Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Ұлттық қордың атқаратын функциялары



бет26/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

Ұлттық қордың атқаратын функциялары:

  1. жинақтау функциясы – қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді.

  2. тұрақтандыру функциясы - шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.

Үкімет жүргізген бюджеттік реформаға сәйкес барлық мұнай табысы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қорға түседі, бұл мұнайға деген жоғары бағаның арқасында ғана қаржыландырылатын бюджет шығысының ақталмаған өсімін ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсiмдер:
1) мұнай секторы ұйымдарының тiкелей салықтарынан (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға:
- корпоративтiк табыс салығы;
- үстеме пайда салығы;
- пайдалы қазбаларды өндiру салығы, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегi үлестер;
- экспортқа рента салығы;
- өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жатады;
2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетiн басқа да түсiмдерден (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн түсiмдердi қоспағанда), соның iшiнде мұнай келiсiмшарттары талаптарының бұзылғаны үшiн түсiмдерден (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн түсiмдердi қоспағанда);
3) республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдерден тұрады.


Бақылау сұрақтары:

    1. Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні.

    2. Мемлекеттік бюджет жүйесі және оның құрамы.

    3. Мемлекеттік бюджет жүйесінің қағидаттары.

    4. Қазақстан Республикасының кірістері мен шығыстарының құрамы.

    5. Бюджет тапшылығы, оларды қаржыландыру көздері.

    6. ҚР Ұлттық қор және оның атқаратын қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет