Дастандар



бет20/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
30 Қалижан Бекхожин Поэзия тербетеді жүрегімді

Енінші тарау

Үйіне келді Ақан жаңа ғана,


Жүгірді құшағын кең жазып ана.
Бөбектей көріп ана сүйіп жатыр,
Сүймесе сорлы көңіл жазыла ма?
Келгелі көшіп мұнда сергіп еді.
Таралып тауқыметтің теңбілдері.
Бұл үйде үш бөлмелі кеуде кеңіп,
Алдында баласының елпілдеді.
Сағынып ұлын шеше қалғаны ма?
Аз күн ғой Орал тауға барғанына.
Бітіріп сырт оқуды диплом алды,
Жеткендей алыстаған арманына.
Қағаз ғой диплом деген... Ол қағаз ба?
Ентелеп әрең жеткен соған аз ба?
Білімі кем бе бірақ Ақандардың,
Еңбектің өзі мектеп өнерпазға.
Білсе де өзі бейнет шеккен кенді,
Қалайша сендіресің, Шәукендерді?
Сарыла сырттан оқып, диплом алып,
Инженер болып міне Ақан келді.
Сол еді қуанышы. Көп сағынған,
Босанды анасының құшағынан.
Қараса қасында тұр күлімдеп қыз,
Балғын жас жанарында нұр шағылған.
– Ақан, бұл Еркежан ғой, танымасаң?
– Еркежан? Сәлемет пе, келдің қашан?
Бой жеткен болыпсың ғой, бала едің,
Бес жыл ғой, көргеніме жаңылмасам?
Сол сөзін жалғастырды қағып ана:
– Бұл жақтан бізге жақын табыла ма?
Шақырттым, жұрағат қой ауылында,
Жүр екен бекер байлап бағын бала.
Қарашы, бүлдіршіндей бұл қарағым,
Қызындай сидаң емес бұл араның.
Жарасып жүрсін бірге өз қасыңда,
Бір үйден екеу шықса қуанамын...
Бетіне қан жүгірді қыздың неге?
Шешенің құпиясын қыз біле ме?
Ақанға қарады да, қымсынды қыз,
Қалқажан, қызарды тез, жүзің неге?
Ақан тұр аң-таң болып анасына,
Мейрім тұр шешенің көз қарасында.
Тезірек келін көру үміті ме?
Шипа сол жүрегінің жарасына.
Анасын аяп Ақан сөзін бұрды:
(Жігіт қой жөн табатын сегіз қырлы)
– Шахтаның өнеріне үйретемін,
Еркежан болмасын тек өзі мұңды?
Ал, апа, тойың қайда? Инженермін,
Сүңгимін ең түбіне енді жердің.
Жинайын достарымды, солар ғана –
Өзегі бойымдағы ер жігердің.
Дәмдерің дайын болсын әзірлеген,
Шақырып достарымды, қазір келем, –
Деп Ақан жымиды да шықты үйден,
Еркежан қалды қандай сезімменен?


* * *

Клетпен олар төмен зымырады,


Шахтаның қандай терең шыңырауы?
Қат-қабат шатқалдардың қуысында,
Шайқасып тас пен темір шыңылдады.
Еңбектің қызу мұнда зор майданы,
Екпіні қатты ердің забойдағы.
Шытырман шеп секілді соғыстағы,
Жылғалы жер астының құз қойнауы.
Русаков, Ақанменен келді міне,
Заңғардай камераның кеңдігіне,
Жас жігіт тас тергішті безектетіп,
Жүгірткен тас тобырдың ең түбіне.
Сыпырған қалың тасты қуыстардан,
Жүрісі тас тергіштін дұрысталған.
Осыны жасап берген Ақан, Петя, –
Жүзеге асқан бұл да тұңғыш арман.
Ақан тұр қарап соның жүрісіне,
Қырандай қой тастарды бүрісіне.
Қасында Русаков та қарап соны,
Ақанның таңырқанды тың ісіне.
– Дұрыс қой бұл енгізген өзгерісің.
Осындай тапқырлығың тез көрінсін.
Тағы да ұсынысты ойлан, жігіт,
Тыңайтар техниканы өздеріңсің.
Ғаламат құрал керек кен ісіне.
Осыны сақта, Ақан, сен есіңе.
Жүр қазір учаскеңді аралайық,
Кел кешке, бұл туралы кеңесуге.
...Осылай танылған соң іспен анық,
Шәукеннің өшкен сөзі іште қалып.
Ісімен Ысқақтарға ұнап Ақан
Қазір ол инженер де сменалық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет