Диплом жобасының құрылымы: диплом жобасы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1.1 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын дамытудың теориялық негіздері
1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлау технологиясының педагогикалық сипаттамасы
Еліміздің білім беру туралы Заңында былай делінген: «Бастауыш білім беру - бұл білім алушының жеке басын, оның жеке қабілеттерін, білім беру іс-әрекетінде, оқытуда, жазуда, есептеуде, тілдік қарым-қатынаста, шығармашылық өзін-өзі танытуда, негізгі мәдениет және дағдылар мектебінің үздіксіз білім беру мазмұнын кеңінен жетілдіру үшін қажетті мінез-құлықтағы жағымды ұмтылыстары мен іскерлігін дамытудағы тәсілі» [2. 4 б.].
Демек, бастауыш мектептің негізгі мақсаты - сыни көзқарасты жетілдіру, білім алушыларға білім беру, оқуға деген ынта-ықыласын жетілдіру, шығармашылығымен қызығушылықтарын кеңейту.
М. Жұмабаевтың айтуынша: «Балалар ойының дамуы туралы: «Ойлау-бұл өте қиын әрі жан дүниесінің терең ісі. Кішкентай бала туралы ойлау тым ауыр. Сондықтан оқытушы баланың ойлау қабілетін дамыту барысында, мұқият, іс-әрекет ету керек. Өркендейтін даму жолдары келесідей:
- баланың жадында көптеген оң әсерлер, жарқын суреттер қалуы үшін, әсерлер мен суреттердің өздері кішкентай және ашық болмаса, онда баланың тұжырымдамасы мен ойлауы дұрыс емес. Ойдың ең терең болуы үшін ол ашық болуы керек. Қалай болғанда да, адамдар сипаттама бойынша ойлайды.
- балаға заттарды, ұқсас жақтар бойынша бөлу туралы ой-пікірлерін қалыптастыру. Мысалға латын болсақ, дыбыстар, өсімдіктер, жануарлар. Алайда оңайдан қиынға қарай өзгеру принцптерін есте сақтаған дұрыс.
- Оқушыға көріністер, ойлар, олардың қайсысы себеп екенін түсінсін. Ол білім алушы қағидаттарды іске асыра отырып, мысалдармен түсіндіруге тиісті» [3. 95 б.].
Осыған орайда, Л.С. Выготскийдің философиялық еңбектерінде «Ойлау» сөзі келесідей түсіндіріледі: «... Ерекше сипатқа сәйкес жасалған зат-бұл мидың ең жетілдірілген өнімі, тұжырымдамаларда, теорияларда, пайымдауларда және т.б. объективті әлемді бейнелеудің белсенді процесі. Ойлау адамдардың әлеуметтік және өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болады...» [4.103 б.].
Сонымен қоса, оның психологиялық зерттеу жұмысында ойлау жайлы түсінігі мен объективті шындықты белсенді түрде көрсететін, белгілі бір байланыстар мен қатынастарды сипаттайтын тақырыптан тұратын болмыстың ең жоғары формасы...» [5. 46 б. ].
Біз «Ойлау» ұғымын жан-жақты талқылап, талдау мақсатында сан түрлі сөздіктерді талдадық. Атап көрсеткенде, «Л. С. Выготскийдің психологиялық сөздігінде бұл ұғым келесідей түсіндіріледі: Ойлау, жоғары психологиялық функциялардың бөлігі бола отырып, өмір бойы қалыптасқан процесс ретінде қарастырылады, әлеуметтік құрылымы бар, психологиялық құрылымында орталықтандырылған және әрекет етуге еркін өте күрделі психологиялық құбылыс» [6. 210 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |