Диплом жобасы кipicпeдeн, eкi бөлімнен, қоpытындыдaн, пaйдaлaнылғaн 0 әдeбиeттep тiзiмiнeн тұpaды. Барлығы кесте берілген



бет3/11
Дата16.11.2022
өлшемі71,31 Kb.
#50617
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Баст. сын. оқу. сыни тұрғ. ойлау. дамыту (копия)

Зерттеу базасы. Тараз қаласындағы №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназия.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш мектепте оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдары тиімді болар еді:
- онда өміршең, бәсекеге қабілетті және шығармашылық тұлғаны дамыту, сондай-ақ құзыреттердің әртүрлі нысандарын тиімді қолданса, (проблемаларды шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер);
- оқушының санасын, ақыл-ойын ынталандырады, ойлау қабілетін арттырса;
- тіл мен сөйлеу мәдениетін дамытса;
Зерттеудің әдістері. Зерттеудің мәселесі бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау, нормативті құжаттармен толық таныысып, (құжаттарды талдау, білім мазмұнын сараптау) және жүзеге асыру; теориялық модельдеу; диагностикалық әдістер (сұхбат, пікірталас, сұрау, т.б.); қарау; педагогикалық тәжірбие, эксперимент жұмыстарының нәтижесін қорытындылау (жинақтау, салыстыру), оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш мектеп білім алушыларына сын тұрғысынан ойлау технологиясының ыңғайлы әдістер жүйесін іске асыру.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Бастауыш сынып оқушыларына сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді әдіс-тәсілдерінің әдістемесі жасалынып, ол мектеп тәжірибесіне ұсынылады. Оны мектеп ұстаздары кеңінен қолдануға болады.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу негізінен үш кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде тақырыпты анықтау, зерттеу проблемасына байланысты ғылыми-теориялық, философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жүргізілді. Зерттеудің ғылыми аппараты белгіленді, зерттеу тақырыбымыздың теориялық негізі анықталды.
Екінші кезеңде әдебиеттерді талдау барысында, мектеп тәжірибесіне байқау, жүргізу нәтижесінде басты идеяға сүйеніп, кіші мектеп жасындағы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, ашық айтуға, күрделі мәселелерді шешуге, жауапты шешім қабылдауға тиімді жүйелерін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері байқаудан өтті.
Үшінші кезеңде әдебиеттерді талдау негізінде, мектеп тәжірибесіне бақылау жүргізу нәтижесінде басты идеяға сүйеніп, жинақталған теориялық және нақты материалдар талданды, ғылыми-негізделген қорытындылар жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет