Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет3/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
жасқа толар-толмаста қайтыс болған. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен 
әкемнің әңгімелерінен ғана білемін. 
Қайран әжем өле-өлгенше Рәзия келінінің қазасына қайғырып өтті. Мезгіл-мезгіл тоқаш 
қуырып, ас пісіріп, келінінің әруағына бағыштап құран оқытар еді. 
— Жатқан жерің жаннат болсын, маңдайыма сыймай кеткен періштем, Рәзия, — деп 
өзінен-өзі отырып, көзіне жас алып қайғыратын. Сөйтіп, Рәзиядан қалған немерелерінің 
басынан сипап, маңдайымыздан сүйетін. 
Рәзияның тұңғышы Үбіш, онан кейінгілер Үбиан, Сәлима, Әлима кілең қыз бала болады. 
Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше 
декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған 
соң, Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы жіберіпті. 
Біздің ауылдың Байтоқ деген кісісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат сабылтып жетіп, әкем 
жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап жылай 
беріпті. Әкемнің қарындасының үй-іші үрпиісіп, бір жаманат хабар жеткен екен деп 
қорқып қалады. Ақыры бөрі Байтоқты жұлмалай, «не боп қалды, айтсаңшы» деп 
тақақтағанда ғана, Байтоқ: 
— Жеңешем ұл тапты, — депті. 
Үрейден үрпиіскен жұрт енді мәз-мәйрам болып, қуаныштары қойындарына сыймай, 
Байтоққа сүйіншісін беріп аттандырыпты! 
Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын-жекжат құтты болсынға жиналып қалған 
екен. 
— О, Момыш, балаңның бауы берік болсын! 
— Ақментей бабасындай батыр болсын! 
— Ақмолда Батыр бабасындай мәрт болсын! 



Әдеби KZ 
— Бәйдібек батырдың әруағы қолдасын! 
— Домалақ анамыз жар болсын! — десіпті. 
Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш ағам алақан жайып ел 
қарияларынан бата сұраған екен. 
— Төл немерең, бел немерең ғой. Бата жөні де өзіңдікі, — десіпті ақсақалдар. Сонда 
Имаш бабам былай деген екен: 
Алатаудың қыраны мол еді 
— Қырағы болсын, құлыным 
— Қойнауы суға мол еді 
— Бұлағы болсын, құлыным. 
Елінің тілегі зор еді 
— Шырағы болсын, құлыным. 
Ата тілегі оң еді 
— Құмары болсын, құлыным. 
Бұл жер батырлар төрі еді 
—Сыңары болсын, құлыным. 
Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш 
атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен. 
Ағасының қолын ұзартып. қолғабыс беруге келді, — депті шешем ізетпен иіліп. Атам 
еміреніп мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып: 
Құрық деп берсем — құл болма, Шыбық деп берсем — шіл болма. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет