Бисембаева жанат кумаровна


Сөйлеу жұмысын жоспарлау мен жоспарлауға дайындық алгоритмі



бет44/45
Дата12.06.2023
өлшемі1,67 Mb.
#100710
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Бисембаева-Ж.К.-Мектеп-жасына-дейінгі-балалардың-тілін-дамыту-әдістемесі

Сөйлеу жұмысын жоспарлау мен жоспарлауға дайындық алгоритмі
Сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс істеу үшін нақты міндеттердің тізбесін алу үшін бағдарламалық есептерді талдау (нақтылау, ұсақ – түйекке бөлу) – бағдарламалық есептерді үлестірудің перспективалық торын құру.
Кесте 78 Бағдарламалық міндеттерді үлестірудің перспективалық торының нысаны

Міндеттер

қазан

қараша

желтоқсан


1

2

3

4

1

2

3

4

1

2

3

4

1

1. Сөйлеу түсінігін дамыту

+


+











2. Сұрақтарға жауап беруге үйрету


+


+










3. Тақырып бойынша сөздік қорын байыту және активизациялау:
а) ойыншықтар,
б) киім және т. б.

а


б











4.

+


+











5.














Әдістемелік қамтамасыз етуді жүйелеу (әр міндет бойынша әдістемелік тәсілдерді таңдау), анықтамалық кесте немесе картотека құру.
Кесте 79 Жоспарлау үшін анықтамалық кесте нысаны

Міндет

Әдіс

Беті көрсетілген дерек көзі





  1. Перспективалы тордың негізінде жоспарлау принциптері мен шарттарына сәйкес міндеттерді ай сайын бөлу жүзеге асырылады (78 кестені қараңыз.).

  2. Күнтізбелік жоспарлау:

  • сабақтар мен бірлескен қызмет үшін міндеттер бөлу;

  • картотекадан немесе кестеден формаларды, құралдар мен әдістерді таңдау.

1 Кесте бір жылға жасалады, есептер бір ай алға бөлінеді.
Кесте 80 Тәрбиешінің сөйлеуді дамыту бойынша балалармен бірлескен іс-әрекет түрлерін жоспарлау

Режимдік сәттер

Осы режимдік сәтке арналған орынды нысандар


- ұжымдық және жеке сөйлесулер

- оқыған өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды қайталау

Таң

- сөйлеу тыныс алуын дамыту үшін ойындар мен жаттығулар,

- артикуляциялық гимнастика

- ЖДО дамыту және белсендіру бойынша дидактикалық ойындар

варя, дыбыстық мәдениет, грамматика және байланыстырылған сөйлеу

- балалармен жеке жұмыс

- тәрбиешінің әңгімелері

- әңгімелесу элементтерімен қоршаған ортадағы бақылау

Серуен

- жеке сөйлесулер

- дидактикалық ойындар

- мәтінмен қозғалмалы ойындар

- тіл дамыту бойынша жеке жұмыс

- ойын-сауық

Кеш

- әдеби шығармаларды оқу

- кітап бұрышында жұмыс

Кесте 81
Сөйлеуді дамыту бойынша сабақтарды күнтізбелік жоспарда жазу

Жазу компоненттері

Сабақты жоспарда жазу мысалы

Сабақ түрі

Тіл дамыту бойынша тапсырмалар

Тақырыбы (негізгі әдіс көрсетіледі)

Тақырыбы: «Қоянның шытырман оқиғалары» тақырыбында ертегілер шығармасы

Бағдарламалық мазмұн:
1.Оқыту міндеттері (Білім, білік, дағды мазмұны).
2.Дамытушылық есептер (танымдық процестерді дамыту: ойлау, қабылдау және т.б.).
3.Тәрбие міндеттері)

Бағдарламалық мазмұны: балаларға ұсынылған жоспар бойынша ертегілер ойлап табуды үйретуді жалғастыру; «қоян» сөзіне анықтамалар мен әрекеттерді таңдауда балаларды жаттықтыру; «л» дыбысын қамтитын сөздер мен сөз тіркестерін нақты айтуға қол жеткізу.
Балалардың шығармашылық қиялын дамыту. Достарының әңгімелеріне деген мейірімділікке тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:
балалардың қайсысы, осы сабақта қандай
жұмыс қарастырылатыны
көрсетіледі

Жеке жұмыс: еркін зейіннің белсенділігін арттыру үшін С.Арманға шығарманы тексерту; сөздік жаттығуларға Н.Айманды және Айзатты тарту.

Материал:
қолданылатындардың барлығы көрсетіледі

Материал: қоян суреті бар суреттер

Сабақ барысы: сабақтың құрылымы, әдістері мен әдістемелік тәсілдері көрсетіледі

Сабақ барысы:
1.Жұмбақ:Қарағай ағашынын артында баған секілді тұрған қандай аң? Және шөп арасында тұр, оның құлақтары басынан да үлкен?
2.Жаттығу. «Қоян қандай?».
3.Жаттығу. «Қоян не істей алады?».
4.Жаттығу. «Басқаша айт». Сөздерге синонимдер: жүгіру, өрмелеу.
5.Тапсырма: ертегі ойлап табу. Жоспар: қоян қалай серуендеуге жиналды. Орманда қызықты не көрді? Онымен не болды? Оның оқиғалары немен аяқталды?
6.Жаттығу. ертегі шығаруында, ертегілерді жеке бағалау.
7. Жаңылтпашты қайтала!
Ян-ян-ян, Жүгіріп жүр қоян.
Ян-ян-ян, Бұл қоян емес, шаян!.
Тапсырма: жаңылтпаштағы «н» дыбыс кездесетін сөздерді айту

Кесте 82 Тәрбиешінің балалармен бірлескен қызметі нысандарының күнтізбелік жоспарына жазу

Жазу элементтері

Жазу мысалдары

Кіммен және қандай
мақсатта өткізіледі

1. Кітапты пайдалану ережелері туралы Асқар және Айнұрмен сөйлесу: таза қолмен кітапты ұстау, ал кітап беттері жоғарғы оң жақ бұрышынан парақталады. Кітаппен жұмыс мәдениетіне тәрбиелеу 2. Өткен мереке туралы балалармен сөйлесу. Диалогтік сөйлеуді дамыту: әсермен бөлісе білуді бекіту, әңгіме тақырыбын қолдау.
3.«Бау-бақша» дидактикалық ойынын Аңсар мен Айгерімге ұсыну. Көкөніс атауларын бекіту.

Тапсырмалар

  1. Кез-келген жас ерекшелік тобы үшін бағдарламалық есептерді үлестірудің перспективалық торын (бағдарлама өз таңдауыңыз) жасап, бір айға есептерді анықтаңыз.

  2. Осы есептерді шешу үшін әдістемелік материалды таңдап, оны кестеге толтырыңыз(үлгі үшін 79 кестені қараңыз.).

  3. Балалардың тілін дамыту бойынша бір аптаға арналған күнтізбелік жұмыс жоспарын құрыңыз.

ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет