Дәріс Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар


Дәріс 9 А.Байтұрсынұлы – балалар әдебиеті тарихындағы ірі тұлға, аса



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата30.01.2023
өлшемі490,96 Kb.
#63867
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
дәріс (1)

Дәріс 9 А.Байтұрсынұлы – балалар әдебиеті тарихындағы ірі тұлға, аса 
көрнекті ғалым, ақын, аудармашы. 
Жоспар: 
А.Байтұрсынұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі, оның «Қырық 
мысал», «Маса» жинақтарындағы ағартушылық көзқарасы, мысалдарындағы 
тәрбиелік үгітнасихаты. Бастауыш «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында оның 
шығармаларының берілуі жайы мен оқыту жолдары. 
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы бірінші − қаңтарда Қостанай облысы, 
Жангелдин ауданы, Сарытүбек аулында дүниеге келген. Ақын, әдебиет зерттеуші, 
ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, 
қоғам қайраткері. Ол 1882-1884 жылдары ауыл мектебінде оқыды. Оның 
бойындағы ұлтжандылық қасиет отбасында қалыптасты. Отбасының сол 
замандағы зұлматтың қасіретіне ұшырауы, қоғамдық-әлеуметтік жағдай оның 
болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына тікелей ықпал етті дей аламаыз. 
Себебі, ғалымының балалық шағы Ресейдің отарлау саясатымен тұспа-тұс келді.
А.Байтұрсыновтың немересі С.Кәкішев «Ахаң туралы ақиқат» атты 
ғұмырнамасында оның балалық шағынан бастап, саяси қоғам қайраткері болғанға 
дейінгі өмірін жан-жақты сөз ете келіп, былай дейді: «…Байтұрсынның әкесі 
Шошақ күшті, мінезі салмақты, ақылды, шындықты бетке айтатын 
турашылдығымен ел жұртына беделді, шаруа кісі екен. Сол қиын қыстау 
күндерде халқының мәдениетін, мұңын жоқтар, сырттан болған әр түрлі 
шабуылдан қорғап, талай шайқасқа түссе керек. Содан Шошақтың батырлығы, 
ерлігі, ақылдылығы туралы әңгімелер ел арасында тарап кеткен». 
Ал, Ахметтің әкесі Торғай уезінің начальнигі Яковлевті көрсеткен 
озбырлығы үшін сабап, басын жарғандықтан Сібірге айдалады. Осы оқиға 
Ахметке бала кезінен-ақ қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік туралы ой түсіріп, өшпес 
із қалдырғанын оның «Анама хат» өлеңіндегі: 
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам-деген жолдарынан аңғарамыз. Ол 1895 
жылы Орынбордағы учительский школаны бітіріп, әуелі Ақтөбе уезі Батпақты 
болысындағы А.Қопсықбақовтың ауылнай школында, одан соң Қостанай уезі 


Әулиекөл деген жерде болыстық школында, кейіннен Қостанай қаласындағы екі 
сыныптық орыс-қазақ школында мұғалім болды.
1886 жылы Ахмет Омбыға келіп А.Е.Алекторовпен танысады. Осы жерде 
А.Е.Алекторовпен таныса келе, оның ішкі саясатын айқын аңғарады да, оны 
Н.И.Ильминскийдің саясатын жалғастырушы деген ой түйіндейді. Ахмет 1886 
жылдан 1907 жылға дейін Қарқаралыда орыс-қазақ школында, одан кейін қалалық 
училищенің оқытушысы қызметін атқарады. Осындай ағарту ісімен айналысып 
жүрген кезінде-ақ, оның дүниеге деген саяси көзқарастарының қалыптасуы 
басталады, әрі осы жылдары өзінің «Қырық мысал» атты еңбегін жазады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылдары 
Санк-Петербургте жарық көрді. 
А.Байтұрсынов «... Газета – халықтың көзі, құлағы Һәм тілі. Адамға көз 
құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек... Жұртым деп 
халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, 
зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады» -деп газеттің қазақ 
халқына тигізер пайдасын көрсетеді. Ұлттық баспасөздің негізі болатын 1911 ж 
шыққан «Айқап» журналы мен Бөкей ордасында жарыққа шыққан «Қазақстан» 
және бірнеше қазақ тілінде газеттер болды. Осы газеттердің бетінде қазақтың 
қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайлары туралы мақалалар үздіксіз жарияланып 
отырды.
«Қазақ» газеті бүкіл ұлтымыздың мәдениеті мен тарихын насихаттаумен 
қатар қазақтың зиялы қауымының саяси көзқарасын қалыптастырып, саяси 
партияларды құруға негіз болды. Жалпы газет 1913 жылдан 1918 жылға дейін 
шығып тұрды. Газеттің 265 саны жарық көрді . 
1911 жылы Орынбор қаласында «Маса» жинағы жарыққа шығады. Мұнда 
Ахметтің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, 
жетімдік-жоқтық бір талай өлеңдерге арқау болады. Ел тағдыры, халық қамы, 
бостандық арманы – басты сарын. «Маса» кітабына енген өлеңдерде жеке бастың 
мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, 
азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар-
абыройын сатқан, «жақсылығы өз басынан артылмаған», «бос белбеу, босаң туған 
боз бала», «бір тойғанын ар қылмаған шалдар», «қайырсыз кеще сараң байлар» 
сыналады. «Туысыма», «Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Жұртыма» өлеңдерінде 
ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. «Анама хат», 
«Жауға түскен жөн сөзі» – қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік 
жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. 
А.Байтұрсынов қалдырған мұралар да әр тектес. Мысалы; «Маса», 
«Қырық мысал» деп аталатын өлең жинақтары, «Тіл құрал», «Әліпби», «Оқу 
құралы» деген қазақ тілін оқытып үйретуге арналған оқулықтары мен 
хрестоматиялары, оқыту әдісіне арналған әдістемелік құралдары, оқу ағарту 
мәселесіне арналған мақалалары, графика мен терминалогия мәселелерін 
әңгімелейтін мақалалары мен баяндамалары саяси әлеуметтік тақырыпты 
қамтитын публицистикалары. Ал оның педагогикалық идеялары «Қазақша оқыту 
туралы», «Мектептер қажет», «Бастауыш мектеп», «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай 
әдіс жақсы» т.б еңбектерінде де айқындалған. 1912 жылы Орынборда шыққан 


«Оқу құралында» дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың «жеңілден ауырға» 
ұстанымы бойынша бірте бірте күрделендіріледі. Онда тақырып бойынша бала 
өмірде күнделікті қолданатын, кездесетін сөздермен таныстыру ұстанымы 
сақталған. Әрі қарай баланы қызықтандыратын жаңылтпаш, жұмбақтар және 
мақал мәтелдер берілген. Одан кейін ғана қысқа мәтіндер мен өлең шумақтарын 
береді. 
А.Байтұрсынов «Мектеп керектері» атты мақаласында, мектептің ең 
қажеттісі ретінде үш нәрсені алдымен айтады. Олар: мұғалім, оқу құралдары, оқу 
бағдарламалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет