Дәріс Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті және Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет1/9
Дата28.04.2023
өлшемі94,5 Kb.
#87655
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен 1 ДӘРІС




ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР


Дәріс 1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті және Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары.
Дәрістің мақсаты – Адамзат және оның шаруашылығының қалыптасуында ерекше орын алған тас пен қола дәуірінің ерекшеліктеріне тоқталып, табылған археологиялық материалдарына сипаттама беру. Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің саяси тарихы мен қоғамдық құрылысынадағы ерекшеліктеріне тоқталу.

1.Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу.


2.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштер.
3.Атқа міну мәдениетінің генезисі. Ерте темір дәуірінің археологиялық мәдениет ескерткіштері.
4.Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара қатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ)


Қазақстан территориясындағы тас дәуірі. Ежелгі адам өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. Оның негізінде тас өңдеу техникасының жетілдірілуі және онымен байланысты еңбек өндірісінің, материалдық және рухани мәдениеттің дамуы жатыр. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Өз кезегінде жоғарыда айтылған дәуірлер ірі хронологиялық кезеңдерге бөлінеді. Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады. Палеолит өз кезегінде ерте және кейінгі палеолитке бөлінеді.
Ерте палеолит ірі-ірі үш дәуірге бөлінеді, олар: олдувай (2,6 млн. — 700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың - 150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың – 31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Кейінгі палеолит 35-30 мың жылдан 12-10 мың жылға дейінгі уақытты қамтиды.
Көне тас ғасырының дәуірі – адамзат және оның шаруашылығының қалыптасу кезеңімен сипатталады. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді, жемістер мен жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді. Күллі тас ғасыры бойына еңбек құралын жасау жолындағы басты рөлді тас атқарады. Сол себептен де археологтар ежелгі тұрақтардан көбінесе тастан жасалған бұйымдарды табады, ал неолиттік тұрақтардан жануарлар сүйектерінен жасалған бұйымдар да кездеседі. Адамзат тас қасиетін жете білген. Материалды таңдап алу көп жағдайда құралдың неге арналатынына байланысты болған. Түрі мен ерекше сипатына қарай тас бұйымдар шапқыш, қырғыш, соққыш, бұрғы, пышақ, тескір және т.б. бөлінген.
Қазақстан территориясында ғалымдар ұзақ уақыт бойы тас ғасырының іздерін таба алмады. Бұл біздің еліміздің территориясында адамдардың кеш қоныстануы туралы жаңсақ пікірді туғызды. Алайда археологияның соңғы мәліметтері Қазақстан территориясында ашель дәуірінде адамдардың пайда болғандығын анықтады. Сол дәуірдің ескерткіштері Оңтүстік Қазақстанда, Қаратау жотасында табылды. Бұл Тәңірқазған, Бөріқазған, Ақкөл тұрақтары. Қазіргі таңда Қазақстанда палеолит мәдениетіне жататын екі аймақ белгілі, олар: Оңтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан. Орталық Қазақстандағы ашель дәуірінің ескерткіштері - Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаман айбат және Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтары болып табылады. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда, осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекте тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі тас құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет