Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Субстанция мәселесі: монизм, дуализм, плюрализм



бет31/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58
Субстанция мәселесі: монизм, дуализм, плюрализм.

#.) Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма.
Философиялық тұжырымдамалар дүниенің бірлігін анықтауына сай монизм (бір Субстанция), дуализм (екі Субстанция), плюрализм (бірнеше Субстанция) болып бөлінеді. Антикалық
философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылды. Ол бөлінбейтін қарапайым зат (су, ауа, апейрон, от, атом, т.с.с.). Кез келген
өзгерістерде өзгермей, сақталып қалатын негіз .Әлемді философиялық тұрғыдан түсінудегі басты мәселе субстанция ұғымы, субстанция мәселесі «алғашқы бастама» жөніндегі идеяны негіздеуге бастаған ұмтылыс ретінде пайда болды. Субстанцияны қалай түсінуге байланысты – мәнділіктің өзі ретінде (антиктік гректерде) немесе жоғарғы және абсолюттік негіз құдай ретінде (ортағасырларда), немесе трансценденталдық негіз (Канта – тәжірибе мүмкіндігінің шарты
ретінде), немесе Абсолюттік рухтың диалектикалық қозғалысы ретінде (Гегельде), немесе қоғамның экономикалық негізі ретінде (Марксте), немесе барлық табиғи түзілімдердің түпкі
материалдық негізі ретінде (материалистерде), немесе билікке деген ерік ретінде (Ницшеде) және оны танудың әдістері мен тәсілдері мәселені баяндау мен мақсатты негіздеу ережелері ойлап табылып, жасалынды. Осы ұмтылысты жүзеге асыруда әр түрлі тәсілдер пайда болды,
олар:Монизм / материалистік немесе идеалистік/ Дуализм.Плюрализм.Монизм – бүкіл дүниедегі нәрселердің бір ғана бастамасын мойындайтын философиялық ілім. Материалистік монизм
идеясы бойынша, негізгі ұғым материя болып табылады. Ұзақ тарихи уақыт барысында материя ретінде белгілі бір заттың негізгі қасиетін таныды, бұл материяны жаратылыстың ғылыми
тұрғыдан анықтауының белгісі болды. Сонымен бірге, материя ұғымы материяны философиялық тұрғыдан анықтауда көрініс беретін философиялық аспектіге ие.Материя мәселесінің қойылуы сана мәселесін тудырады, нақ осы екі ұғымдардың қатынасы философияның негізгі мәселесі болады. Материя, олардың болмыс түрлері: қозғалыс, кеңістік және уақыт бір-бірімен де тығыз байланысты.Идеалистер барлық құбылыстардың бірден-бір бастамасын рух, идея деп санайды.
Идеалистік монизмнің ең дәйекті бағыты Гегельдің философиясы болып табылады.Дуализм – материалдық және рухани субстанцияларды өзара тең құқылы бастаулар деп есептейтін, монизмге қарама-қарсы философиялық ілім. Дуализмнің түп төркіні – материализм мен идеализмді ымыраластыру. Дуалистік сананы материядан бөліп алу, идеализмге соқтырады. Әсіресе дуализм Декарт пен Кант философиясына тән.Плюрализм – дүниенің бастамасы ретінде көп субстанцияларды мойындайтын философиялық ілім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет