Қорытынды
Қазіргі заманда спорттың күрес түрімен айналысатын, айналысайын деп жүрген бауырларымыз өте көп, сондықтан бұл керемет спорт түрінде жоғарғы нәтижелерге жету үшін барлық әдіс тәсілдерін, оның ішінде дене және техникалық дайындығына байланысты тактикасын меңгеру міндетті түрде қажет екендігін айтқым келеді.
Сондықтан бұндай мәселені шешу үшін спорттық ойындардың нәтижелі екені анық. Ұлттық спорт ойындарының ішінде қазақ күресі жоғары көтеріліп келеді. Жастардың адамгершілік, патриоттық қасиеттерінің тәрбиеленуіне қазақ күресің алатын орны бөлек.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының кешенді бағдарламасы арқылы физикалық дайындауда күрес өнерінің маңызы зор.
Қазақ күресінде, күрес техникасы мен тактикасын шабуылдау және қорғануды игеру алғашқы орында тұрады. Сол себептен, мектеп мұғалімінің немесе жаттықтырушының күресу әдістеріне көбірек көңіл бөлгені дұрыс. Жалпы айтқанда күрес өнерін жақсы меңгеру үшін, жоғарыда айтылғандай мектеп табалдырығында «дене тәрбиесі» пәні басталған сыныптан бастап бір-бірімен тығыз байланысты екенін түсіне білу және дене шынықтыру жаттығуларымен байланыстыра білу керектігін көрсетті.
Өткенге көз жіберіп, шежіре жолдарына тереңірек үңілер болсақ, қазақ күресінің өсіп-өркендеу, даму жолдарының өзгеше, өзіндік сыр-сипаты бар. Бір қызығы, әу бастан-ақ қазақтар той-домалақ думанда, басқа да халық мол жиналатын жиындарда балуандардың салмағын өлшеп жатпаған. Қарсыласының қарсы тұрарлық күш-қуаты барма, онда кілемге білек сыбанып шыға бер.
Әрине, атан жілікті түйе палуандардың жөні бөлек, тұрпаты тым басқаша ғой. «Күш атасын танымайды» деген қанатты сөзде зор мағына бар. Төрт құбылысы тең палуанды ғана біз осы метал арқылы есептей аламыз. Ал неліктен ол жеңіліп, қай жағдайда ақсап жатады.
Ертеден–ақ халқымыз палуанның сайысқа салар алдында рухани күш беріп, атан сала биікке көтере, оның бойындағы толғанысты, қорқынышты қууға тырысқан. Толғаныс, қашан жекпе –жек басталғанша бұл психологиялық сезім палуанның ішкі жан–дүниесінде үстемдік етсе, онда сөзсіз қажып жан алып, жан беріскен сайысты көңілдегідей өткізбейтіндігі анық.
Жарыс алдында бұл психологиялық жағдай әр палуан әр қилы жағдайда жол табады. Оларға да мамандарымыз соңғы кезде өздерінше айдар тағып, оның себептерін ашуға, алдын –ала болдырмауға тырысып жүр.
Палуан өзін жарыс алдында өте сергек сезініп, қолданатын әдіс –айлаларды да өте үйлесімді пайдалануы керек, әрине бұл оңай шаруа емес. Қысқартып айтқанда, палуанның ішкі жан –дүниесі жекпе –жекке толық дайын тұруы керек. Соңғы аталған психологиялық сезім кілемге шығардың алдындағы ұзақ уақыттың ішінде спортшыны билейді қанша сыр бермесе де, палуанның ішкі жан –дүниесі «Безгекше» қалтырап тұрады. Жекпе –жек мезгілде палуан жиі шатасып, не істеп, не қойып жүргенін сезінбей қалуы да мүмкүн. Бапкер үшін мұндай кезде үлкен сын. Қайткенде де, ол өзінің шәкіртіне сын көзбен қарап, оның қандай күйде екенін білу керектігі анықталды.
Дегенмен, халықтық ұғым, нағыз бәсеке тұрғысынан палуандардың мықтылығымен тума талант, алып күш иесі болуын салмаққа қарамай-ақ «күшті болсаң күресіп көр» деген тұжырымда кесіп-пішіп айтылып тұрған тәрізді.
Біз қазақ халқы жоғарыдағы белдік арқылы күресудің негізін салған жұрттың біріміз. Сөйте тұра өте үлкен географиялық ауқымды мекендегендіктен де халық арасында ұлттық күрестің тоқтамды бір дағдыланған жүйесі де болмаған. Ал бізге белгілі белдік күресінің элементтері: қоян-қолтық, белме, алма т.б.
Сондай-ақ жолы келген қарт адамдар күресуге қолайлы «тізерлеп күресу», әйелдерге арналған «қатын күрес» түрлері барын білеміз. Бұлардың өзіне тән ерекшеліктері де көп. Жоғарыдағы «қоян-қолтық» әдісі белдіктен қос-қолдап ұстау арқылы іске асса, «белме» барысында ұстау ажырасу арқылы жүргізілген.
Себебі, күрес өнері физикалық күшті өте көп талап етеді. Сол себептен, денені жас кезден бастап шынықтырғанымыз және денені дұрыс тәрбиелегеніміз жөн. Сондықтан біздің жұмысымыз өзекті.
Достарыңызбен бөлісу: |