БҚму хабаршы №3-2016ж



Pdf көрінісі
бет13/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44

Сейдахметов Е.Е. – доцент, Қ.А. Ясауи атындағы  
Халықаралық қазақ-түрік университеті   
Калиев Н.Қ. – аға оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы  
Халықаралық қазақ-түрік университеті   
E-mail: dene-tarbiesi@mail.ru 
 
ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МЕН СПОРТТАН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  үдерістің  тиімділігі  дене  мәдениетіне  оқытып, 
үйретудің  әдістері  мен  құралдарының  қайсы  түрін  қолдану  адам  ағзасының 
биологиялық  ерекшеліктері  мен  спорттық  медицина  талаптарын  білуге,  басқа 
пәндер бойынша үлкен білім  көлемін меңгеруге, жақсы және өте жақсы жағдайда 
дене  даярлығын  бабында  сүйемелдеуге,  алға  қойылған  мақсатқа  сәйкес  оқу 
қызметінің  сапасын  арттыруға,    білім  беру  жүйесінде  дене  мәдениеті  жалпы 
педагогикамен  тығыз  бірлікте  болуға,  Олар  бір-бірін  толықтыра  отырып,  бірегей 
мақсатқа  жетуді,  яғни  дені  және  жаны  сау,  рухани  бай,  жоғары  біліктіліктегі 
мамандар даярлауды жүзеге асыру сипатталған. 
Тірек сөздер: Әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау, тәжірибелік-
экперименттік жұмысы, статистикалық әдістер. 
 
Оқытып,  үйретуші  педагог  пен  оқушылар  арасындағы  өзара  қарым-
қатынастықтың  әлеуметтік-психологиялық  теориясына  көбінесе  сүйенетін  тиімді 
командалық жұмыстардың көптеген теориялары бар. 
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі  оқу-тәрбие  үдерісін 
жетілдіру  –  бұл  спорттық  дайындық  деңгейін  арттыру  оқушылардың  команда 
құрамында  бірлескен,  ортақ  қызметін  ұйымдастыру,  олардың  спорттық  рухын, 
жолдастық сезімін және өзара бір-біріне көмек беруге, жеңіске ұмтылуға тәрбиелеу. 
Командалық  жұмыстың  негізі  жаттығу  барысында,  сол  сияқты  жарыс 
кездерінде  педагогпен  оқушылар  арасындағы  өзара  тиімді  түсіністік  қарым-
қатынастыру  болып  табылады.  «Жаттығу»,  «жаттықтырушы»,  «команда»,  «жеңіс» 
деген  спорттық  сөз  ұғымдары  дене  мәдениеті  мен  спорттың  осы  заманғы  сөздігіне 
берік енді. Спорттағы мұдай негізге алынатын сөз ұғымдары, мысалы, «команданың 
бірлігі», 
«психологиялық 
сыйысушылық», 
«ұтымды 
жұмыстық 
жағдай», 
«психологиялық  реттеу  әдістері»,  «идеомоторлы  жаттығу»,  «демалыс  және 
босаңсыту  аспаптары»,  «биологиялық»  сияқты  сөз  ұғымдары  кез  келген  жақсы 
нәтижелі  командалық  қызметтің  негізі  болып  табылады  және  балалар  мен 
жасөспірімдердің спорт мектептерінде кең қолданысқа ие болуда. 
Дене  мәдениеті  мен  спорт  –  бұл  оқытып,  үйрету  және  тәрбиелеу,  сол  сияқты 
оқушылардың  жеке  тұлғалық  сапаларының  қалыптасуы  бойынша  батыл  стандартқа 
келмейтін шешімдерді табуға болатын таң қаларлық өмір өрісі. 
Жемісті спорттық команда – бұл бір-біріне өзара сенімділікке, өзара сыйластыққа және 
өзара көмектесуге негізделген адамдық қарым-қатынастың тамаша үлгісі. 
Спорттық командалардың ерекшеліктері – спорттық жарыстарда жеңіске және 
табысты  нәтижеге  жетуде  оның  мүшелерінің  бірін-бірі  өзара  бақылауы  және  өзара 
көмектесуі, бірлесіп шешімге келуі. 
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі  командаларды  барынша 
үйлесімді  үлгілеу  командалық  жұмыстардың  сипаттамасына  таңдаған  спорт  түрінің 
барынша көп сәйкестігінің жағдайын дұрыс анықтау, спорттық командалардың озық 
үлгідегі  технологияларын  пайдалану  болып  табылады.  Спорттық  команданың 
табысты нәтижелерін қалыптастырып дамытуда жаттықтырушының рөлі орасан зор. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
86 
Жаттықтырушының  негізгі  рөлі  жоғары  спорттық  нәтижелерге  жетуге  оқу-тәрбие 
үдерісін  бағыттау,  спорт  жарыстарының  нәтижелерін  талдау,  команданы  қолдау  және 
сүймелдеу, команда мүшелерінің көңіл-күйлерін қалыптастыру болып саналады. 
Спорттық  командаға  қатысушы  мүшелерінің  жеке  тұлғалық  сапаларын  дамыту 
спорттық жүктемелерге психологиялық және әлеуметтік бейімделудің қозғаушы күштеріне 
сол сияқты команда ұжымындағы қарым-қатынасқа көп жағдайда баланысты  болады. 
Спорт  мектептеріндегі  спорттық  жаттығу  сабақтарына  оқушылардың  бөлімделуінің 
негізгі  қозғаушы  күштеріне  дене мәдениеті мен спортқа мотивациялық-құндылық  қатынасы, 
спорттық қызметке дайындық дәрежесі болып табылады. 
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі  командалар  оқушылардың 
мінез-құлық, 
іс 
әрекеттері 
мен 
қызығушылықтарының 
мотивациясымен, 
әрқайсысының  қызметі  мен  рөлін  анық  айқындаумен,  сол  сияқты  қатынас  және 
жалпы  ортақ  тіл  табысу  мөлшерімен,  сыйысушылықпен,  бір  тектілігімен  және 
біркелкілігімен,  озат  болуымен,  мамандануымен  және  кері  байланысымен,  белгілі 
нормалар мен дәстүрлерімен сипатталады [1, 25 б.]. 
Мотивациясы.  Командада  өз  күші  бойынша  қызығушылығы  мен  мақсаттары 
басым бірлескен қызметте жалпы маңызды мотив болуы тиіс. 
Командалық  спорт түріндегі  кез келген спортшы  көп жағдайда  өз нәтижесін команда 
нәтижесімен байланыстырады. Спортшы үшін команданың аты, оның жеңістері және мәртебесі 
маңызды.  Жалпы  жүлде,  жалпы  награда,  жалпы  чемпиондық  атақ  осыдан  туындайды. 
Спорттық  командалардың  көпшілігі  наградаларды  беру,  марапаттау  рәсімі,  жеңімпаздарды 
символдық салтанатпен құттықтау үдерісімен ресімделеді. 
Команда  мүшелерінің  рөлі  мен  қызметін  дәл  анықтау.  Спорттық  команданың 
әрбір  мүшесінің  өзі  сапалы  түрде  түсінетін  белгілі  рөлі  болады.  Спортшыны  рөлімен 
идентификациялау (теңестіру), бір жағынан өз рөлінің мағыналық жүктемесін анық түсінуіне 
басқа жағынан, командадағы міндетін үйлесімді тиімділікпен орындауға мүмкіндік туғызады. 
Спортшы  сипаттамасының  функциональдық  талаптарға  максимальды 
сәйкестігі спорттық командадағы міндетті рөлдерді бөлу кезендегі негізге алынатын 
жағдай болып табылатынын назарға алу маңызды. 
Командадағы қарым-қатынас және жалпы тіл табу. Қатынастар дәл, анық, тиімді болады. 
Жарыс басталар алдында команда мүшелеріне айқын міндеттер қойылады, ал 
аяқталғаннан  кейін  әрбір  бөлімдеріне  дейін  талданады  және  қателері  атап 
көрсетіледі.  Спорттағы  қатынас  шектеулі,  бірақ  тиімді.  Бұл,  команда  жетекшісі 
команда  мүшелерімен  қатынасты  спорттағы  сияқты  шектеуі  тиіс  деген  ұғымды  бермейді. 
Дегенмен ол спортта қарым-қатынас үдерісіне үлкен маңыз берілетінін және  барлық өзара 
әрекеттестік қажетті және жеткілікті қатынас кезінде жүретінін түсінуі тиіс. 
Қосымша  мысал  ретінде  теңіз  командаларының  тілін  өте  жақсы  меңгерген, 
теңіз флотындағы түсіністік келісімдегі командаларын келтіруге болады. 
Сыйысушылық.  Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі  спорттық 
командада  физиологиялық,  психологиялық  және  әлеуметтік  сыйысушылық 
айырмаланады. Алға қойылған мақсатқа жету үшін командаға осы параметрді есепке 
алу  қажет.  Командаға  қатысушы  мүшелерінің  барынша  жоғары  деңгейдегі 
сыйысушылығы (жалпы мақсат, жалпы адамгершілік немесе рухани құндылықтары). 
Ең  төменгі  деңгейдегі  сәйкессіздіктің  (жекелеген  мінез  сипаттарының  сәйкес 
келмеуі,  тамақтанудағы  жеке  тәбет,  мысалы,  биологиялық  ырғақтылықтың 
әртүрлілігі) есептеуіне мүмкіндік туғызады. 
Біртектілік  (біркелкілік).  Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі 
спорттық  командалар  үшін  спорт  түрлері  бойынша  оқу-жаттығу  дайындығында 
қалыптасуы мүмкін біркелкілік тән. 
Спорттық  командалардың  біртектілігі  қосымша  біріктіруші  күш  болып 
табылады. Бұл жағдайды команданы жасақтауды жобалау барысында  ескеру  қажет. 
Командаға  қатысушы  мүшелері  үшін  ең  болмағанда  маңызды  және  мойндалған  бір 
параметрі бойынша ол біртекті болуы тиіс. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
87 
Теңдік.  Егер  балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектебінде  жастары,  білім 
деңгейі  және  спорттық  тәжірибелері  әртүрлі  спортшылардан  команда  құрылса, 
олардың  әрқайсысы  үшін  өз  қабілеттерін  бірдей  көрсету  және  тең  құқықта  қатысу 
мүмкіндіктері болуын назарда ұстау қажет. 
Спорттық 
команданың 
негізгі 
қасиеті-теңдік. 
Алайда, 
қақпашыны 
шабуылшыға  қарағанда  маңызды  деп  түсінуге  ешқашанда  жол  беруге  болмайды. 
Команда мүшелерінің статусын анықтау кезінде мұны назарда ұстау қажет. 
Жаттықтырушының рөлі. Спорттық командада команда капитанынан айырмаланатын 
жаттықтырушы  болады.  Маңызды  спорттық  жеңістерге  жетудегі  жаттықтырушының 
шешуші рөлі болатыны туралы спорттық тарих беттерінде мысалдар жетерлік.  
Жаттықтырушының  рөлі  команданы  тәрбиелеу  және  қалыптастыруда, 
команданы  алып  жүру  және  қолдауда,  жарыс  нәтижелерін  талдауда  көрінеді. 
Жаттықтырушы  психологтың  және  идеологтың  мідетін  атқарады,  яғни  команда 
мүшелерінің әдістік-тәсілдік міндеттеріне көңіл аударуына мүмкіндік беріп, олардың 
артық күштенуін және артық жауапкершілік сезімін қалпына түсіреді. 
Мамандану.  Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі  спорттық 
командалар үшін командаға қатысушы мүшелерін мамандандырудың рөлі маңызды. 
Нәтижелі  спорттық  командаларда  бір  жұмысты  қосалқы  атқаратынын  немесе 
біреу үшін жұмысты орындайтынын болжалдау өте қиын. Батыс елдерінде спорттың 
командалық түрлерінде мультиспорт өте қызықты және халық арасында таралымға 
ие  болған.  Мұнда  команда  мүшелері  әрбір  спорт  түрлерінен  кәсіптенген 
спортшылардан  жасақталып,  спорттың  әртүрлі  7-10  түріне  қатысып,  ара 
қашықтықтан өтеді. Олардың әрқайсысы өзі қатысқан спорт түріндегі жауакершілікті 
жарыс барысында бүтіндей өз мойнына алады [2, 131 б.]. 
Озаттық  (лидерлік).  Капитанның  команда  мақсатынан  басқа  мақсатқа  бой 
алдыруға құқығы жоқ. Спорттық командада капитан мен команда мүшелері арасында 
тұрақты және тығыз қарым-қатынас болуы тиіс. 
Кері  байланыс.  Нәтиженің  өсуі  және  жоғары  мақсаттарға  жету  үшін  кері 
байланыс  шешуші  маңызға  ие.  Мамандар  жарыс  аяқталғаннан  кейінгі  алғашқы  10 
минутта  өткізілген  қызметті  және  қателікті  талдау  80  қателіктердің  сабабін 
түсіндіруге  және  команданы  және  оның  жекелеген  мүшелерін  одан  әрі  дамыту 
жолдарын болжалдауға қабілетті деп санайды. 
Кері  байланыс  тиімділігін  пайдаланбайтын  спортшыны  табу  қиын.  Ереже 
бойынша әрбір спортшы өзінің психологиялық, әдістік-тәсілдік және дене даярлығын 
талдайтын жүйелі күнделік жүргізеді. Мұнда болашақ чемпионның күш мүмкіндігін 
ашу  үшін  үлкен  резерв  жатыр.  Кері  байланыс  сенімді,  өз  уақытында,  ашық,  пәндік 
бағытталған, позитивті бағдарланған болуы тиіс. 
Жаттығулар  жүйесі.  Болашақ  спортшының жоғары  спорттық  сапасы  жаттығу 
барысында  тәрбиелеу,  қалыптасады  және  нығаяды.  Жаттығуды  оқушы  қателесеуі 
мүмкін  және  қателеседі.  Команда  мүшелеріне  спорттық  жаттығулар  мен  жарыстар 
арқылы шеберліктерін дамыту мүмкіндіктерін беру маңызды. 
Күтілмеген  (экатремальды)  жағдай.  Команда  бар  күш  мүмкіндіктерін 
жинақтап,  ұйыстыруы  тиіс  және  қателік  жіберуге  құқығы  жоқ.  Команда  мүшелері 
үнемі  өзара  қарым-қатынаста,  өзара  әрекеттестікте  болады  және  барынша  қиын, 
шиеленіскен  сәттерде  бірге  әсерленеді.  Сергектік  жағдайы  шаршаумен,  кейде 
жабырқаңқылықпен, түңілушілікпен, көңілі қалушылықпен алмасады. Бұлар жөнінде 
команда  мүшелері  біледі  және  басты  жалпы  мақсатқа  жетуге  олардың  әсеріне 
тосқауыл  қойып  түрде  жауап  психологиялық  проблемаларды  жеңу  және  реттеу  әдістерін 
меңгереді.  Жарысқа  қатысушы  басқа  команда  мүшелерінің  көз  алдында  жарақат  алуды, 
ауруды сезінуін және қорқыныш сезімін бастан өткізеді. Спортшы қызметінің үнемі көпшілік 
алдында өтуі оның психологиялық мақсаттарына ерекшелік береді. 
Жоғары дәрежелі спортшылар басым көпшілік жағдайды сезімдерін бақылауға 
және  ұстауға  қабілетті  болады.  Мұндай  күтілмеген  жағдайларда  команда  мүшелері 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
88 
бірін-бірі терең біледі. Бұл команданың ең тиімді қасиеттерінің бірі, мінез-құлық, іс 
әрекетінің  алдын  ала  болжалданылуына  мүмкіндік  жасайды.  Күтілмеген  жағдайлар 
кездескенде  команда  мүшелері  бірін-бірі  білсе  жақсы  болады.  Командалық 
«Күтілмеген  экстрамальды  жағдайларға  шығуды»  ойлап  табу  және  арнайы 
ұйымдастыру  пайдалы.  Қарапайым  емес  күштенуді  және  адам  сапаларын  көрсетуін 
талап ететін кез келген күтілмеген жағдай бірден бүтіндей команда және оның әрбір 
мүшелері туралы қосымша ақпарат береді. 
Нормалар  мен  дәстүрлер.  Олар  команда  тобының  әртүрлі  статустық, 
әлеуметтік,  жас  ерекшелік  құрамы  жағдайында  маңызды.  «Бірі  бәрі  үшін,  бәрі  бір 
үшін»  деген  сөз  тізбегін  таңертеңгілік  дәстүрлі  қайталау  спорттық  қызметтегі  қомақты 
біріктіруші күш болып табылады. Спортшының жеке тұлғалық құрылымы әдеттегі тіршілік 
жағдайынан өнерленген басқа жағдайға өтуі кезінде өзгеріске ұшырайды. Мысалы, спорттық 
жаттығу жиынында, жарыстарда, ұзақ уақыт болу, спорттық тіршілік режімі. 
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері оқушыларының дене мәдениетіне 
бейімделуінің негізгі сипаттамаларына мыналар жатады: 
•  спорттық  шеберлік  көрсеткіштері  (атағы;  дәрежсі;  спорттағы  ең  жоғарғы 
жетістігі;  спорттық  қызметтің  мақсаты  және  оларды  іске  асыру;  спортпен 
шұғылдануды бастау жасы; спорттық қызмет мотивтері); 
•  дене мәдениетінен қосымша білім алу мотивтері: спорт мектебін таңдау; спорттық 
қызметке қатынасы; өзін-өзі спорттық анықтау; спорттық қызметке қанағаттанушылық. 
• әлеуметтік-экономикалық қозғаушы күштерден (тіршілік табыстарынан құралатын; 
спорттық  қызмет  мотивтері,  спорттық  жұмысқа  қойылатын  талап;  келешектігін  елестету) 
алатын спорттық дайындықтың әлеуметтік статусына байланыстылығы. 
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептерінің  қосымша  спорттық  білім  алған 
оқушыларының  бейімделуін  зерттеу  спорттық  қызметтің  сапасына  әсер  ететін  әртүрлі 
әлеуметтік және басқа қозғаушы күштердің әсерімен бұл үдерістің күрделіленгенін көрсетеді. 
Дене  мәдениеті  мен  спорт  саласында  спорт  мектептері  оқушыларының 
бейімделу  барысына  әсер  ететін  маңызды  сатысынан  өтуге  спортпен  шұғылдану 
барысында жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауы жатады. 
Болашақ  спортшының  дұрыс  қалыптасуы  үшін  басты  назар  нақтылы  спорт 
түріне  аясытар  мақсат  ретінде  емес,  спорт  арқылы  болашақ  спортшының  жеке 
тұлғасын  дамытуға  бағытталған  қалыптастыруға  аударылуы  тиіс.  Кәсіби  бағдар 
жұмыстарын  дұрыс  ұйымдастыру  барысында  болашақ  спорттық  қызметтің 
мотивациясының маңыздылығы мен ұғынықтылығы арта береді және оның нәтижесі 
жоғары спорттық нәтижелер болып табылады . 
Спортшылар  спорт  мектептерінде  оқып,  үйрену  барысында  жалпы  спорттық 
дамуға қарағанда жоғары нәтижелерге жетуді жиі бағдарға алады (87,5%), яғни бұл болашақ 
спортшыларды  дайындауды  күрделілендіреді  және  студенттердің  спорттық  бағыттылығы 
және оқу үдерісінің мазмұны арасында үйлеспушіліктің пайда болуына әкеледі. 
 Қазіргі  қоғамда  спорттық  қызмет  социализацияның  тиімді  құралына 
айналады, бірақ спорт мектептерінде дене мәдениетінен алынатын білім спортшының 
байсалды спорттық қызметке толық қанды кіруі үшін жеткіліксіз. Спорт  мектептері 
оқушыларының  дене  мәдениетіне  бейімделуінде  спорттық  қызмет  мотивтері, 
құндылық бағдарлары мен өмір қажеттіліктері маңызды рөл ойнайды.  
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісінің өзгеше 
ерекшелігі қосымша білім беру жүйесіне қатынасымен анықталады. 
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі  дене  мәдениеті  бойынша 
қосымша  білім  беруді  қалыптастырулың  негізгі  жағдайы  оқушылардың  мотивтері  мен 
мазмұны  бойынша  әртүрлі  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  вариативті  және 
дифференциалды педагогикалық бағдарламаларды іске асыру болып саналады. 
Күнделікті  өмір  тіршілігіндегі  спортпен  шұғылдану  барысында  қалыптасқан 
жеке ерекшеліктерін пайдалана білу оқушының спорт мектебінің тіршілік тынысына 
енуіне  мүмкіндік  жасайды.  Спорт  болашақ  спортшылардың  жоғары  нәтижелерге 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
89 
жетуі  үшін  тек  дене  сапаларын  жаттықтырумен  ғана  шектеліп  қоймайды,  сонымен  бірге 
олардың алдына психологиялық дайындығын да қамтамасыз ететін қатаң талап қояды. 
Спортшыны нәтижелі дайындау жағдайларының бірі оның тіршілік ұстанымдарының 
күшейтілген шамданушылығын, жоғары талаптану бастамасын құру болып табылады. 
Балалар  мен  жасөапірімдер  спорт  мектептерінде  білім  берудің  өзгеше 
ерекшелігі  оны  басқару  жүйесінде  де  көрінеді.  Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт 
мектептеріндегі 
педагогикалық 
үдерісті 
тиімді 
басқарудың 
негізгі 
шұғылданушылардың  (оқушы,  студент)  дене  дайындығы  деңгейін  арттыруға, 
олардың  салауатты  өмір  бейнесіне  қызығушылық  ынтасын  дамытуға  бағыттау, 
олардың  өз  қабілеттерін  көрсетулері  үшін  дайындауда  қоғамның  әлеуметтік 
сұранысын орындау қолда бар қоғамдық қатынастарды жетілдіру болып табылады. 
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі білім беру үдерісі қосымша 
спорттық білім беру үдерісі ретінде қарастырылады. Спорт мектептеріндегі қосымша спорттық 
білім берудің мақсаттары келесі міндеттерді жүзеге асыруды алдын ала айқындайды: 
• спорттық қызметтің қандай да бір қызықтыратын түрлерінің есебінен негізгі 
білім түрлерін дамыту; 
• шұғылданушыларды (оқушы,студент) толық жабдықталған, қолайлы, қуаныш 
сезімі  ұялайтын,  яғни  «күтілмеген  нәтижелі  жағдай»  және  қарым-қатынасты 
жақсаратын ортамен қамтамасыздандыру; 
•  дербес  білім  алу  жолын  таңдауына  көмектесу  (дене  мәдениеті  мен  спортты 
меңгеруі бойынша алға жылжу аясы). 
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі  қосымша  спорттық  білім 
берудің  әлеуметтік  маңыздылығы  жеке  тұлғаның  кешенді  дамуы  мақсаттарының 
келесі кешенімен қамтамасыздандырылады: 
• қосымша бағдарламалар арқылы іске асырылатын танымдық дамумен; 
•  жеке  тұлғалар  арасындағы  өзара  қарым-қатынас  тәжірибесі  кіретін, 
әлеуметтік бейімделумен; 
• әлеуметтік бастамалардың дамуымен; 
•  кәсіби  (профильді)  бағдарламалар  арқылы  спорттық  қызметті  сапалы  түрде 
және нәтижелі таңдаумен; 
• спорттық дайындықты кәсібилікке дейін бағдарлаумен; 
• әртүрлі спорт түрлерінен деңгейі мен мазмұны бойынша әртүрлі бағдарламаларды 
меңгеру арқылы оқушылардың шығармашылық потенциалын ашумен; 
•  бос  уақытты  ұйымдастырудың  құралдары  мен  формаларын  таңдауға 
мүмкіндік туғызатын бағдарламалардың әртүрлігі  бейнедегі танымдық проблемалар 
жиынтығы  (пролематика)  бойынша  жалпы  мәдениетті,  оның  ішінде  қызметтік  бос 
уақытты тиімді өткізу мәдениетін дамытумен байланысты. 
Білім беру мақсаттары өзінің дамуын оқу материалының мазмұнынан оқыудың 
білім  беру  бағдарламаларын  дұрыс  құрудан  алады.  Дене  мәдениеті  мен  спорт 
саласындағы  спорт  мектептерінде  қосымша  білім  беру  бағдарламасының  мазмұны 
мыналарды алдын-ала қарастырады: 
 • 
жеке  тұлғаның  спорттық  шығармашылыққа  және  спорттағы  өз 
қажеттіліктерін орындау мотивацияларын дамыту; 
• оқушылардың қарым-қатынастық қабілеттерін, дербестігін, жеке мәдениетін дамыту; 
• шұғылданушылардың (оқушы,студент) дене және ақыл,ой дамуын түзету; 
•  балалар  мен  жас  жеткеншектердің  асоциальдық  мінез-құлық,  іс  әрекетінің 
алдын алу шаралары. 
Дене мәдениеті бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жеке 
тұлғаның  өзін-өзі  еркін  анықтау  аясы  ретінде  қосымша  білім  беруді  тиімді 
ұйымдастырудың  жағдайы  оқушылардың  білім  алу  қажеттіліктерінің  мотиві  мен 
мазмұны бойынша әртүрлі қанағаттандыратын вариативті және дифференциалды оқу 
бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады. 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
90 
Шұғылданушылардың басты қажеттіліктеріне мыналар жатады: 
• оқушылардың өздерінің жеке қабілеттерін тамытуға, сол сияқты олардың өз 
таңдаған  спорттық  қызметіне  қызығушылығы  өздігінен  жүзеге  асыруға,  өзін-өзі 
жетілдіруге  және  өзін-өзі  дамытуға  ұмтылуы  ретінде  алдын  ала  келісілген 
шығармашылық (креативті) қажеттіліктер; 
•  спорт түрлері бойынша негізгі білім беру бағдарламасына кірмейтін білім көлемін 
арттыруға ұмтылумен анықталатын спорт мектебі оқушыларының танымдық қажеттіліктері; 
•  өз  қатарларымен,  ересектермен,  әріптестерімен,  педагогтармен,  жоғары 
дәрежелі  спортшылармен  қарым-қатынаста  жүзеге  асырылатын,  коммуникациялық 
(қатынастық) қажеттіліктер; 
• 
қосымша 
білім 
алу 
нәтижесінде 
жеке 
проблемаларын 
шешу 
қызығушылығымен  пайла  болатын,  оқып,  үйрену  немесе  қарым-қатынас  аясында 
жатқан компенсаторлы қажеттіліктер; 
•  кәсіпке  дейінгі  және  кәсіби  спорттық  дайындыққа  белгілеумен  байланысты 
кәсіби бағдарлық прогматикалық қажеттілік; 
• қол бос кездерді мазмұнды ұйымдастыруға ұмтылумен байланысты бос уақыт қажеттілігі. 
Оқу материалдарының мазмұнында шұғылданушылардың (оқушы, студент) жоғарыда 
көрсетілген  қажеттіліктерді  жүзеге  асыру  барысында  балалар  мен  жасөспірімлер  спорт 
мектептеріндегі  оқу-тәрбие  үдерісін  басқаруды  ұйымдастыруды  жетілдірудің  негізгі  бағыты 
ретінде нормативтік құжаттарды өңдеп дайындау қарастырылуы мүмкін. 
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептерінде  шұғылданатындарды 
спорттық  дайындаудың  өзгеше  ерекшелігі  бағдарлама  мазмұнына  енген  барлық 
теориялық  білімдер  спорттық  практикада  сынақтан  өткізіледі,  спорттық  қызметтің 
әртүрлі  салаларында  танымдық,  қатынастық,  әлеуметтік  өздігінен  жүзеге  асыру 
тәжірибесіне ұласады. 
Мысал түрінде мұндай дайындыққа туристік-өлкетану бағытын келтіруге болады. 
Практикада жинақталған мектептен тыс, сол сияқты қосымша спорттық білім 
беру,  туристік-  өлкетану  бағыты  қоршаған  әлемді  іс  жүзінде  танып,  білуге 
мазмұндық түрі бойынша оқушыларды қызықтырып, тартудың ұқсастарын жеткілікті 
дәрежеде шартты айырмалайды. 
Туризм және өлкетану оқушыларды тұрғылықты ортасының (аймақ,ел) табиғат және 
мәдени ерекшеліктерін түсінудің өзара толықтыратын екі жолы болып табылады. 
Туризм мен өлкетануға бөлінуінің шарттылығы аймақтың табиғат және мәдени 
ерекшеліктері  есепке  алынып  туристік  жұмыстардың  құрылуы  бағдарламадағы 
жалпы  жорықтардың  санымен  байланыстырылады,  ал  өлкетану  жұмыстары  өзіне 
туристік жұмыстардың жорық, саяхат сияқты түрлерін ендіреді. 
Сол  сияқты  туризм  мен  өлкетанудың  бір  бағыт  аясындағы  өзара 
толықтырылуы  практикалық-қолданбалы,  сол  сияқты  жұмыстар  орындалатын  елді 
мекенде  игеру  тәсілдері  бойынша  әртүрлі  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін 
жағдай жасауды қамтамасыз етеді. 
Қосымша  білім  беру  бағыты  ретінде  туризмнің  негізінде  спорттық 
қондарғыларды  пайдаланумен  әртүрлі  дәрежедегі  күрделілікпен  жорықтар  мен 
саяхаттар ұйымдастыруда жатыр. 
Туризм  бойынша  бағдарламалар  кәсіби  колледждер  мен  кәсіби  мектептердің 
оқушылары  мен  орта  және  жоғары  сынып  жасындағы  балаларға  басымырақ 
белгіленіп, есептелген. Бағдарламалар оны дайындаған жетекшілердің мамандығына, 
оқушылардың  қызығушылық  ынтасына,  жергілікті  жағдайларға  барынша  әртүрлі 
бағыттағы бейнеде болуы мүмкін. 
Солай  болғанмен  туризм  бойынша  бағдарламалардың  көпшілігі  техникалық 
қауіпсіздік  ережелері  мен  алғашқы  медициналық  көмекті,  тұрғылықты  жерді 
бағдарлау  ережелерін  меңгеруден  тұратын  жорыққа  және  саяхатқа  теориялық  және 
практикалық  дайындықты  ендіреді.  Туризм  бойынша  бағдарламалар  дене 
дайындығы, спорттық жаттығуларды өткізу бойынша шығылдану сабақтарын алдын 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
91 
ала қарастырады. Туризм бойынша бағдарламаның мазмұнында сонымен бірге оған 
туған  өлкені  таныстыратын  туристік  мүмкіндіктері  мен  өлкетануды  практикалық-
бағдарлаудан білімі болуы да кіреді. 
Өзінің бағыттылығы бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 
педагогикалық бағдарламалары негізгі үш түрге бөлінуі мүмкін: білім беру, оқу және 
бос уақытты тиімді пайдалану. 
Мұндай  бағдарламаның  идеологиясы  төтенше  әртүрлі  бейнеде,  оның  негізгі 
сипаттамалары келесі үлгілік құрылымда ұсынылуы мүмкін: 
•  жасы  бойынша:  мектеп  жасына  дейінгілер,  бастауыш,  орталау,  орта  мектеп 
оқушылары мен жасжеткеншектер үшін; 
• жынысы бойынша: аралас, ер балалар үшін, қыздар үшін; 
• созылу ұзақтығы бойынша: бір жылдық, екі жылдық және т.б.; 
• іске асыру формалары бойынша: топтық, жеке; 
• спорттық қызмет түрі бойынша. 
Спорттық  қызмет  түрі  бойынша  балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептерінің 
спорттық бағдарламалары мамандық саласы және көп салалы болып бөлінеді. 
Меңгеру деңгейі бойынша бағдарламалар мыналарға бөлінеді: жалпы мәдени, 
тереңдетілген, кәсібі бағдарланған және т.б. 
Қосымша спорттық білім беру бағдарламасының бірқатар жіктелуі бар. 
Бағдарламалық жобалауды бастауға кірісер алдында педагогқа бағдарламаның 
«негізгі бағыттылығын»  бірден айқындау ұсынылады. 
Әдетте бағдарламаның мына төрт түрі айырмаланады:  
Бағыт  көрсету,  хабардар  ету.  Мұндай  бағдарламалардың  негізгі  бағыты 
балалардың  дене  мәдениеті  мен  спорттың  қандай  да  бір  саласы  бойынша  жеке 
тұлғалық хабардарлық бағдарын қалыптастырумен байланысты. 
Маңызды, күрделі, іргелі: Мұндай бағдарламалардың мақсаты  – қандай да бір 
спорттық саладан маңызды білімді меңгеру. 
Қолданбалы (технологиялық). Бұл бағдарлама түрінің басты мәні қандай да бір 
спорт  түрі  бойынша  балалардың  белгілі  бір  қызмет  тәсілдері  мен  біліктіліктер 
жиынтығын меңгеруі үшін жағдай жасау болып табылады. 
Ақпараттық. Курстың мақсаты - әрбір баланың, жасөспірімнің иелігіне қандай 
да бір спорт саласы туралы ақпараттар ағымын беруге мүмкіндік жасау. 
Бос  уақытын  тиімді  өткізу  бағдарламалары  –  бұл  бағдарламалар  спорт 
мектептерінде тұрақты негізде оқитын тәрбиеленушілерге, сол сияқты шұғылдануға 
кезеңдермен қатысатындарға арналады. 
Қазіргі кеде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спортшыларды 
дайындаудың  іс  тәжірибесінде  балалардың  бос  уақыттарын  тиімді  пайдалану 
бағдарламасына үлкен маңыз берілуде. 
Бұл  бағдарлама  балалардың  жалпы  көпшілік  спорттық  мерекесі  ретінде 
ұйымдастырылуы, және аз адаммен орындалатын сипатта (камералы) болуы да мүмкін. 
Бос уақытты тиімді пайдалану бағдарламаларының мазмұн мен ауқымдылығы 
бойынша ұйымдастырушы ретінде жекелеген жаттықтырушылардың, педагогтардың 
қатысулары  мүмкін.  Балалар  бұл  бағдарламаларға  барлық  уақытта  белсенді 
қатысады,  олардың  ішінен  қабілеттерін  дұрыс  педагогикалық  басшылыққа  сәйкес 
ұйымдастырушылық міндет жүктелуі мүмкін. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу 
бағдарламалары  балар  ұжымдарында  тәрбиеленушілердің  олар  үшін  бағдарламаға 
дайындалып, қатысу өз сапаларын дамытудың маңызды қозғаушы күші болып табылатын 
шығармашылық  жетістіктерін  көрсетеді.  Бос  уақытты  ұтымды  өткізу  жеке  тұлғаның 
танымдық, қарым-қатынас, шығармашылық аясын еркін таңдауы болып табылады. 
Басқа  қызмет  түрлеріне  қарағанда  балалардың  бос  уақыттарын  тиімді  өткізу 
әлеуметтік нормалармен және ережелермен аз дәрежеде шектелген. Солай бола тұрса 
да  мемлекеттік  және  қоғамдық  институттардың  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
дәстүрлі  ықпалында  болады.  Бұл  бағдарламаның  мазмұнына  әртүрлі  әлеуметтік 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
92 
құрылымдардың ықпал етуі позитивті және қайшы келуі мүмкін, яғни жеке тұлғаның 
өзін-өзі көрсету аясының шектелуіне немесе керісінше кеңеюіне мүмкіндік жасайды. 
Балалар  демалысын  тиімді  өткізудің  потенциалы  кең  ағарту,  танымдық, 
рекреациялық,  шығармашылық  мүмкігдіктері  болып  табылады,  яғни  оларды  меңгеру  бос 
уақыттың құрылымы мен мазмұнын байытады, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін дамытады. 
Бос  уақытты  үйлесімді  тиімділікпен  өткізу  спорт  мектептері  қызметінің 
дәстүрлі бағыты болып табылады. 
Балалардың  бос  уақыттарын  дұрыс  ұйымдастыруға  терең  мағына  беріп  назар 
аудару оқушылардың сабақтан бос уақыттарын оның жеке тұлғалық дамуына дұрыс 
әсер  ететін  шұғылдану  түрлерімен  және  формаларымен  толықтыру  олардың 
жағымсыз  топтарға  қатысу  мүмкіндіктерін  азайтады,  зиянды  және  қауіпті 
дағдылардан аулақ болуына ықпал етеді. 
Бұл  бағдарламалар  балалардың  мектеп  жасына  дейінгілерінен  ересектерге 
дейін  барлық  жастағылар  санаттары  үшін  жобаланып,  дайындалады.  Олардың 
мақсаттары  бос  уақытты  мәдениетті  өткізуді  қалыптастырумен  байланысты  мына 
міндеттер  кешенін  іске  асыруға  бағытталған:  оқушыларды  ойын,  жарыстар  әлеміне 
қызықтырып  тарту,  таным,  білім  беру,  қарым-қатынас  арқылы  бос  уақытты  тиімді 
пайдалануды  ұйымдастырудың  дәстүрлік  және  инновациялық  тәжірибесін  меңгеру. 
Бұл  әртүрлі  әлеуметтік  маңызды  нормалар  мен  құндылықтарға  жеке  тұлғаның 
бағыттылығын болжалдайды. 
Балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді пайдалану бағдарламаларын дене мәдениеті 
мен спорт саласында потенциалды мүмкіндеріне мына тапсырмалар жатады: 
• өзін-өзі жетілдіру; 
• әлеуметтік-тарихи ортақ мүддегілікке жататынын сапалы ұғыну; 
• жалпы адамзаттың адамгершілік құндылықтарын сақтау; 
• әлеуметтік белсенділік; 
• спорттық жоғары жетістіктерге жетуге бағыттылық. 
Балалардың  сабақтан  бос  уақыттарын  тиімді  пайдалануға  арналған 
бағдарламалар  білім  беру  бағдарламаларына  қарағанда  адамның  дене  дайындығын, 
интелектуалдық, әсерленушілік мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсетеді. 
Егер  білім  беру  бағдарламасында  қызметтің  басты  түрі  танымдық  қызмет 
болса,  онда  демалысты  тиімді  өткізу  бағдарламасында  оқу-тәрбие  үдерісін 
жетілдіруде үлкен маңызға ие ойындық қызмет болып табылады. 
Бос  уақытты  тиімді  пайдалану  бағдарламасындағы  ойындық  қызмет 
формалары  барынша  көп  бейнелі.  Бұларға  мазмұндық-рөлдік  ойындар,  ойындық 
еліктеу  (имитациялық)  үлгілеулері,  демонстрациялық,  театрландырылған  ойындар, 
ойын-конкурстар  жатады.  Бұл  бағдарламаларда  қазіргі  кездегі  ойындардың  негізгі 
түрлері мен тренингтер, яғни оның ішінде мына төмендегілер пайдаланылады: 
• дене және психикалық; 
• интеллектуалдық-шығармашылық; 
• әлеуметтік; 
• кешенді. 
Ойындық  технологиялар  бос  уақытты  тиімді  пайдалану  бағдарламасының  көрністік, 
динамикалық сипатын, оның мазмұнын сезіммен қабылдау бағдарын алдын-ала анықтайды. 
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі  қосымша  білім  беру 
практикасы балалардың сабақтан бос  уақытын тиімді пайдаланудың  бағдарламасын 
жүзеге  асырудың  байытылған  тәжірибесін  көрсетеді.  Жоспарланған  бағдарламаның 
созылу ұзақтығына, мақсатына және оған балалардың қатысу дәрежесіне байланысты 
демалысты тиімді өткізу бағдарламасы бірнеше түрлерге бөлінеді: 
-  Бір  реттік  ойындық  бағдарлама,  яғни  мұнда  басқарушы  қатысушылардың 
дайындық  талап  етілмейтін  қандай  да  бір  спорттық  жаттығуды  орындаумен 
байланысты  балаларды  ойынға  қосады.  Балалардың  жасына  және  спорттық 
тапсырманы таңдауына байланысты 30 минутқа және одан да көпке созылуы мүмкін. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
93 
-  Ойынға  қатысушылардың  алдын  ала  дайындығымен  тапсырмалық  тақырып  бойынша 
бағдарламаның  конкурстық  ойындары  («Брейн-ринг»,  «Турнир»  және  т.б.).  Мұндай 
бағдарламаларды педагогтар мен ересек спортшылардың дайындауына және өткізуіне болады. 
Шет  елдердегі  озық  білім  беру  практикасында  технологиялық  өңделіп, 
дайындалған  мұндай  бағдарламалар  «curriculum»,  яғни  «жүгіру  жолағы»,  «мақсатқа 
жету  жолы»  деп  аталады,  олар  дәстүрлі  «syllobus»  оқу  бағдарламасынан  (курс 
бағдарламасы, лекция, жоспар, сабақ кестесі) айырмаланады. 
«Сurriculum»  бағдарламаларында  терең  анық  және  нақтылы  ойластырылып 
дайындалған  білім  беру  немесе  спорттық  мақсаттар  мазмұндалған.  Егер  алға 
қойылған  мақсаттар  барлық  мәселелерді  қамтитын  глобальды  сипатта  болса,  онда 
соңғы мақсатты тапсырмалар мен одан әрі бөлінетін арасындағы бір ізді байланысты 
көрсетумен сипатталады. Мақсаттарды анықтауға ерекше назар аударылады, немесе 
мақсат-барлық  бағдарламалар  мазмұнының  тұтастығына  кепілдік  беретін  жүйеге 
жасаушы  элемент.  Мақсаттарды  тұжырымдаудың  алгоритмін  Д.Л.  Моррисей  [3,  94 
б.]  орындалатын  әрекетті  сипаттайтын  етістіктің  анықталмаған  формасынан  немесе 
бұйрық райынан басталатын келесі сәттерді атап көрсетті: 
• талап соңғы нәтижені анықтайды; 
• мақсатқа жетудің тапсырылған мерзімін нақтылайды; күш, құрал, уақыт және 
қуаттардың мүмкін болатын максимальды мөлшерін белгілеу; 
•  бұл  мақсатқа  жетудің  дәлелін  айқындау  үшін  қажетті  қай  жерде  мүмкін, 
спорттық жұмыстардың талап етілген нәтижелерінің сандық сипаттамасын көрсету; 
• не және қайда істелінген болуы тиіс екенін түсіндіру; 
• бірегей оқу циклының нақтылы кезеңдеріндегі оқытып, үйрету міндеттерін қою; 
•  спорттық  жаттығуларды  меңгеру  үдерісінде  жаттықтырушы  мен  оқушылар 
қызметін  үйлесімді  ұйымдастырудың  тәсілдерін,  мүмкіндік  жағдайлары  мен 
формаларын сипаттау; 
• оқушыда бұрыннан бар, даму үстіндегі спорттық біліктілігі мен дағдыларын, 
пәндік саласын, танымдық, әлеуметтік аясын меңгеру үшін қажетті әртүрлі біліктілік 
дәрежелерін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін сипаттау; 
• диагностика тәсілдерін анықтау және нәтижелерін бағалау; 
• егер нәтижелер күтілген нәтижеге жетпесе, оқытып, үйрету үдерісін түзетудің 
варианттарын бағдарлау; 
•  дене  жаттығуларының  барлық  курсын  меңгеру  үшін  қажетті  материалдық, 
уақыт, адам және ресустарды есептеу. 
Бұл бағдарламалардың немесе технологиялардың стандартты  бағдарламалардан 
айырмашылығы,  олар  оқушыларға  спорттық  қызметті  белсенді  меңгерудің  құралы  мен 
мүмкіндік  жағдайын  белгілейді,  яғни  оларға  өзін  және  өз  күшін  байқап  көруге,  қызықты 
шығармашылықпен шұғылдануға және қарым-қатынас жолдарын іздеуге өз ісін таңдауға және 
оны айқын, айтарлықтай нәтиже түрінде лайықты аяқтауға, ойлап табушылық, фантазияларды 
еркін көрсетуге мүмкіндік туғызады. 
Оқушылардың мұндай қызметке қатысуының ерекше мәні бар, яғни оларға бұрыннан 
бар  спорттық қабілеттерін жетілдіруге және жаңаларын меңгеруді  қамтамасыз  етеді,  спортта 
жоғары нәтижелерге жетудің мүмкіндік деңгейлерін арттырады.  
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісінің өзгеше 
ерекшелігі қосымша білім беру жүйесіне қатынасымен анықталады. 
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептеріндегі  дене  мәдениеті  бойынша 
қосымша білім беруді қалыптастырулың негізгі жағдайы оқушылардың мотивтері мен мазмұны 
бойынша  әртүрлі  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  вариативті  және 
дифференциалды педагогикалық бағдарламаларды іске асыру болып саналады. 
Қорыта  айтқанда  күнделікті  өмір  тіршілігіндегі  спортпен  шұғылдану 
барысында  қалыптасқан  жеке  ерекшеліктерін  пайдалана  білу  оқушының  спорт 
мектебінің  тіршілік  тынысына  енуіне  мүмкіндік  жасайды.  Спорт  болашақ 
спортшылардың жоғары нәтижелерге жетуі үшін тек дене сапаларын жаттықтырумен 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
94 
ғана  шектеліп  қоймайды,  сонымен  бірге  олардың  алдына  психологиялық 
дайындығын да қамтамасыз ететін қатаң талап қояды. 
Спортшыны нәтижелі  дайындау жағдайларының  бірі оның тіршілік ұстанымдарының 
күшейтілген шамданушылығын, жоғары талаптану бастамасын құру болып табылады. 
Балалар  мен  жасөапірімдер  спорт  мектептерінде  білім  берудің  өзгеше 
ерекшелігі  оны  басқару  жүйесінде  де  көрінеді.  Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт 
мектептеріндегі 
педагогикалық 
үдерісті 
тиімді 
басқарудың 
негізгі 
шұғылданушылардың  (оқушы,  студент)  дене  дайындығы  деңгейін  арттыруға, 
олардың  салауатты  өмір  бейнесіне  қызығушылық  ынтасын  дамытуға  бағыттау, 
олардың  өз  қабілеттерін  көрсетулері  үшін  дайындауда  қоғамның  әлеуметтік 
сұранысын орындау қолда бар қоғамдық қатынастарды жетілдіру болып табылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет