Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет27/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

8 - тақырып. Бюджеттен тыс қорлар


8.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні

Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.


Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әртүрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар — экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар — бұл, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмса-латындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:

Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік органдарының — орталық, республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық төлеуден босату;
ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер болмайды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет