Дәріс Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті және Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет3/9
Дата28.04.2023
өлшемі94,5 Kb.
#87655
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен 1 ДӘРІС

Атбасар мәдениеті тұрақтар мейлінше шоғырланған жер – Ақмола облысының Атбасар ауданы бойынша аталған. Оның таралған аумағы: далалық өңірдегі Есіл өзенінің аңғраы мен қазақтың ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік-батыс бөлігі. Мәдениет б.з.б. ҮІІ мыңжылдықтың аяғы – ҮІ мыңжылдықтың басында Арал өңірінің шығыс Каспий маңы өңірінің тұрғындары араласуы жағдайында жергілікті мезолит тайпаларының материалдық негізінде қалыптасты (кельтеминар және ойықты мәдениеті). 200-ге жуық тұрақ зерттеліп, олардың 20 шақтысы қазылды. Бұл кезеңнің ескерткіштері: Виноградовка -2, Тельман-1, -10, Явленко селосының маңындағы Қарлыға, Боголюбово, Виноградовка -10, -14, Жабай-Покровка -3 тұрақтары. Атбасар мәдениетінің тұрақтарының бәрі Солтүстік Қазақстанның аса маңызды су жолдарының (Есіл, Шағалалы) ертедегі арналарының жағаларына орналасқан. Бұлар көлемі 25 шаршы метрден аспайтын дөңгелек және төрт бұрышты лашық түріндегі құрылыстар еді. Құралдар жиынтығы бірегей. Ол қалақша қалыптардан жасалған бұйымдар мен екі жағын өңдеу әдісімен сынық тастардан дайындаған құралдардың ұштасуымен сипатталады. Бұл кезде ірі қырғыштар мен пышақтар, шой балғалар пайда болды. Керамика ыдыс көлемі 1-5 л шамасында жарты жұмыртқа түрінде болған. Оның сырты тарақ тәрізді қалыппен безендірілген. Бірде-бір жерлеу орнының ескерткіші табылмай отыр.
Археолог, профессор Ж. Таймағамбетов бүгінгі күні белгілі болған көне тас дәуірінде өмір сүрген гоминидтер тұрақтарынан табылған мәдени ескерткіштерді саралай келіп, әр кезеңдерге негізінен үш аймақта: Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар) жєне Орталық Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш маңы) болды. Әр аймақтан табылған мәдени ескерткіштердің дамуына қарай өзіндік ерекшеліктері болды.
Маханжар мәдениеті. Торғай ойпатының түбінен табылған. Жақыс зерттелгендері: Маханжар, Тұздыкөл-2, Дүзбай-1-4, Сор-2, Бестамақ, Амангелді. Тобылда Алқау-2 тұрағы мәлім. Ескерткіштердің топографиялық сипаты: олардың көпшілігі жайылма сулардың кең уческелерінде, олар күрт таралатын жерлерде орналасқан. Бүгінде белгілі тұрақтарының бәрінде мәдениет құм немесе құмдауыт қабаттан тұрады және едәуір дәрежеде жойылып кеткен. Дүзбай-1 ескерткішінде ғана әлдебір құрылыстардың қалдықтарын табу мүмкін болды. Маханжар мәдениетінің ыдысы ерекше: керамикалық жұқа ыдыс қолдан жасалған және ұзынша пропорцияда болған. Қылта мойыны жіңішке, түбі конус тәрізді, кейде бұдырлы болып бітеді. Өрнек ыдыстардың әлі кеуіп үлгермеген сыртына тісті (тарақша) қалыппен салынған. Композициясы көлденең немесе тігінен салынған иректер, созылған параллельдер және басқа элементтер кейде бүкіл сырқы бетін безендіріп тұрған. Еңбек құралдарын дайындаған кезде Тобыл өңірінің тұрғындары қыстырмалар техникасын пайдалануды артық санаған. Құралдарды шетіне ретушь салу және кескішпен жаңқалау әдісісен дайындаумен қатар тегістеу әдісінің пайдалануы дұрыс атап өтілген.
Батыс Қазақстанда неолиттің бұрын кельтеминарлық – батысқазақстандық нұсқасы бөліп көрсетіліп келді. Кельтеминар мәдениетінің мерзімі б.з.б. 6 мыңжылдықтың аяғы – ІІ мыңжылдықтың басы деп белгіленді және Қазақстан мен Орта Азияның едәуір аумағын қамтиды. Тас индустриясы көлемі орташа қалақшалар мен шағын қалақшалар, сынықтары мен сындырылып алынған тастар түріндегі бейімделген нұсқалармен сипатталады. Атырау облысынан табылған неолиттік тұрақтарды: шатпакөл, Құлсары – 1-5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды тұрақтары ерекше айта кетуге болады. Керамиклық ыдыстарда «шырша», «ұсақ тарақша» өрнегі бейнеленген.
Өндіруші шаруашылық дәуіріндегі Қазақстан аумағы тұрғындарының демографиясы туралы мәселені қарастыра келгенде, ауланған жануарлардың құрамына, қамалап және қуып аулау жеке аулау ойдағыдай ұштастырылған аңшылық шаруашылық сол кездегі қоғамның біршама әл-ауқаты болуын жеткілікті дәрежеде сенімді қамтамасыз еткен. Теория жүзінде бүкіл Қазақстан 3620 қауым (161000 адам) тұратын жер бола алды. Бірақ бұл орайда аң аулау жөнінен өнімді емес алаптар мен қоныстануға қолайсыз аймақтың шартты түрде 50 % болғанын ұмытпаған жөн. Сондықтан Қазақстан неолиті үшін халық санын ең көп дегенде 80000 адам деп есептеу мейлінше дұрыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет