Дәріс Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті және Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет6/9
Дата28.04.2023
өлшемі94,5 Kb.
#87655
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Шаруашылығы мен мәдениеті. Қазақстан өңірінде қола дәуірінің жүзден астам тұрақтары белгілі, оның отызында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Қола дәуірінің алғашқы кезеңіндегі қоныстардан табылған сүйектерге қарағанда бұл кезеңде тайпалардың негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болған. Мал шаруашылығымен қоса егіншілік дамыған. Олармен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану кеңінен орын алған. Оған Қазақстан жерінде мыстың, қалайы мен алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған. Адамдар малдың терісін өңдеп, жүнін түтіп, оны иіріп үстеріне киім етіп киетін болды. Ұршық пен қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыды. Адамдар жауынгерлік қарулар (найза, күрзі, балға, балта, шот, қанжар) жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Артық заттарды айырбастау орын алған.
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рулық құрылыс ыдырап, одан жеке отбасылар бөлініп шығып, мүлік теңсіздігі пайда бола бастаған. Осыған сай кедейлердің қабірлері қарапайым болса, ал байлардың қабірлерінен алтын және қола заттар, өрнектелген керамика ыдыстары табылған.
Көшпелі шаруашылыққа өту. Темірді пайдалануды үйрену, одан әртүрлі еңбек құралдарын жасау өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.
Адамдардың негізгі тұрмыс тіршілігі мен әл-ауқаты мал өнімдеріне байланысты болғандықтан жаңа өндірістік қатынастар қажет болды. Бұл жағдайдан шығудың сол кезде екі түрлі жолы бар еді. Біріншісі, егіс көлемін бірнеше есе көбейту және мал басын одан әрі көбейте отырып, малдың қыстық шөбін көбірек дайындау. Бірінші жолды таңдауға Қазақстан жерінің табиғаты мен климаты сәйкес келмеді, яғни суармалы егіншілікті дамытуға суландыру жүйелері жеткіліксіз болды және оны дамыту мүмкін болмады. Екіншісі, малды қысы-жазы далада жаятын интенсивті көшпелі мал шаруашылығы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет