Дипломдық ЖҰмыс 7М011700 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
5- сыныпта сын есімді оқытуда
Жаңа сабақты бекіту барысында әр түрлі жаттығулар орындалып, қосымшалардың жазылу емлесін, әсіресе үндестік заңдарын ескертіп, есіне салып отыру. Сын есімнің орыс тіліндегі түрлерін айтқызып, орыс тіліндегі туынды сын есім мен қазақ тіліндегі сын есімді салыстыру. Мысалы: су (вода), сулы (водяной), ақыл (ум), ақылды (умный), сүт (молоқо) сүтті (молочный), ес (сознание), ессіз (бессознательный), көк (синий) көкшіл (синеватый), тер (пот), тершең (потный) т. б. Карточкалар үлестірледі, зат есімдерден сын есім жасап сөйлем ойлауды тапсырамыз (жұптық жұмыс). № 1 №2 №3 №4 Су aya бала мал Түз теңіз ай шөл Май көл мұхит жаз Тәртіп тау тас қыс Әр қатар топ жетекшілерінің көмегі арқылы тексеріліп, бағаланады. Бесінші сабақ Дара және күрделі сын есім (адамгершілік сабағы.) Сын есімнің негізгі түбірі мен туынды түбір түлғасынан басқа сөздердің қосарлануы және тіркесуі арқылы жасалатыны туралы айтып, кұрамына карай дара сын есімдер, күрделі сын есімдер деп екіге бөлінетіні де окушыларға жеткізіледі. Дара сын есімдерге негізгі түбір және жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер жатады. Мысалы: аласа, аласалау, мейірімді, ақылды, сүйкімді. Күрделі сын есімдер сөз бен сөздің қосарлануы және тіркесуі арқылы жасалады. Тіркесетін сөздер бір сөз табынан да, әр түрлі сөз табынан да бола береді. Зат есім мен зат есімнің, сын есім мен зат есімнің тіркесуінен, етістіктің, сын есімнің тіркесуінен жасалған сын есімдерге мысалдар келтіріледі. Қосарлану арқылы жасалған сын есімдер. Мысалы, жақсы-жаман, үлкен-кіші, азды-көпті, қызылды-жасылды. Ережені меңгеріп болған соң келтірілген мысалдардан тіркестер беріп сөйлем құратып, сын есімнің астын сыздырту керек. Сын есімнің дара және күрделі түрі кездесетін адамгершілік туралы мақалдар ойлатып айтқызу. 1. Ары таза жігіттің жаны таза. 2. Асыл міндет - адалдық. Асыл қасиет - адамдық. 3. Адал еңбектің абыройы жоғары. 4. Опасыз адам Отанын сатады. 5. Әділ болсаң ақ жарма, жақсы іске билік қыларсың. Сәуірбек Бақбергеновтің «Қасиет» әнгімесін еске түсіріп, қасиет деген сөздің асыл сөз екенін түсіндіру, сын есімді таптыру. Бал болмаса, ара қасиетсіз, Жанбай қалған шала қасиетсіз, Өнерсіз болса, бала қасиетсіз, Әділетсіз болса, дана қасиетсіз, Ұятсыз болса, қыз қасиетсіз, Көк шықпаса, жер қасиетсіз, Өз ойы болмаса, ер қасиетсіз Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз, Өленді оқып, ішінен сын есімді іздету. Мен кетемін, келеді… Тағы өмірге мендей. Олар мінді көреді, Қисық жерін жөндей… Ақ жүрек пен таза ақыл, Қылсаң адал еңбек. Бәрінен де сол макүл, Артқыға жол бермек. Сен бола көр аққа жақ, Болам десең адам. Адал еңбек берер бақ, Бассаң соған қадам. Айнымайтын ақ жүрекпен Таза ақылды жанның Таппасы жоқ бұл өңірде, Осынымды үқ, балам. (Шәкәрім). Бұл өленді адамның қандай қасиеттері айтылатыны, адам болу үшін ақын қандай өсиет ұсынғандығы әңгімеленеді, сын есімнің астын сыздырту керек. жүктеу/скачать 60,9 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |