«Күйші», «Құлагер» поэмалары қазақәдебиетінің асыл қазынасына қосылған
классикалық жаңашыл көркем туындылар. Ақынның «Күйші» және «Құлагер»
поэмаларын Мұхтар Әуезов:«Әрі поэма, әрі өлеңмен жазылған роман» — деп
бағалаған.
Бұлардан басқа: «Кәнпеске», «Мәйек», «Жаңа туған»,«Жорық» атты
поэмаларын жариялаған. Баспаға әзірлеп үлгермеген, қолжазба күйінде қалған:
«Мақпал», «Исатай», «Көбік шашқан», «Байкал», «Рүстем қырғыны» атты
поэмалары бар.
Проза жанрына қоскан жазушы улесі де аз емес. Оның толып жатқан әңгіме,
очерктерінен басқа, оқушы жұртка мәлім, «Жолдастар». Романы (бірінші
кітабы
1935 жылы баспадан шыққан) бар.
Ілияс драма жанрына да елеулі үлес қосқан драматург-жазушы. Оның «Кек»
(1931) атты пьесасымен қазіргі Абай атындағы облыстық театр 1934 жылы өзінің
тұңғыш шымылдығын ашты. Сонымен қатар «Түрксиб» (1934), «Исатай –
Махамбет» (1936) пьесаларын жазды.
Ілияс Жансүгіров қазақ совет әдебиеті тарихында сатира жанрының негізін
қалап,фольетон, сықақ әңгіменің шебер қаламгері атағына ие болған сатирик-
жазушы. Кеңсешіл-бюрократты ащы ажуа, сайқымазақ еткенде. «Бюрократтың
жастау болса бұйра шашы болады, кәрілеу, болса қасқа басы болады. Желіндеген
жирен биедей буаз портфелі балады. Тақылдаған таяғы, сықырлаған аяғы болады»
деп сипаттайды.
Сол сияқты оның әзіл, сықақ өлеңдері де әрі көркем, әрі өткір
келеді. Ақынның сатиралық шығармаларының өзі бір төбе. Жас өспірім балалар
әдебиетін дамытуға да оның қосқан үлесі аз емес. I.Жансүгіровтың аударма
саласындағы ақындық өнері де орасан зор. Ол еңбегі оның өз
шығармашылығының кең құлаштап, шарықтап өсуіне де игі әсер етті. Орыс және
дүние жүзі. классиктерінің: Пушкин
, Лермонтов,Некрасов,. Гете, Гейне, Виктор
Гюго шығармаларын, орыс совет акын жазушыларынан: М. Горький,
В.Маяковский, И. Уткин, Д.Бедный, М.Голодный, А.Жаровтардың таңдаулы
шығармаларын, қазақ тіліне шебер аударып, қазақ,
совет поэзиясының асыл
қазынасын онан сайын байытып кетті.
І.Жансүгіров – асыл сөзден алтын сарай соғып қалдырған, өлмес, өшпес, өмір
тапқан ұлы ақын.
Достарыңызбен бөлісу: