Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері



бет12/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Дәрілік шикізаты. Тамырларын (Radices Althaeae) көктемде (наурыз-маусым) және күзде жинайды. Тамырларын қазып аалған соң топырағын қағып тастап тез арада шырыштанып кетпес үшін жуып алады. Жуылған тамырларды 10-20 см етіп кеседі де, оны тоз қабатынан тазартады. Қалың тамырларын ұзындығы бойынша кесіп, кептіргіштерде тез арада кептіру керек кептіргіштің температурасы 45-600 С болуы керек. Тамырлары майыстырғанда майыспай тез сынып кететін болса, онда тамырларын құрғақ деп санауға боладв. Кепкен тамырлары сыртқы және ішкі беті ақшыл немесе сарғыш түсті (дәрілік жалбызтікен) емесе сұр түсті (армян жалбызтікені) сындарғанда шаңданады (крахмал), суға салғана шырыштанады. Дәмі тәтті, шырышты.
Химиялық құрамы. Тамырларында пентозан және гексозандар қосылысынан тұратын шырыштың 10% - нан тұрады; осы шамада пектинді заттар, крахмал 37 %6 сахарозалар 10%-ға дейін, майлы майлар 1,5-2,%-ға дейін болады.
Қолданылуы. Ұнтақ, тұнба, шырын күйінде қабынуға қарсы тұтқыр, қақырыққа қарсы және іш өтуде, қатаң гастритте, энтероколитте қолданылады. Қабынуға қарсы және асқазан ішек жолдарының нерв ұштарын басқа тітіркендіргіштерден сақтайды.
Өгейшөп жапырақтары – Листья мать-и-мачехи-Folia Farfarae
Кәдімгіөгейшөп – Мать-и-мачеха обыкновенная-Tussilago farfara L.
Астрагүлділер тұқымдасы – семейство – Astraceae
Сипаттамысы: Тамырлары өрмелегіш, ұзын, тармақты көпжылдық шөптесін өсімдік Ерте көктемде жапырақтары пайда болғанғы дейін гүлдейді. Гүл абақтары қысқа, тік, тармақсыз бурыл үсті қабыршақ тәрізді түкті жапырақтары бар төбесінде бір себеттен болады. Өсімдік үлдеп болағаннан кейін пайда болатын тамыржапырақтары ұзын сағақы, жапырақ тақтасы тығыз орналасқан. Жапырақ шеттері ретсіз, тісті, үстіңгі беті күңгірт жасыл түсті, жалаңаш, төменгі беті ақ түкпен көмкерілген. Гүл шоғырының шеңбері -2 см себеттер. Гүлдері алтын-сары түсті, шеткі гүлдері – тілді (аталық гүлдер) бірнеше қатар түзе орналасқан, ортаңғы – түтікше (қосжынысты) жай түктеден тұратын шашақ.
Таралуы. Өзен, арық жағалауларында, шұңқырларда, топырақты тік жарларда өседі. ТМД-ның барлық аймақтарында өседі. Еуропада, Азияда, Америкада таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет