Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Қазақстан Республикасының экономикалық қорлары



бет29/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
8.3 Қазақстан Республикасының экономикалық қорлары


Қазақстанның Инвестициялық қоры. «Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ Қазақстанның даму институты ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған. «Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ-ның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ.
Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыруда сенімді серіктестік Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады.
Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.
Ұлттық инновациялық қор.
Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыру мақсатымен 2003 жылы құрылған.
Ұлттық инновациялық қордың міндеттері:
- отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлық қорлар құру;
- түрлі даму кезеңдерінде венчурлық қаржыландыруды іске асыру (идеялар мен прототип жасаудан өндірісті кеңейтуге дейін);
- инновациялық белсенділікті арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру.
Ұлттық Инновациялық қор инновациялық жобаларды, үлестік бақылаусыз қатысу жолымен қаржыландыруды іске асырады. Осы мақсатта Қордың мамандары тұрақты түрде, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларының дамуына көмектесетін инновациялық идеяларды іздестіруді жүргізуде. Қордың қарастыруына берілетін инновациялық жобалардың, таңдалу кезіндегі басты құраушыларының бірі болып, олардың инновациялылығы және коммерциялануы табылады.
Инновациялық жобалар ғалымдар көп қажет ететін өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жасауға немесе оның техникалық деңгейін жоғарылатуға, жаңа технологияларды енгізу және қолданылатын технологиялардың дамуына бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет