ерекшеліктеріне
тоқталып, әділ баға берген. Қазақ балалар әдебиетінің «жоқ»
емес, «бар» екенін дәлелдеген сыншы. Әрбіреуі «осылай ма еді?» деген ойға
қалдыратындай ақындарды танытуы - азаматтығы десек болар. Оған дәлел ретінде
балалар ақыны Жақан Смақов туралы ойларын жүйелесек, ақын тұлғасы биіктеп
шыға келеді. «Жақан Смақов - бесік жырынан бастап сәби құлағын үйретіп, қаз-
қаз бастырып, жырмен тұсауын кесіп, ертегі тыңдатып, ертегі айтқызып, баланы
мектепке ертіп апарған ақын. Оның әр жанр – алуан табиғатты өлеңдерінен
сәбидің санатқа қосылу эволюциясы айқын аңғарылады. Адамзат болашағы –
баланың
қалыптасу жолын, қилы-қилы мінезін оның өлеңдерінен айқын көріп,
жүздесіп, сырласып отырасың». Демек Жақан Смақовта жас баланың жас
мөлшеріне лайық өлеңдердің бәрі табылады. Тек соны балаларға ұсынып, қажетке
жарата білу керек. Сыншы Жақан Смақов өлеңдерін төмендегіше топтап, талдап
көрсетеді: 1. Бесік жыры, 2.
Жан-жануар, төрт түлік мал жайлы өлеңдері,
3.Ұйқасын тап, 4. Ойын өлеңдер, 5.Ән өлеңдері, 6.Ертегі, 7.Поэма. Осы сипаттас
қазақ балалар әдебиетінде атын ерекше атауға болатын ақынның бірі-Мүбәрак
Жаманбалинов. М.Жаманбалинов шығармашылығы туралы Қ.Ергөбек: «Балалар
өлеңінің танымдық сипаты мол болуы керек. Айту оңай болғанымен, орындалуы
қиын талап бұл. Сәл ірі айтсаң, өлеңді есейтіп жібереді,
сәл сыбырлап айтсаң,
балаға жетпей қалады. Мүбәрәк қиын күрмеуін өзінше шешіпті. Ол табиғат
құбылыстарын жырлағанда, суреттей отырып, суыртпақтап ой айтады. Ол аң, құс,
жан-жануарлар туралы өлең жазғанда, танымдық сипатты тәрбиелік оймен бір
қосып жымдастырып жібереді. Және бір табысы
- бірін-бірі байытар, бірін –бірі
пән ретінде аша түсер екі құбылысты өзара шендестіріп, салыстырып бейнелейді»
С.Жиенбаев 1956 жылдан бастап біржола шығармашылықпен айналысты. Ол
"Қазақ әдебиеті", "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газеттерінде, "Мәдениет
және тұрмыс", "Жұлдыз" журналдарында бөлім меңгерушісі болды. Ұзақ жылдар
бойы "Жазушы" баспасында поэзия редакциясын басқарды. Ақынның алғашқы
"Қарлығаш" аталатын өлеңдер жинағынан кейін "Сыйлық", "Таң алдында", "Дала
гүлі", "Қайырлы таң", "Алтын қалам",' "Нан мен түз" таңдамалы жинағы, "Іңкәр
дүние", "Жарық жұлдыздар", "Бақ құсы"
өзге де отызға тарта елең
жинақтары,тандамалы дастандары жарық көрді. Кеңестер Одағының батыры
Ә.Молдағұлова хақында жазған "Әлия" поэмасы кезінде оқырман қауымнан
жиғары бағасын алған еді.
Ақынның ең таңдаулы өлеңдері музыка тілінде сөйлеп, халық арасында кең тарап
кетті.
Мектеп оқулықтарына енген шығармалары: "Әлия", "Бозторғай", "Жарық
жұлдыздар", "Жиырма сегіз", "Ботақан", "Қошақан", "Бұзауқан", "Ұшып келем".
М.Әлімбаев шығармаларының басты тақырыптары саналы азамат тәрбиелеп,
жасөспірімдердің білімін жетілдіруге арналған. Жазушының балаларға арнап
жазған «Шынықсан шымыр боласын», «Жұмбақ тас», «Менің ойыншықтарым»
әңгімелерінде бала тәрбиесін басты тақырып етіп алған.
Достарыңызбен бөлісу: