Тақырыптың өзектілігі. Оқу түсінігінде туындап жатқан біліми-тәрбие үдерісіне заманауи ұстанымдарды қоя алады. Елімізде білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға ұсынылған республикалық жобасында: «Алынған білім, кәсіби дағдылар негізінде тез өзгеретін ауыспалы дәуірде еркін бағдарлауға, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру». Бұл мақсаттың іске асырылуының себептерінің бірі-сыни ойлау- делінген» [1.7 б.].
Бүгінгі таңда білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауды дамыту үлкен нәтижеге ие болуда, демек, осыған байланысты, білім үрдісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың маңызды мәселесі аз қарастырылып, толық зерттелмеген.
Осыған байланысты сын тұрғысынан ойлау технологиясын жүйелі түрде таңдап алу зерттеудің қарама - қайшылығын көрсетіп отыр. Сондықтанда зерттеу жобамыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушысының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» деп алуды жөн санадық. Осы қарама-қайшылықтардың айқындалуы зерттеудің проблемасын анықтады: бастауыш сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлауын дамытудың теориялық, ғылыми - әдістемелік жолдарын тиімді қолданудың педагогикалық негіздерін анықтап, көкейкесті проблемаларын табу.
Ғылыми-педагогикалық еңбектерде нақты әрекетті анықтау өмірдегі көрініс тауып жатқан ең негізгі өзгерістер жағдайынан өз деңгейінде жүргізілмеуі, яғни бірқалыпты болмауы - бұл жұмыстың көкейкестілігінде. Зерттеудің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына сын тұрғысынан ойлау дағдысын енгізу, одан әрі оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін сын тұрғысынан ойлау негізінде нақты ақпарат беру, технологияның негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдерінің мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік жағынан іске асыру жолдарын көрсету.
Зерттеудің нысанысы -бастауыш сынып оқушыларына сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жүйесі.
Зерттеудің пәні - бастауыш сынып оқушыларына сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жүйесін оқу - тәрбие процесінде тиімді жолдарын қолдану.
Зерттеудің міндеттері: - сыни ойлау технологиясының ғылыми-теориялық негіздерін табу;
- бастауыш мектепте сыни ойлау ерекшеліктерін арттыру жүйесін жүзеге асыру;
- бастауыш мектепте сын тұрғысынан ойлауды іске асыру сонымен қатар тәсілдерін көрсету;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:принциптер алынды: өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың философиялық принциптері, дүниетаным, тапқырлық, білмегенді білуге, ізденіс, оған деген ұмтылыс, білім және ұлттық диалектикалық бірліктегі тәрбиелік жалпыадамзаттық құндылықтары; таным заңдылықтары.