Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет24/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Жергiлiктi бюджеттер (облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi) - Бюджеттік кодекспен айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Бюджет процесi - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттiк органдардың бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiктi, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг жасау және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi.



    1. Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен кұрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар- бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.


Бюджет кодексіне сәйкес бюджет құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) кiрiстер: салықтық түсiмдер; салықтық емес түсiмдер; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер; трансферттер түсiмi;
2) шығындар;
3) таза бюджеттiк кредиттеу:
бюджеттiк кредиттер;
бюджеттiк кредиттердi өтеу;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерiн сатып алу;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
5) бюджет тапшылығы (профицитi);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет