Дәріс Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті және Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары


Энеолит (мыс-тас дәуірі) б.з.б. 3-2 мыңжылдықтар. Энеолиттік дәуір мал шаруашылығы басым дамыған далалық өңірде маңызды рөл атқарды



бет4/9
Дата28.04.2023
өлшемі94,5 Kb.
#87655
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен 1 ДӘРІС

Энеолит (мыс-тас дәуірі) б.з.б. 3-2 мыңжылдықтар. Энеолиттік дәуір мал шаруашылығы басым дамыған далалық өңірде маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит табиғи-экологиялық ортаны игеруге байланысты болғандықтан адам ең оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің мүлде басқа жолын таңдап алды. тұрақтардан айқын көрiнедi. Бұл жолда тас индустриясы кері кете қойған жоқ, керісінше бұрынғысынан да жоғары деңгейге көтерілді. Археолог ғалым А.В. Арциховский мыс-тас заманының өзіне тән бес белгісін атап көрсеткен: 1. Шаппа-шот жер шаруашылығының пайда болуы; 2. Мыс құралдарының пайда болуы; 3. Саз балшықтан жасалған үйлердің пайда болуы; 4. Аналық рулық құрылыстың болғандығын көрсететін әйел мүсіндерінің жасалуы; 5. Сырланған ыдыстардың пайда болуы. Бұл көріністер мыс-тас заманы кезіндегі материалдық игілікті өнімдердің өндірілуінің өркендей түскенінің айғағы.
Ботай мәдениеті. Көкшетаудағы Ботай бекетi жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай мәдениетi Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығының) далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құраған тайпалар қатысты. Оның қалыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В. Зайберт ашты. В.Н. Логвин, С. Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Торғайдағы Терсек мәдениетi солтүстік өңiрлердегi далалық энеолиттi сипаттайды. Осы мәдениеттердiң көптеген материалдық деректерi байырғы адамдардың дiни нанымынан, шаруашылық жайынан хабар бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған.
Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдың, Терісаққанның, жоғарғы Тобылдың, Обағанның, Шағалалының, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Ботай қонысынан қазіргі кезде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. Туыстарын қоныс аумағындағы ескі тұрғын жайларға жерлеп, жерленгендердің айналасына қабырғаларды жағалата жылқының бас сүйектерін қойған. Тұрғын жайлардың бірінде, қабырғалардағы сөреде ер адамның саз балшықпен мумияланған бас сүйегі табылды. Тұрғын жайлардың табалдырығы астында ит көмілуі жиі кездеседі, рәсімдік сипатта болуы керек. Өндірістік-шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Тігін керек-жарақтарының арасында инелер, тескіштер, біз бар. Керемика өндірісінде келсаптар, үккіштер, жылтыратқыштар, мейлінше әр түрлі қалыптар іске қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет