Дәріс Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата30.01.2023
өлшемі490,96 Kb.
#63867
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
дәріс (1)

Дәріс 
10. 
Алаш 
арыстарының 
(М.Дулатұлы, 
М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытұлы) балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
Жоспар: 
М.Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы, балаларға арналған табиғат 
лирикасы, оқу-білімге шақырған өлеңдері. Ж.Аймауытұлының балаларға 
арналған өлеңдері, әңгімелері, бала жанына жақын Қартқожа образы. Бастауыш 
«Әдебиеттік оқу» оқулықтарында оның шығармаларының берілуі жайы мен 
оқыту жолдары. 
1. Міржақып Дулатов халқының келешегі үшін, ұрпақ тәрбиесінің болашағы 
үшін жан аямай күрескен ақын, жазушы, аудармашы, педагог.
Қазақ поэзиясындағы азамат мектебінің негізін салушы, өзінен кейін үлкен 
рухани мұра қалдырды. 1902 жылы Торғай қаласындағы 2 сыныптық орыс-қазақ 
мектебін ойдағыдай бітіріп, ауыл мектептерінде 7 жылға жуық жас ұрпаққа білім 
беріп, халықтың тағдырына байланысты саяси-әлеуметтік мәселелермен 
шұғылданады. Өздігінен білімін дамытып, білгенін ел өмірімен байланыстырып, 
халықтың талап-тілегіне орай, ағартушылық жұмыстармен шұғылданады.
1904 жылдың басында Ахмет Байтұрсыновпен екеуі үндеу жазып, алаш 
ұлдарын патшаға қарсы күреске шақырады. Бұл кезде халық ішінде наразылық 
күшейе түскен еді. Міржақып пен Ахмет Омбы қаласына кетеді. Қазақ зиялылары 
А.Бөкейханов, Ж.Ақбаевтармен танысады. Қарқаралыда 1905 жылы патшаға 
қарсылық білдірген демонстранттар қатарында болады. 1906 жылы Петербургке 
қазақ конституциялық-демократиялық партиясының делегаты ретінде барып 
қайтады.
Қазақ халқының сана-сезімі оянып, жастардың білім алуға, ғылымды игеруге 
деген құлшынысы өріс алды, қазақтың ұлттық интеллигенциясы қалыптасып
оның тәлім-тәрбие және оқу-ағарту мәселелеріне деген ынтасы арта түсті. 
Осының барысында қоғамдық ортада «қазақ бастауыш мектебі қандай болуы 
керек?» деген мәселелер күн тәртібіне қойыла бастады.
Оқу, педагогтік қызмет − өмір бойы қаламгердің айрықша көңіл аударған, 
қолы босаған сәтте ықыласпен айналысқан жұмыстарының бірі.
Міржақып 
Дулатұлы оқыту әдістемесі саласында ерекше еңбек етіп, қазақ бастауыш 
мектебіне арналған, бір-бірінен мүлде өзгеше бірінші және екінші сыныптар 
үшін төрт оқулық жазды. Бұл еңбектер қазақ топырағындағы қазақ тіліндегі 
математика оқулықтарының төл басы болып есептелінеді. Жаңа шаңырақ көтеріп 


жатқан оқу орындарына арнап «Есеп құралы. Бастауыш мектеп оқушыларына», 
«Есеп құралы. Бастауыш мектепте екінші жыл оқытылатын», «Қирағат кітабы» 
оқу құралдарын шығарды.
М.Дулатұлы ағартушылық бағыттағы еңбектерінде де ұлттық мүддені 
көздеп, ұлт тілінің бүлінбей таза, тұнық күйінде сақталуына ерекше мән берген. 
«Қирағат кітабы» оқу құралында педагог-ғалым былай дейді: «Бастауыш
мектепте алған тәрбиесінің әсерлі, күшті, сіңімді болуы, қай халықтың мектебінде 
болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғаттан 
жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсұтына муафиқ үйретуден, осылай біліп, 
баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы 
сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, кезекті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар 
бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп-медресінде оқыса да, 
қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды қайда 
болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып 
қалады». Бүгінде енді ғана жандана бастаған ұлттық педагогиканың негізгі 
бастауы осы еңбектерден басталатын сияқты.
А.Байтұрсыновтың 1912 жылы шыққан «Оқу құралы» өз кезегінде 
бастауыш қазақ мектептері үшін математикалық оқу құралдарын шығару ісін 
жедел қолға алуға мүмкіншілік туғызды. М.Дулатов «Есеп құралы» атты қазақ 
тіліндегі математикадан алғашқы оқулық жасайды. Өз заманында М.Дулатовтың 
бұл еңбегі А.Байтұрсынов тарапынан жақсы бағаға ие болған. 
2. Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. 
Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып 
кеткен. 
Мағжанның туып өскен жері – Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев 
ауданы. Әкесі Бекен – көзі ашық, өжет, қайратты, парасатты адам. Көп жылдар 
болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық 
жасайды. Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген 
оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген. Зерек Мағжан төрт жасында 
осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте 
танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс 
әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан 
оқып-үйренеді. Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі 
Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді. Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол 
тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де 
ашылады. 
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген 
өлеңдерін оқып, сонан сусындайды. Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» 
медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик 
жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді. Бұл медреседе сол жылдары бірталай 
қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы 
Бейімбет Майлин де болған. 
Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан 
басылып шығуына қол ұшын берген – ұстазы Ғалымжан Ибрагимов. 1912 жылы 
небәрі 19 жасында Мағжан ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың 


көмегімен «Шолпан» атты тұңғыш жинағын жарыққа шығарады. 1923 
жылы оның Ташкентте «Педагогика» атты кітабы және төменгі сыныпқа 
арналған «Сауатты бол» атты оқулығы жарық көреді. 
Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай 
жалғастыруына да ақыл-кеңес береді. Мағжан орыс һәм Еуропа мәдениетінен 
сусындамақ болып, Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. Осы оқу 
орнында ол Сәкен Сейфуллинмен алғаш танысады. Мағжан семинарияны алтын 
медальмен бітіреді. Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, 
орыс тілін де жетік. 
Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» 
сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген 
суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен 
түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі – батыр Баян. «Батыр 
Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен 
осы аруақты көкжал батырға арналған.
Елінің 
тарихы 
мен 
мәдени 
мұраларын 
терең 
білген 
Мағжан 
қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың 
қобызы», «Ертегі» сияқты бірнеше тамаша поэмалар тудырды. 
3. Ж.Аймауытов қазақ қоғамының ең бір күрделі кезеңінде, әлеуметтік 
революциялар дәуірінде өмір сүді. Заманның, уақыттың күрделілігі, өз ортасының 
мешеулігі, революциялық өзгерістермен қайшылықты түсініспестікке түскен 
феодалдық қоғамның кейбір ұғым түсінігі оның шығармаларында із қалдырмай
қойған жоқ. 
Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918ж.
ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми- қоғамдық
«Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов «… 
қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ағартушы Абайдың
көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел
дәрежесіне жеткізу еді»,-деп жазды. 
Ж.Аймауытұлы өзінің 1924 жылғы “Тәрбиеге жетекші”, 1926 жылы жазған 
“Психология”,”Жан жүйесі және өнер таңдау” атты кітаптарында психология 
ғылымын алғаш рет төл тілімізде сөйлете бастады. 
Ж.Аймауытов «Адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің
түрлі-түрлі болуынан… Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, 
өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен», - дейді. 
Ол тәрбиенің екі түрі болатынын: дене тәрбиесі жіне жан (рух)тәрбиесі болып 
бөлінетіндігін атап көрсетеді.Ж.Аймауытов жазушы есебінде ғана емес, бар сөз 
байлығымен, ойлау жүйесімен, тілінің бейнелігімен, ырғақты, тапқыр ұйқасымен 
барлық өзі жазған жанрда ақын. Жүсіпбектен қалған өлең-жырлар, поэма, тағы 
басқа поэзиялық туындылар да бірсыпыра. Бұлардың көбінде де автор ескі 
өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңа дәуір өзгерістерін ақындық сезімен жырлауға 
тырысады. Ол балаларға арнап ертегілер, сурет кітаптар жазды.
Жүсіпбектен қалған мұра аса бай. Оның ішінде “Қартқожа”, “Ақбілек”, 
романдары, “Күнікейдің жазығы” повесі мен көптеген әңгімелер, “Рабиға”, 
“Мансапқорлар”, “Сылаң қыз”, “Ел қорғаны”, “Қанапия-Шәрбану”, “Шернияз” 


атты пьесалар, өлеңдер мен “Нұр-күйі” Поэмасы, балаларға арналған ертегі 
кітапшалар, сын мақалалар мен көптеген аударма кітаптар, оқулықтар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет