Дипломдық жоба аусымына 25 тонна ет өндіретін ет-май корпусы мен сыйымдылығы 200 тонналық тоңазытқыштың жобалық шешімі


Өндірісті инженерлі-техникалық қамтамасыз



бет9/11
Дата13.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#100860
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МЖК Молдир Дайын өнім есебі

2 Өндірісті инженерлі-техникалық қамтамасыз ету

«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.


Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік тірі қауіп- қатер организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.


Сурет 1 - Іс-әрекет қауіпсіздігінің схемасы


Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік шаралар.


Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз (1-сурет).
Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:
Бірінші міндет-нақтыіс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация).
Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементінанықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу.Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.
Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрісенімді шараларын әзірлеу.
Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебітолық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.
Бұл шаралар қауіп - қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігіболғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлікапатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар).
Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау,өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады.
Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.
Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін.Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі.
Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:
адамның өзі;
өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат,еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;
адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.
Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.
Қоршаған ортаға үлкен зардабын, тигізетін құбылыс, процесс, уақиға.
Шыққан тегі бойынша:
техногендік әсер ету;
антропогендік;
тұрмыстық;
спорттық;
жол-көліктік.
«Адам – мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп қатерді топтастыру
Қауіп-қатер қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс және уақиға.
Қауіп-қатердің көздеріне өмір сүру ортасының элементтерін, атап айтқанда пайдаланып отырған заттар, еңбектің өнімдері мен құралдарын, пайдаланылып отырған қуатты, еңбектің микроклиматтық жағдайын, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін, адамдар ұжымы мен жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым қатынас процестері де жатады.
Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс - әрекетінің және өзі құрған объектілерінің, жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.
Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі
Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.
Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.
Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады.
Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1млн. г,1997 ж – 2,37; 1998 ж – 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%, қара металдар – 15,7% береді.
Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.
Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында - 90 пайыз.
Ең көп тарайтын улы заттар – углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң).
Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда.
Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлық сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен.
Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші дейгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін(смог), қышқыл (кислота) және олар азон қабатын бірден – бір қосындылар.
Смог– үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:
түтіннен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман;
фотохимиялық смог - өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы, ол күннің ультрокүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралды әрі өте улы келеді.
Фотохимиялық смог 1940-шы жылдарда Лос – Анджелес қаласында байқалған, қазірде ғаламшарымыздың барлық дерлік бұрыш – бұрыштарында көрінеді.
Смог көз көрерлікті төмендетеді, металдың тотығуын күшейтеді, денсаулыққа кері әсер етеді әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп, аурушаң етеді.
Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.
Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс - әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде.
Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.
Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан шығып, екінші бір мемлекет жеріне барып түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы: Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз күкіртінің құрылымынан – 46 пайыз, азот құрылымы бойынша – 22 пайыз құрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді.Азот пен күкірт атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 10 тәулік өтуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған шақырымдарға кетеді.
Қышқыл жаңбыр, адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Мысалы: Ауадағы ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының тот басуын жылдамдатады, ғимараттардың, ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады, топырақ пен судың қышқылдығын (РН) өзгертіп, топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің жойылуына ықпал етеді.
Тұщы судың ашық қоймаларының сапасын төмендетеді, тірі организмдердің құруына әкеледі.
Парниктік эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.
Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29км ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, анкологиялық және көз аурулары көбейеді.
Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксидінің 1 молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды.
Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілінуінің негізгі күрделі болып төмендегі факторлар саналады:
ұшақтардың шығаратын газдары;
змырандардың шығаратын газдары;
вулкан газдары;
фреонды пайдаланатын технологиялар;
атом жарылыстары.
Мысалы: “Шаттл” ракетасының бір ұшуы озонның 0,3 пайызының бұзылуына әкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылаты фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары және т.с.с.
Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар.
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы.Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;
улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
дәрі-дәрмектер;
тұрмыс химикаты;
өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
әскери улаушы заттектер.
Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:
жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;
қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;
аллергия тудыратын заттар;
мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар;
канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;
бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.
Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.
Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.
Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.
Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.
Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.
Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.
Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі - өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.)
Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпенсозылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады.
Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары. Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен тінаралық ортамен қарым – қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.
Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі.
Екінші жол – улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін.
Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек – қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.

2.1 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі




Тіршілік кауіпсіздігі - адамның өмір сүру ортасымен кауіпсіз карым- катынасы мен оны корғауға, төтенше жағдайларда шаруашылык объектілерінін тұракты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жагдайлардын салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ак осы замангы закымдау кұраідарының колданылуына бағытталған шаралар кешені. Адамның өмір сүру ортасымен кауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға байланысты адам енбегін корғау негізгі мәселе боп табылады.
Еңбекті қорғау - жұмыс процесі кезінде адамдардың денсаулығын сақтау, жұмыс қабілетін арттыру және кауіпсіздігін қамтамасыз ететін экономикалық, техникалық, этикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру заң жүйесінің жинағы.
Осы талаптардың бұзылуын есептейтін, табиғи және техногенді процестер, адамдардың көп функциялы қызметі, кауіпсіздік проблемаларын игеру үшін қажетті, танудың озық ғылыми өндірістерінің мүмкіндіктері, адам мен қоғам арасындағы қатынастарды реттейтін, этикалық, құқықтық нормалар, қауіпсіздік проблемаларын шешу кезінде өз мамандығының әлеуметтік маңыздылығы туралы түсінігі болуы тиіс.
Бұл мәселенің табысты шешімі көбінесе еңбекті қорғаудың төңірегіндегі әкімдік-техникалық қызметкерлерінің дайындығына тәуелді болады.


2.1.1 Өндірістің қысқаша сипаттамасы


Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындардың міндеті халықты азықтық құндылығы мен сапасы жоғары өнімдермен қамтамасыз ету болып табылады.
Тұтынушылар ағымына байланысты дайындау және алдын ала әзірлеу: ет және балық, көкөніс, ыстық, салқын цехтарында жұмыс науқанды болады. Көкөніс және ет цехтарында етті бөлу , жуу және жартылай фабрикаттарды дайындау процесінде жұмыс зонасына ылғалдылық көп мөлшерде бөлінеді. Ал ыстық цехта тағамдар мен аспаздық өнімдер өндіру процесінде жылулық бу, газ бөлінеді , бұл қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін зиянды заттардың нағыз кайнар көзі болып табылады. Жұмысшыларға зиянды және қауіпті заттардың әсерін азайту немесе алдын алу үшін арнайы жекеленген қорғаныс құралдары пайдалынады.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның қазіргі үлгідегі кешені өндірістік цехтар жайласатын ғимарат және имарат, станокты және технологиялық жабдықтар, энергетикалық шаруашылық, энергия жабдықтау жүйесінің имараты, технологиялық қондырғылар, ішкі көлік, байланыс және басқару жүйесі, қоймалық шаруашылық, әкімшілік, тұрмыстық және шаруашылық, әр түрлі бөлек тұрған инжинерлік және жанармай коммуникацияларын құрайды.
Сипатталган әрбір объектіге тән өндірістің ерекшеліктеріне байланысты өз талаптары болады, оларга ортақ белгілерді ерекшелейтін болсақ:
әдеттегідей, ішкі және сыртқы өндірістік процестермен ғимараттар іске асады;
көпшілік жагдайларда ғимарат бір ізге салған элементтермен орындалады;
объектің аумағы комуналдық және энергетикалық сызықтармен құралады;
көбінесе объектердің құрлыс ошағының тығыздыгы 30...60% құрайды.
Демек барлық объектілердің қауіпсіз қызмет көрсетуіне және осы объектіде төтенше жағдайлық шарттарды жұмыс істеуіне әзірлеу үшін ықпал ететін тән ортақ жалпы факторлар:
Объекті орналастыру ауданы;
Объектің ішкі жоспары және аумағының орналастырылуы;
Энергия жабдықтау жүйесі;
Технологиялық процесс;
Объектің өндірістік байланыстары;
Басқару жүйелері;
Өндірісті қайта қалпына келтіру және т.б. дайындығы.
Өндірістік қауіп қатерді талдау. Еңбекті қорғаудың мәселесіне стандарттар (ССБТ - еңбекті қауіпсіздік стандарттар жүйесі), бекітілген ММЕСТ-ды сақтау арқылы жоғары өнімділікте еңбектің максималды қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді.
Жоспарланатын кәсіпорын ММЕСТ 12.0.003 - 91ССБТ бекітілген барлық төрт классификациялық топтардың бірқатары қауіпті және зиянды өндірістік факторларының болуымен сипатталады.
Келтірілген жабдықтардың конструктивті қателігі мен қолдаудың қауіпсіздік ережесін бұзу көбінесе типтік механикалық, жылулық, электрлік, химиялық және басқа жарақаттарга алып келеді. Олардың келіп шығуы басқа өнеркәсіптік салаларга ұқсас.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар жұмысшыларга және жалпы өнеркәсіптік жабдықтарды қолдануға әсерін тигізеді (көтеру транспорттық машиналармен және механизмдер, электр жабдықтар, қысыммен жұмыс істейтін сиымдылықтар және т.б.)
Негізгі зиянды өндірістік факторлар қолайсыз микроклимат, діріл мен шумның жоғары деңгейі, бірқатар өндірістік операциялардагы еңбектің бір қалыптылыгы болып табылады;
жарықтандыру жеткілікті және көрінетін жұмыс сипатына сәйкес келетін болуы тиіс;
жарықтандыру біртегіс, айқын көлеңкесіз, объект көрінетін фондты айыру объектілері арасында қандай да бір қарама-қарсылық болуы тиіс;
жарық көзі жұмысшының көзін шағылыстырмау қажет;
жұмысшы ауданын жарықтандыру деңгейі уақыт бойынша тұрақты болуы керек;
жасанды жарықтандыру электрожарықтандыру құрылғылары қызмет көрсетуде қауіпсіз болу керек.
Жоспарланатын кәсіпорында табиғи және жасанды жарықтандыру қолданылады. Табиғи жарық организмнің өнімге қабілетін ынталандырады, ғимараттың біркелкі және қажетті жарықтандырылуын туғызуға мүмкіндік береді.
Табиғи жарықтандыру коэффициентімен (ТЖК) сипатталады. ТЖК-ң нормаланған мәні 11-4-91 «табиғи және жасанды жарықтандыру. Жоспарлау нормалары» СНиП - да келтірілген.
Жасанды жарықтандыру жарықтың электрлік жарық көздері көмегімен іске асырылады. Жұмыс орнында жарықтандыру СНиП 11-4-91 негізгі нормативті құжатқа сәйкес нормаланады және өзгешелік объекті өлшемімен анықталады: зат қанша көп болса, сонша көру кернеуі көп және ол сонша жарық болу тиіс.
Жұмыс ауданында жарықтандыруды өлшеу үшін люксометр деп аталатын, өлшенетін жарықтандыруды үздіксіз люксті көрсететін арнаулы аспап қолданылады.
Жарықтандыруды бақылау жоспарланатын кәсіпорында жылына екі рет өткізіледі.
Өндірістік санитария. Еңбекті қорғау жұмыс процесінде жұмысшының денсаулығын олардың қабілеттілігін арттыруға керекті экономикалық техникалық және гигиеналық шараларға тиісті заң жүйелері.
Еңбекті қорғауды ғылым ретінде қарайтын болсақ негізгі ғылымдардың (медицина, заң, экономика) негізгі қорытындыларын қамтитын ғылым. Еңбекті қорғау төрт бөлімнен тұрады:
Еңбекті қорғау құқықтары және ұйымдастыру шаралары. Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария. Қауіпсіздік техникасы. Өрт қауіпсіздігі. Өндірісте еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын жүргізу өндірістегі әкімшілікке тапсырылады. Президент, директор, бас инженер.
Ал, цех, лаборатория бөлімшелерде сол цехтың бастықтарына жүктеледі. Цех бастығының міндеттері:
Технологиялық процестермен және жұмыстарды қауіпсіз жағдайда ұйымдастыру.
Өндірістегі қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария шаралары және ауыр қауіпті, зиянды жұмыстарды автоматтандыру.
Жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмысты қауіпсіз ұйымдастыруға оқыту, оларға нұсқау беру, оларға жүктеледі.
Жұмысшыларды арнайы жұмыс киімдерімен және қорғаныс бұйымдарымен қамтамасыз ету.
Өндірістегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау шараларының орындалуын тексеру өндірістің бас инженерлеріне жүктеледі. Бас инженер жұмысты жүргізу үшін болімше немесе бюро ұйымдастырады. Ал жұмысшылар тізімі аз өндірістерде қауіпсіздік техникасы инспекторын тагайындайды. Оның міндеттері:
Цех бастықтарының қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға тиісті барлық заңдар мен нұсқаулардың, қаулылардың орындалуын қадағалау және қауіпсіздік техникасына қатысты құжаттардың нормаларының орындалуын қадағалау.
Жұмыстың қауіпсіз орындауына керекті шараларды жүргізу нүсқаулар беру олпрды курстарда оқытуды қамтамасыз ету.
Өндірістегі апат және қайғылы жагдайларды тексеру комиссиясына қатысу және өндірісті қайта құру, өндірісті жобалау комиссиясына қатысу.
Өндірісте қауіпсіздік техникасы бөлмесін, бұрыштарын, плакаттар мен ескеру шараларын ұйымдастыру.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулар барлық өндіріс орындарында олардың түрлеріне және біліміне, тәрбиесіне, деңгейіне байланыссыз нұсқаулар беріледі.
Өндірістегі қауіпті және зиянды факторы бар жерлерді және олармен қалай күресу жөнінде нұсқаулар береді.
Өндірістік санитария мен жеке гигиена туралы нұсқау береді.
Жұмыс процессінде жабдықтармен процесстерге адамның денсаулығына зиян келтіретін қауіпті факторлар пайда болады. Сол қауіпті факторлардың әсер ететін кеңістігін қауіпті аймақ деп атайды.
Қауіпті аймақ - тұрақты және оқта-текте әсер етуі мүмкін.
Қауіпті және зиянды факторлардың пайда болатын жерлері: белдікті тиісті берілістер транспортерлер, валдар, валды станоктар.
Қауіпті және зиянды факторлардың әсерінен қорғану үшін қорғаныс заттары қолданылады. Қорғаныс заттары 2 түрге бөлінеді: коллективтік қорғаныс заттарыжеке қорғаныс заттары.
Коллективтік қорғаныс заттары 4 түрге бөлінеді:
қоршау, қорғаныс заттар
сақтандыру қорғаныс заттары
қорғаныс сигнализация қондырғылары
қауіпті қашықтықтан бақылау жүйелері
Қоршалу қорғаныс заттары 3 топқа бөлінеді:
Тұрақты қоршалу қорғаныс заттары - қауіпті фактордың шығу көздерін жауып түрады. Тек жабдықты жөндеу не майлау кезінде алынады.
Алмалы-салмалы қорғаныс заттары - жабдықтың қауіпті жерлерін көру үшін және бөлшектерін ауыстыру үшін қойылады. Алмалы-салмалы қорғаныс заттары жабдықтың жұмыс істеу органдарымен жалғанады. Оны алған кезде жабдык тоқтайды. Қайтып орнына қайтқанша жұмыс тоқтатылады. Жабдықтар қолданылатын тоқтату қондырғылары әртүрлі болады. Механикалық, электр жүйесі арқылы, фото электр арқылы және электро механикалық.
Жылжымалы қорғаныс заттары - жабдықты жөндеу кезінде немесе құрылыс жөндеу кезінде қойылатын коршаулар.
Еңбек корғау негізі боып адам саналады мемлекет азаматтары еңбекке деген және еңбекті қорғау құқығы бар. Еңбек қауіпсіздігі бұл еңбек шаруашылығы барысындағы жұмысшының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе. Ол құқықты санитарлық-гигиеналық емдік, профилактикалық, реабилитациялық және басқа да шараларды қосады.
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы. Адамның өндірістік еңбек қызметі көбінесе ғимаратта іске асырылады, жұмысшы зонасы белгілі метеорологиялық жагдайын (микроклимат) анықтайтын негізгі факторлар болып: ауа, температурасы мен ылғалдылыгы, оның қозғалысы және жылулық сәулеленуі болып табылады. Физикалық факторлардың бұл комплексі қоршаған ортадан организмнің жылу алмасуына мәнді әсерін тигізеді.
Жоспарланған кәсіпорын II б категориясына жатады және 10 кг дейінгі ауырлық орналасумен байланысты 232-293 Вт (200-250 кКал/сағ) энергия шығынымен сипатталады.
Өндіріс микроклиматының гигиеналық нормалары ММЕСТ 12.1.005-91 ССБД, жұмыс зонасының ауасы, жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар“ бойынша іске асады. Жұмыс зонасы деп еденнен немесе алаңнан ұзындығы екі метрге дейінгі кеңістікті айтады ММЕСТ оптималды және жіберілетін параметрлерді орнатады. Олар температура, ылғалдылық және адамның энергия шығындарына қатысты ауа жылдамдығы мен жыл мезгіліне байланысты. Сонымен қатар ММЕСТ жұмыс зонасындағы жылулық шығындардың санын есепке алады.
Микроклиматтың оптималды параметрлерінің үйлесімділігі адамға ұзақ және жүйелі әсер еткенде ағзаның қалыпты функционалдылығын қамтамасыз етеді. Микроклиматтық жіберілетін параметрлерінің әсері ағзаның функционалдық жағдайын тез қайтымдығын өзгертумен терморегуляция реакциясының қуатын тудыруы мүмкін. Алайда бұл кезде денсаулықтың бұзылуы болмайды, бірақ жылулық дискомфортты әсерлерімен жұмысқа қабілеттілігі төмендейді.
Артық газдалғандық пен шаңданғандық. Зиянды заттар адам ағзасына тағам қорыту жолдары мен тері арқылы өтуі мүмкін. Ең танымал және қауіпті жолы болып өкпе жолдары саналады. Сонымен қатар өкпеден өткен зиянды заттар қан үлкен айналымға тұра түседі. Зиянды затар тері арқылы да түседі, яғни олар да қан айналымга түседі.
Бу, газ, шаң, аэрозол түріндегі зиянды және улы заттар ағзаға аз мөлшерде өткенде оның физиологиялық функционалдарының бұзылуына әкеледі. Нэтижесінде белгілі кезенде уландыруға ауысады.
Адам ағзасына зиянды заттардың әсер ету дәрежесі бойынша келесі класстарға бөлінеді (МЕСТ 12.1.007-76 ССБТ):
Өте қауіпті заттар (сынап, қорғасын, азон, бензилирон);
Жоғарғы қауіпті заттар (күкірт кышкылы, азон, йод, фосфор, азот тотығы және тағы басқа);
Шамалы қалыпты заттар (темекі, кальтций, ксилол, уксус қышқылы және тағы басқа);
Өте қауіпті емес заттар (атцетон, керасин, амиак, еріткіш, алғаш шаңы және тағы басқа).
Арнайы киімдер салқын температурада жұмыс істеу үшін мақталы курткалармен, шалбарлармен қажет жағдайда пималар, арнайы киім мен аяқ киім белгіленген нормаға сәйкес тегін беріледі. Арнайы киімнің класификациясы ММЕСТ 12.4.015-76 былғары арнайы аяқ кимінің ММЕСТ 12.4.017-76 полимерлі ММЕСТ 12.4.022-76 және тағы басқа. Токсинді емес шандардан көзді сақтау үшін ашық немесе жабық типті қорғаныш көзілдірігі қолданылады. ММЕСТ 12.4.003.74 қолды қорғау үшін жүнді, резиналы қолбақтар қолданылады.
Өнеркәсіп алаңының микроклимат көрсеткіштеріне температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, қысым жатады.
Жұмыс орындарында микроклимат параметрлерін өлшеу эртүрлі қүралдармен жүзеге асады: температура мен ылғалдылықты - термометр, электротермометр және психрометр. Ауаның қозғалу жылдамдығын -
анемометр, термоанемометр. Жылулық сәулеленуді - актинометр, радиометрмен өлшейді.
Адам ағзасына микроклиматтық факторлардың зиянды әсерін жою және жұмыстың қалыпты жағдайын қамтамасыз ету үшін жұмыс аймағындагы өндіріс бөлмелерінің ауа ортасының көрсеткіштері СаНП 2.4.5896 “Өндіріс бөлмелерінің микроклиматына қойылатын ғигиеналык талаптар” және МемСТ 12.1.005- 88 “Жұмыс ортасының ауасы. Қауіпсіздікке қойылатын жалы талаптар” құжаттарына сай келуі қажет.
Өнеркәсіп алаңының және сыртының ауасын ластауды тоқтататын негізгі шаралар төмендегідей:
-технологиялық, транспорттық және вентиляциялық құрал- жабдықтарын әбден герметизациялау;
-ашық көру люкті, қақпақты машиналар мен механизмдердің жұмыс істеу жағдайларын жою;
-құралдарды жүктеу және толтырып тастауды жіберу;
-камералар мен жинақтарда жиналған қалдықтарды уақытында тазалау және шығару.
Барлық көрсетілген талаптарды орындау барысында қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулыгы қамтамасыз етіледі. Микроклимат параметрлерінің оптималы болып адамға ұзақ уақыт және жүйелі түрде әсер ету кезінде терморегуляция реакциясының қысымынсыз ағзаның қалыпты қалыптасуын қамтамасыз ететін жылулық тиімділікті шығарып, еңбек қабілеттілігінің жоғарылауына оң әсер ететін параметрлер жиыны есептеледі.

2.2 Экологиялық бөлім


Ет өнеркәсібі кәсіпорындарында малды және құсты сою, бөлу, сақтау және етті өндеу, техникалық өндеу және мал шикізатынан медициналық препараттар шығару жүргізіледі.


Кәсіпорын шекарасында сонымен қатар көмекші ғимараттарда орналасады. Негізгі проблема ет өнімдерін өндіргенде қалдықтарды комплексті қолдану тиімділігін жоғарылату – бұл оларды жинауды, сақтауды және тасымалдауды жетілдіру.
Экологиялық сипаттама жанармай мен шикізатты толық қолдану технологиясының прогрессивтілігін, сарқынды суды тазалауға қолданатын схеманың, шығып кететін су мен газ ағынының сипаттамасын, кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізетін залалының жалпы экономикалық бағасын және осы бағаның өндіріс түріне және технологиялық шектері бойынша детализациялаудың бағасын болжайды.
Саланың осы проблемаларын нақтылай келе зиянды заттарды шығарудың негізгі қайнар көзі болып табылатындар:
өндірістік цех – жұмыс істеп шыққан ауаны тазалау мата сүзгі көмегімен іске асады.
технологиялық желілер ауа тазалауға арналған жаңа заман құрал жабдықтармен жабдықталған, жаңа заманғы жеңді сүзгілер қолданылады, тазалау тиімділігі 99,3 %.
қазандықтар көміртегі және азот оксидтері бөлінеді.
жанармайды сақтауға арналған сиымдылық – негізгі зиян – көміртегі.
Материалдық ресурстарға әсері және өндіріс қалдықтары. Ет өңдеу кәсіпорындарында формаланатын екіншілік шикізат ресурстары келесідей қалдықтарға бөлінеді:
мал шикізатын өңдеуден
көкөністі және ұйық
Бұл егіншілік ресурстарды 5 топқа бөлуге болады:
Шикізатты механикалық өңдеуден қалған, тағамдық өнімдер алуға жарамайтын қалдықтар.
Шикізатты жылумен өңдеуден кейінгі қалдықтар, тағамдық өнім алуға жарамайтын.
Көмекші процестерден (шикізатты, ыдысты, инвентарьды жуу) қалған қалдықтар.
Өндірістің қалдықтары жемдік ұн болып өңделуі керек, оларды жинауды, тасмалдауды, сақтауды жетілдіру қажет.
Қазіргі кезде ет өңдейтін кәсіпорындарда жаңа технологияны қолдану утилизирленген қалдықтардың көлемін минимумға жеткізуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның табиғатты қорғау іс –шараларының ұйымдастыру – техникалық деңгейінің көрсеткіштері. Ет өңдейтін кәсіпорындардың табиғатты қорғау іс шараларының тиімділігін келесі көрсеткіштермен бағалайды:
Аз және қалдықсыз технологияны қолдану дәрежесімен.
Тазалағыш қарудың өткізу қабілетімен.
Қолданатын тазалағыш құрал жабдықтың прогрессивтілігімен.
Табиғатты қорғау іс – шараларының ұйымдасу құрылымының рационалдылығымен.
Осы көрсеткіштер жобаланатын объектте норма шегінде болады және кәсіпорынның сенімді табиғатты қорғау , іс шараларын қамтамасыз етеді.
Экологиялық қорытынды. Қазақстан Республикасының жалпы экологиялық мәселесі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасыда тек қана әртүрлі өнімдерді өндіріп қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаны үдемелі ластайтын көптеген өнеркәсіп салаларының бірнеше жүздеген кәсіпорындар жиналған.
Экологиялық қауіпсіздіктің бірігіп орналасуы, экологиялық лас өнеркәсіптік өндірістің жоғары концентрациясы осы аудандар тұрғындарының осы зиянды өндіріситің және оның шығындарының ұдайы әсері зонасында жасауына алып келеді. Бүгінгі күнде эклогиялық проблемалартек қана халық шаруашылығының дамуына емес, сонымен қатар адамдар өмірі мен денсаулығына әсерін тигізетін ең маңызды факторлардың біріне айналды. Экологиялық проблемалар шешімі-бұл Қазақстан Республикасының бүкіл тұрғындарының өмір сүру проблемаларының шешімі. Су ресурстарының жағдайы маңызды үрейді тудырады. Күрделі экономикалық жағдай суаттар бетінің ластануына алып келетін өнеркәсіптік және тұрмыстық шаруашылық ағындар тазалығының қанағаттандырылмайтын жағдайы мен де тереңдейдң. Көптеген ауылдық аудандарда тазалау құрылыстары тіптен жұмыс істемейді, қалалардың тазалаушы құрылыстарына көп міндет жүктелген. Атмосфералық ауаны қорғау маңызды проблема болып қалады. Кейінгі жылдары ол біршама таза болып қалды, бұл өз көңілімізді жайландыруға себеп емес. Атмосфера тастандылары әліге дейін жоғары болып отыр. Автокөліктерден шығатын ластаушы заттар шығыны ерекше үрейді туғызады. Бірінші кезекте бұл мыналармен байланысты: негізгі автомагистралдар тұрғын қала, обылыс аудандары бойынша пайдаланған газбен өтеді, 200 түрден көп зиянды заттар тастайды, олардың кейбіреулері улы және канцерогенді қасиетке ие. Бұған қарамастан, кәсіпорындар қатарында аймақ үшін өте маңызды ауа-қорғау шараларды орындамау және программаны қысқарту орындарына ие. Қаржыландыру болмағандықтан автокөліктерді газға көшіру бойынша жұмыстар тоқтатылған. Төмендегі қарқынмен Қазақстан Республикасының аудандары мен қалаларында егістік жерлер ауданын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тек қана жерге емес, сонымен қатар қоршаған ортаға негативті әсер қөздерінің бірі тұрғындар өміріндегі және кәсіпорынның өндірістік қызметі процессінде пайда болатын өнеркәсіптік және тұрмыстық шығындар болып табылады. Сондықтан шығындарды өңдеу, жинақтау және жерлеумен байланысты бірқатар проблемалар пайда болады.
Экологиялық жағдай және оны қалыпына келтіру бойынша шараларды қабылдау туралы өз уақытында және обьективті мәліметтерге халықтың сұранысын біле отырып, жалпы информацияның барлық түрлерін, радионы, газеттерді, теледидар каналдарын қолданады.
Ет өнеркәсіп кәсіпорындағы экологиялық мәселелер. Ет өнеркәсіп кәсіпорында мал және құсты сою, бөлшектеу, сақтау және етті өңдеу мал шикізатынан медициналық препаратар және техникалық өнімдер өңдеу қарастырылады. Сонымен қатар кәсіпорын территориясындамал мен құсқа арналған база, малды сояр алдында ұстауға арналған ғимарат, санитарлық қарау, карантин және изолятор, көмекші қызмет және көмекші ғимараттар блогы орналасады.
Қоршаған ортаға кәсіпорынның әсері. Кәсіпорынның экологиялық сипаттамасы прогрессивті технология бағасын, жанар май және шикізатты толық қолдануды, ауа тастандылары мен ағынды суды тазалаудағы қолданылатын территория, шығатын су мен газ ағындар сипаттамасын, қоршаған ортаға кәсіпорынның келтіретін зиянының жалпы экономикалық бағасын және технологиялық шектеулер мен өнім түрлері бойынша осы бағаларды нақтылауды қарастырады.
Су ресурстарына әсері.Ет комбинатында суды салқындатуға және құрал-жабдықтарды жууға, шикізатты жууға, ертінді реагентін дайындау үшін қолданылады, сонымен қатар өнімді дайындау кезінде процесстің құрамына кіреді.


Кесте 21 - Су сапасына қойылатын талаптар



Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Су

температура

с

18-ден кем

өлшенген Ве -

мг/л

50-200

жалпы қаттылық

мг – экв/л

2,7

тұздың болуы

мг/л

1500-2000

жалпы Ре

мг/л

0,1

Жоғарғы санитарлы-гигиеналық талаптарға байланысты осы өнеркәсіптегі тағамдық өнімді өндіруде су ішімдік сапасыда қолданылады. Техникалық суды қолдану тек қана конденсаторды суытуда және тоңазытқыш қондырғыларының комперссорына, сонымен қатар вагон және малды тасымалдаушы автомашиналарды жууға және малды жуу үшін қолданылады. Сумен қамтамасыз ету системасы қайтымды және үйлесімді.


Канализация және ағыды су сипаттамасы.Үлкен кәсіпорындарда канализацияның екі көзі қарастырылады: ластанған өндірістік және тұрмыстық ағынды су және ағынды ластанбаған су.


Кесте 22 - Сарқынды су сипаттамасы



Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Сарқынды сулар

Тазалауға дейін

Кейін



мөлдірлілігі

си

0,5

1

өлшенген Ве -

мг/л

2000

500

майлар

мг

1000

50

иісі

балл

5

2

РН




6,5 - 8,5

7 – 8,5

ХПК

мг02/л

2000

1000

ВПК

мг02/л

800

400

температура

с

18 - 25

10 - 22



Өндірістік ағынды су биологиялық тазалау, тазалықты орнату немесе қаладағы ағынды суменен бірге қараудан өткізеді.
Ет өнеркәсіп кәсіпорынының ағынды суы барлық құрамы бойынша тұрмыстық суға жақын, бірақ ластанған концентрациясы бұларда жоғары (БПКз-800 мг. О2/л; ХПК- 2000 мг О/л; өлшенген заттар құрамы 2000 мг/л; азоттың барлығы 150 мг/л).

7. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ


Дипломдық жобаның экономикалық бөлімі жобаланатын немесе реконструкцияланатын кәсіпорынның өндірістік жоспарының негізгі көрсеткіштерін есептеуді қарастырады.


Есептеулер этап бойынша, әрбір бөлімге тоқтала отырып жүргізіледі. Курстық жұмыс немесе дипломдық жобаның экономикалық бөлімі мынадай бөлімдерден тұрады:
- жобаланатын кәсіпорынның (цехтың) өндірістік қуатын анықтау;
- қажетті капиталды салымдарды есептеу;
- кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін және экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау.

Ет өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың өндірістік қуатын анықтау


Ет өнімдерін мүмкіндігі барынша максималды түрде өндіру негізгі және көмекші өндірістік цехтар бойынша жүзеге асырылады. Есептеулерді 1-кестеге толтырамыз.

Ет өңдеу өндірісінің кәсіпорындарына қажетті капиталды салымдарды есептеу


Капиталды салымдар құрамына құрылыс жұмыстары, негізгі технологиялық жабдықтар және т.б. шығындар (қосымша объектілер, қосымша желілер, алаңды дайындау және безендіру жұмыстары) кіреді.

Кесте 23- Құрылыс жұмыстарының бағалары



Ғимараттар аталуы

Құрылыс ауданы, м2

Құрылыс жұмыстарының бағалары, 1м2
мың тенгемен

Соммасы, мың теңге

Ет өңдеу цехы

5040

35100

176904

Әкiмшiлiк-тұрмыстық-корпус

432

35100

15163,2

Автотұрақ

432

35100

15163,2

Қазандық

216

35100

7581,6

Отын қоймасы

288

35100

10108,8

Шеберхана

288

35100

10108,8

Су қоймасы

36

35100

1263,6

Трансформатор стан.

72

35100

2527,2

Депо (пожарное)

72

35100

2527,2

Кезекшiлер бөлмесi

72

35100

2527,2

Жалпы







243874,8


Құрылыс объектілерінің бағалары дипломдық жобаның құрылыс бөлімінің мәліметтері бойынша табылады.
Ғимараттың 1 м2 ауданының бағасы өндірістік ғимараттар үшін:
260 ш.б.*135 тг = 35100 тг.

Технологиялық жабдықтардың бағаларын есептеп, 24-кестеге енгізеді.


Кесте 24 - Технологиялық жабдықтардың бағалары





Қондырғы аты

Саны

1 дана бағасы
мың. тг

Жалпы бағасы мың. тг

Бокс

1

500,0

500

Лебедка

2

360,0

720

Қансыздандыру желісі

2

300,0

600

Теріні іреу желісі

1

360,0

360

ФУАМ

1

500,0

500

Қой ұшасын шешетін желі

1

280,0

280

КИН столдары

5

180,0

900

Электр арасы

2

186,0

372

Таразы

5

180,0

900

Субөнімдерді өңдеу столы

3

160,0

480

субөнімдерді жуу барабаны

3

160,0

480

ЛОШС

1

453,0

453

ЛОСС

1

453,0

453

Бас өңдейтін желі

1

230,0

230

Пышақ қайрақ

2

160,0

320

Мүйіз өңдеу тазалағыш

1

160,0

160

ФОК-К

1

450,0

450

Ішек өңдеу желісі

1

360,0

360

барабан

2

260,0

520

ІҚМ ылас тазалағыш машина

1

186,0

186

ҰМ ылас тазалағыш машина

1

186,0

186

Жуғыш машина

4

160,0

640

Тері қабылдағыш машина

1

160,0

160

Жем өңдейтін машина

1

500,0

500

Барлығы







10710

Қосалқы жабдықтар бағасы негізгі технологиялық жабдықтардың бағасының 15-20% құрайды.


Алаңға кірмейтін объектілер бағалары (темір жол, автокөлік жолдары, канализация, электр желілері және т.б.) жүргізілетін құрылыс жұмыстары бағаларының 15-20% алынады. Капиталды салымдардың жалпы соммасы 25-кестеде көрсетілген.


Кесте 25- Шығындардың жалпы соммасы



Көрсеткiштер

Бағасы

Құрылыс жұмыстары

243874,8

Технологиялық жабдықтар бағалары

10710

Көмекшi жабдықтар бағалары (негiзгi технолгиялық жабдықтар бағаларының 15%құрайды)

47953,62

Тағы да басқа шығындар (құрылыс жұмыстарының 20% құрайды)

48774,96

Жалпы

351313,4

Ет өңдеу кәсіпорындарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
Дипломдық жобаның бұл бөлімінде мынадай техникалық-экономикалық көрсеткіштер есептеледі:

  • өнімді шынайы және баға бойынша өндіру жобасы;

  • өндірісті материалды-техникалық қамтамасыз ету жоспары

  • еңбек және жалақы қоры;

  • тауарлы өнімнің өз құнын жобалау;

  • өндірістің пайдасын және рентабелділігін есептеу;

  • кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу.

а) Өнімді шынайы және бағасы бойынша өндірудің есептелуі


Өндіріс қуатын шынайы түрде есептеу үшін кәсіпорынның жұмыс режимін және жабдықтарды жөндеу норматиытерін ескеру қажет.
Жұмыс режимі өндіру характеріне (үздіксіз, үздікті, мезгілді) тәуелді болады.
Сонымен, өндіріс қуатын анықтау бойынша тармақтық инструкцияларға сүйеніп, жылдық ауысымдар саны төмендегідей болатынын анықтаймыз: ет жартылай фабрикаттары және шұжық өнімдерін өндіру (қақталған шұжықтардан басқа) бойынша – 500 ауысым, қақталған шұжықтар өндіру бойынша – 900 ауысым.
Нәтижелердің барлығын 26-кестеге енгіземіз.
Кесте 26- Кәсiпорынның жұмыс режимiн және жабдықтарды жөндеуге кеткен күндердi есептеу

Көрсеткіштер

Саны, күн

Күнтізбелік күндер

365

жоспарлық тоқтатулар

100

демалыс күндер

52

мереке күндер

9

капиталды жөндеуге тоқтату

31

орташа жөндеуге тоқтату

7

жөндеуге тоқтатулар

3

техникалық бақылауға тоқтатулар

3

Жобаланған кәсіпорынның жұмыс уақытының пайдалы қоры

260

Кесте 27 -Кәсiпорынның шығаратын өнiмiн шынайы түрде есептеу



Өнімнің толық аты

өлшем бірлігі

Аусымына Жылына



Саны


Бағасы мың.тг

Саны




Бағасы мың.тг















ІҚМ

Т

10

2600

2600

6760000

ҰМ

Т

10

2500

2600

6500000

Шошқа

Т

5

2400

1300

3120000

Субөнімдер
1 кат

Т

5,2

2400

1352

3244800

2 кат

Т

1,8

1800

468

842400

Ішек ІҚМ

Т

0,5

1100

130

143000

ҰМ

Т

0,3

1000

78

78000

Шошқа

Т

0,18

1000

46,8

46800

Май сиыр

Т

1,9

1300

494

642200

Шошқа майы

Т

1,7

1300

442

574600

Тері ІҚМ

Шт

60

1200

15600

18720000

ҰМ

Шт

650

800

169000

135200000

Шошқа

Шт

80

500

20800

10400000

Жем ұны

Т

2,4

800

624

499200

Барлығы













186771000




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет