Дәріс 12. Балалар прозасының көрнекі өкілдері (Б.Майлин, С.Мұқанов,
М.Әуезов).
Жоспар:
Б.Майлин
шығармаларының
көркемдік
ерекшеліктері.С.Мұқанов
шығармаларындағы тіл өрнегі.
Төрт томдық эпопеядағы Абайдың бейнесі, әр кітаптағы ақын шыққан биіктікті,
оның өсу, даму жолын саралай, даралай талдау.
Бейімбет Майлин (1894-1938) – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ
әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға
тартты. «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» –
сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз»
құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдыковпен бірге
«Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды. Туып-өскен жері
қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен,
алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға
жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.
1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде,
Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім
алған. 1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды.
«Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» журналдарына жазып тұрады.
Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ
атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім
меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. 1920-1922 жылдары
газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген
тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-сегіз адам
жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен
Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық
«Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ»
газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын
(ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы
жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде
бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті»
басылымдарының бас редакторы болып істейді.
Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды.
Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-
мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан!жақты да терең суреттеліп, қміршең типтік
бейнелер жасалды. Майлиннің ақындық қызметі 1912ж. жазылған «Мұсылмандық
белгісінен басталады». Төңкеріске дейін жазған көп өлеңдерінде («Мұқтаждық»,
«Мал», «Байлыққа») ауылдың ауыр тұрмысы, әлеуметтік теңсіздік жырланады.
1916ж. ұлт-азаттық қозғалысы Майлин шығармашылығындағы халықтық
сыйпатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған «Қанды тұман» өлеңінде
қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі суреттеледі. Ақынның
шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар
түпкілікті қалыптасып, жаңа биіктергк бет алды. «Кедей», «Жауыз кім?»,
«Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз
бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген
ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен жырға
қосты. Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы жылдардағы
қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай -
тұтас бір қтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің қмірінде болған қзгерістерді оның сана-
сезімі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі арқалы шынайы суреттелген
типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге көтерілген бейне қазақ
әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты
өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді.
Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі»,
«Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа
негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел»,
«Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке
жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды. 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып,
қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.
2.
Сәбит Мұқанов 1900 жылы 26 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан
облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар ауылында кедей отбасында
дүниеге келген. Жеті жасқа толғанда әкесі Мұқан қайтыс болып, сегізге аяқ
басқанда анасынан айырылады. Сөйтіп жастайынан жетім қалған бала Сәбит
ағасы Мұстафаның қолында қалады.
Жетімдіктің тауқыметін тартқан Сәбит еңбекке ерте араласады. Он жасынан
бастап байлардың есігінде жүріп күн кешті. Қойын бақты, отыны мен суын
тасыды, жылқышы болды. Жоқшылықтан көзін аша алмай, мұқтаждық қолын
байлап оқи да алмады. Алайда білімге деген құштарлығы бір сәт те басылған
емес. Өз бетінше оқу-білімге ұмтылып, ауыл молдасынан хат таныды. 14-15
жасында ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап
айтып үйренді. Өлең шығаруға талаптанды, ел аузына ілігіп, ауыл ішінде өлеңші
бала атанды. Абай Құнанбайұлының 1909 жылы басылған өлеңдер жинағымен
танысып, Абайдай ақын болуды армандады. Абайдың поэзиясы Сәбит
Мұқановтың ақындық талантына зор қозғау салады.
Сәбит Мұқанов 1918 – 1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында
білім алды. Оқып жүріп Мағжан Жұмабаевқа хатшылық етті. Оның педагогика
курсы тарихынан оқыған дәрістерін қағаз бетіне түсірді. Өзі шығарған алғашқы
өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады. Оқуын
тәмамдағаннан кейін Сәбит Мұқанов біраз уақыт мұғалім болып қызмет етті. 1920
жылы жазда Мағжан Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта
ашылып‚ күзге дейін сонда оқуын жалғастырды.
1921–22 жылдары әр түрлі қызметтер атқарды. 1922 жылы Орынбордағы
жұмысшылар факультетіне түсіп, 1926 жылы бітіріп шықты.
Сәбит Мұқанов 1926-1928 жылдары баспасөз орындарында қызмет атқарып,
республикалық "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газеті бөлімінің
меңгерушісі, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы болды. 1928
жылы Петропавл қаласының "Кеңес ауылы" газетінің редакторы және
Жазушылар бөлімінің жетекшісі қызметін атқарды. 1930 жылы жергілікті ақын-
жазушылардың шығармалары негізінде "Жарыс" альманахын шығарды.
Сондай-ақ,
Сәбит Мұқанов 1937-1941 жылдары Абай атындағы
педагогикалық институттың профессоры болып, қазақ әдебиетінен сабақ берген.
1943-1951 жылдары екінші рет Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы
қызметін атқарды. Сәбит Мұқанов 80 мың жолға жуық лирикалық өлең,
жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер,
оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-
жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің
тарихы мен этнографиясы туралы зерттеу еңбектер және тағы басқа кітаптар
жазып қалдырды.
Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен
әңгімелері 1917 жылдан жариялана бастады. 1924 жылы өлеңдер мен
мақалалардан және аударма шығармалардан тұратын "Совет өкіметі һәм қазақ
әйелі" атты тұңғыш кітапшасын шығарды. Жиырма жасынан поэма жаза бастады.
1928 жылы "Сұлушаш" дастаны, 1931 жылы "Адасқандар" романы және тағы
басқа туындылары жарық көрді. "Сұлушаш" дастанында ғашықтық, махаббат
мәселесін көтере отырып, әлеуметтік мәні зор түйіндерді толғаған. Ал
"Адасқандар" романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі саналды. Ол
бұл романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы "Мөлдір махаббат" деген атпен
қайта бастырып шығарды.
3. Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан
облысының (бұрынғы Семей облысы) Шыңғыстау бөктеріндегі Қасқабұлақ деген
елді мекенде дүниеге келді. Мұхтар туылғанда, Абай елу екі жаста, есімі елге
кеңінен тараған атақты ақын еді. М.Әуезов Абайды өз көзімен көреді.
Жастайынан Абай өлеңдерін жаттап, ауылдағы ескі құлақ қариялардан аңыз-
ертегілерді, жыр-дастандарды жалықпай тыңдап, Абай мектебінен осылайша
тағлым алады; ұлы Абай поэзиясының асыл қасиеттері жас Мұхтардың жүрек
түкпіріне сөз өнерінің ұрығын терең сеуіп, келешекте шешек атып гүлдеуіне негіз
жасайды.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – аса көрнекті қазақ совет жазушысы, ұлы
суреткер, әдебиетші-ғалым, зор қоғам қайраткері. Оның шығармашылығы тек
кеңестік қана емес, бүкіл дүниежүзілік прогресшіл мәдениетке үлкен қазына
болып қосылды.
Мұхтар Әуезов талантының барынша жарқырай бар қырымен, сыр-
сымбатымен көрінген шығармасы – “Абай жолы” роман-эпопеясы. Қазақтың
өткен ғасырда жасаған ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірінен жазылған төрт
томдық эпопея жазушы шығармашылығының бас кітабына айналды.
М.Әуезов “Абай жолына” үлкен дайындықпен келді. Жазушы тетралогияны он
бес жылға жуық уақытта жазды. Абайдың шығармашылық өмір жолын тереңдеп
зерттеген көптеген ғылыми мақалалар мен монография жариялады. 1936 жылы
Леонид Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясы (1939) қазақ
драматургиясының үздік туындыларының біріне айналды.
“Абай жолы” романының алғашқы тараулары отызыншы жылдардың аяғында-
ақ әдебиет журналында жариялана бастады. Пушкиннің 100 жылдығына орай
жарық көрген «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі кейін «Абай жолы» роман-
эпопеясына бір тарау болып енді. Төрт томдық роман-эпопеяның біріншісі 1942
жылы, екіншісі 1947 жылы, үшіншісі 1950 жылы, соңғысы 1949 жылы СССР
Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1959 жылы төрт томдық “Абай жолы” роман-
эпопеясы үшін Мұхтар Әуезовке “Лениндік сыйлықтың лауреаты” атағы берілді.
Ұлы жазушының өлмес еңбегіне, заңғар талантына көрсетілген бұл баға сол
кездегі әдебиет пен өнерге берілетін ең жоғары, ең беделді атақ болатын.
Мұхтар Әуезов қазақ халқының да әлемдік өркениетте өзіне лайықты
құрметті орны бар екенін “Абай жолы” роман-эпопеясын жазу арқылы дәлелдеп
берді. Көркемдік әдістің, бейнелеу құралдарының мүмкіндіктерін кеңінен
пайдаланып, өмірді көркемдік тұрғыдан бейнелеп көрсетудің асқан үлгісін
көрсетті; қазақ халқының философ ақыны Абайдың толық қанды бейнесін
жасады; қазақ әдебиетіне жан-дүниесі, өмірлік бағыты айқын бейнеленіп сом
жасалған тың кейіпкерлер әкелді; өткен ғасырдағы қазақ даласының тұрмыс-
тіршілігін барлық тынысымен суреттей білді; қазақ даласының көркем келбеті
шын мәнінде тұңғыш рет осы эпопеяда толық бояуымен, суретімен көрінді; қазақ
прозасына терең психологизм әкелді. Ең соңында, қазақ әдебиетін әлемге паш
етіп, М.Әуезовтің өзі әлемдік әдебиет алыптарының қатарынан берік орын алды;
ал “Абай жолы” эпопеясы болса, аса жоғары бағаланды да дүние жүзілік
әдебиеттің классикалық шығармасы қатарында адамзат рухани байлығының
алтын қазынасына қосылды.
1956 жылы атақты “Абай жолы” эпопеясын аяқтады. Бұдан бұрын да
жазушының көп томдық шығармалар жинағы оның көзі тірісінде 6 том (1955-
1957 жылдар), ал қайтыс болганнан кейін 12 том (1967-1969 жылдар) болып
жарық көрген болатын. Ал оның 5 томдық шығармалар жинағы орыс тілінде
Москвада «Художественная литература» баспасынан (1973-1975 жылдар)
жарыққа шыкты.
Достарыңызбен бөлісу: |