын сұрауларыңа болады – деп едім, «Дикторлар» сөйлеп 
болысымен: «Кешіріңіз, Таразда ауа райы қандай болады?», «Өскеменде ауа 
райы қандай болады?» — деп әр жерден сұрақ қойып оқушылар сөйлесіп кетті.
Жалпы ұжымдық қалып жұптық және топтық қалыптарда өзара біріктіреді 
деген Ф.Оразбаеваның пікірінің дұрыстығын осы сабақта өте айқын көріп, 
ұқтым. Осындай сөйлесулерде оқушылардың өз Отанына, қаласына, көшесіне 
деген сүйіспеншіліктері, мақтаныштары дауыс ырғағынан-ақ байқалып, 
қуантады. Әрине, мұндай нәтижеге алдыңғы сабақтарды тиімді, тартымды 
өткізудің арқасында ғана жетуге болады.
Жазғы, күзгі, көктемгі каникулға әр тақырыпқа байланысты тапсырмалар 
беру тәжірибемізге енген. Бұл тапсырмалар оқушының оқыған-тоқығанын 
ұмытпауға жақсы ықпал етеді және тапсырманы шығармашылықпен, асықпай 
сапалы орындауына көп пайдасы бар. 
Тақырыптың өзектілігі негізгі бір сабақта орындалуы мүмкін, керісінше 
бірнеше сабақта, тіптен сабақтар жүйесіне, практикалық түрге де созылуы 
мүмкін. Мысалы, жазғы тапсырмалар: «Менің ең қызықты бір күнім», «Жазғы 
демалысым», «Менің қалам көктемде», «Жаздағы Алматының көшелері» атты 
тақырыптарда осы жүйелілікті байқауға болады. 
Оқушылар қай жерде демалғандарын айта келе Алматының табиғаты
демалатын орындарын сипатта жазып, фотосуретке түсіріп алып келеді.
Бұл да сабаққа қызығушылығын арттыруға, жауапкершілік сезімдерін 
дамытуға үлкен үлесін қосады. Сонымен бірге өз туған жеріне деген мақтаныш, 
махаббат сезімдерін одан әрі дамытады. 
34


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тілді үйретудің басты түйіні, кілті – қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын 
жеткізе білу. Ол әрбір сабақта осы қарастырылып отырған аймақты 
компонентті тақырыбына тілдесе білуден басталып кез келген ортада 
пікірлесуге дейін жетеді. Сондықтан оқытудағы әр түрлі жұмыстар орталық 
өзектен пайда болып келіп, басты түйінге айналып соғып отыруы керек.
Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен салаларды тізбектеп оқыта берумен 
емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұрыптап ала білумен, 
сөйлеу материалын танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде 
тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді.
Жұмыс барысында нәтижеге қатысымдық әдіспен қатар, басқа да 
инновациялық технологиялардың элементтерін қолданамын, солардың жақсы 
нәтижесін оқушыларымның жетістіктерінен көріп келемін. 
Біріншіден, оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни 
айтылым дағдылары жоғары. 
Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап, топтап 
жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылардың берілген тақырыпқа, соның ішінде 
бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап 
беру дағдылары даму үстінде.
Үшіншіден оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсуде. 
Берілген тапсырмаларды қосымша шығармашылықпен орындап келген 
шәкірттерімді көргенде әрине қуанышым шексіз, сонымен қатар, сабағымның 
қызықты, тартымды өтуіне мұғалім ретінде барлық күшімді жұмсаймын.
Төртіншіден, шәкіртім Месхидзе Фериденің, Тазабекова Диьбардың, Пущак 
Светлананың, Таштемирова Самираның жүлделі екінші, үшінші орындардан 
көрінуі аталған жұмыстардың кішкене болса да нәтижесі деп түсінемін. 
Әрине мұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі жалғастыру басты міндетім. 
Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып пайдалана білу, сабақ барысында 
үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек екендігін қазіргі таңда әр 
оқытушы түсінеді.
Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен: «Жақсы мұғалім деген 
атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана 
жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда 
өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек»
35


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет