1-тапсырманың дескрипторы: - отбасы мүшелерін атайды, ана, атасөздерінде а әрпін жазады.
2-тапсырманың дескрипторы: - 1-ден 10-ға дейін санайды. - «Сен неше жастасың?» деген сұрақты түсінеді. - сұраққа дұрыс жауап береді.
3-тапсырмада мұғалім «Сенің досың неше жаста?» деген сұрақ бойынша оқушылардың «жаста» сөзін дұрыс қолдана алуларына көңіл бөледі.
Мысалы:
Сенің досың неше жаста?
Ол сегіз жаста.
Берілген сөйлесу үлгісі
«Доп лақтыру» ойыны бойынша қайталанады.
Содан кейін дәптердегі тапсырма бойынша оқушылар досының неше жаста екенін белгілейді ().
4-тапсырмада мұғалім оқушылардың суреттер бойынша ақпаратты анықтай алуларына көңіл бөледі. Оқушылар «Тірек суреттер» стратегиясыбойынша «Ол неше жаста?» деген сұрақтың жауабын табады. Ол үшін мұғалім оқушылардың суретке мұқият көңіл бөлулерін ескертеді (қыздың қолындағы шарға, майшам санына, баланың қолындағы текшеге, баланың бес саусағына). Осы тірек суреттер оқушылардың жауапты дұрыс табуларына көмек болады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
5-тапсырма бойынша «Сен не істейсің?» сұрағы бойынша жұмыс
3-тапсырмада оқушылар «Сенің досың неше жаста?» деген сұраққа жауап береді.
Содан кейін дәптердегі тапсырма бойынша досының жасын белгілейді.
4-тапсырмада оқушылар әр сурет бойынша (4 сурет берілген)
«Ол неше жаста?» деген сұраққа жауап береді.
1-сурет: Ол алты жаста. 2-сурет: Ол үш жаста. 3-сурет: Ол екі жаста. 4-сурет: Ол бес жаста. Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
5-тапсырмада оқушылар
«Сен не істейсің?деген сұраққа жауап