Сурет 2.3.6 Түлкі терісінің жазық (кілем тәріздес) түрі Құлағының шеміршегін алудегеніміз - құлақ шеміршегін терісімен қоса кесіп алып тастау.
Майын шелдеу.Шелдеу дегеніміз - теріні қайқы пышақпен немесе шалғымен етінен, сіңірінен, майынан тазалау. Бұл теріге тұз жақсы сіңуге және жүн талшықтарының беріктігіне әсер етеді.
Тұздау.Сойылған түлкі терісін тастай салмау керек. Ондай тері тез бүлінеді. Өйткені оның құрамындағы ақуыздар, ферменттер мен сулар ұсақ ағзаларды өршітеді. Соған орай терідегі жүн талшықтары жидіп, түсіп қалады. Сондықтан оны тұздайды. Тұз бактериялық процестерді тез тоқтатып, терінің төзімділігін арттырады.
Кептіру.Мұның екі төсілі бар: 1-ші тәсілі: тұздап кептіру; 2-ші тәсілі: тұзсыз кептіру;
Тазалау.Түлкі терілерін тұздап кептірген соң оның қалған тұздарын тазартып, жүндерін тарақпен жақсылап тарап тазалайды.
3. Қасқыр союүшін тұмсығынан ұстап, басын шалқайтып, өткір пышақпен тамақтың түбінен тік төмен қарай тіліп бауыздайды. Сонан кейін қасқырды шалқасынан жатқызып, артқы тесігінен құрсаққа дейін, одан артқы аяғының ұшына дейін тіледі. Екіншісін де дәл солай етеді. Құйрық терісін ұшына дейін пышақпен шығарады. Барлық тілікті түзу жүргізу керек. Сонан соң артқы аяғының терісін ажырата бастайды.