Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет7/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   144
Әдеби KZ 
— Ақ орданы басындырып қойғанымыз қалай? 
— Әруақ! Әруақ! Әруақтың сай-сүйегін сырқыратып қайтіп тірі жүреміз, ойбай! 
— Байзақ датқаның басынан ешкім асып көрмеген! 
Біз не боп барамыз! 
— Әлгі әупілдеген төбеттің көтінен қуып барып, қара қап құстырмасақ, жер басып тірі 
жүргеніміз құрысын! 
Аяғынан салбыратып ағашқа іліп қоймасақ, атымыз өшсін! 
— Аттанайық! Аттан! Аттан! Байзақ! Байзақ! 
Дес бермей, елеуреп, өкпелері өрекпіп, өршеленіп алған ағайындарын Қабылбек бір-ақ 
сөзбен қайырып салып: 
— Тоқтат! — деп ақырып қалған. — Опық жейтін сол Серкебайдың өзі болады әлі, — 
депті. 
Ағайындары, амал жоқ, тыйылыпты. 
Ал, Серкебай әкесі Текебайдың алдына барып мақтанып тұрса керек: «Екі аяғын бір етікке 
тықтым Байзақ әулетінің. Қаһарлы Қабылбектің өзі жұмған аузын аша алмай қалды. 
Былай деп боқтадым, былай деп балағаттадым». Текебай сонда баласына: 
— Ақымақ! — депті. 
Серкебай үйден атып шығып, өз отауына барып, екі күн қатарынан нәр татпай, өкпелеп 
жатып алыпты. 
Ал, сайлауға дайындық қыз-қыз қайнап жатса керек. Үшінші күн дегенде Серкебай әкесіне 
келіп, аяғына жығылады. 


14 
Әдеби KZ 
— Мені құдай сыйлады. Өзімнен жиырма жас үлкен Қабылбектің бетінен алып, тілім тиді. 
Ел көзіне қарайтын бет қалмады. 
Текебай ат-шапан айыбын дайындап, жанына жиын ертіп, Қабылбектің ордасына өзі 
барған екен. 
Жаңабай жағы Текебай қол жиып соғысқалы келе жатыр екен деп қалса керек, өздері де 
caп түзеп, сақадай сай қарсы шығады.Қабылбектің ордасына ат шаптырым қалғанда 
Текебай қасына Серкебайды алып, басқалардан оқ бойы озып шығып, әкелі-балалы екеуі 
Қабылбек жағына келе жатады. 
Қабылбек те: «Е, мынау соғысатын жерді айт деп келе жатыр ғой», — деп өзі жеке шығып, 
Текебайға тура тартады. 
Сонда Текебай сонадайдан аттан түсіп, Қабылбектің қасына келіп: 
—Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелі келдім 
алдыңа. Кешіремісің, сірә! — депті. 
Мына сөзден Қабылбектің қабырғасы сөгіліп,қалбалақтап атынан аунап түседі: 
— О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті білем. 
Аға болсаң да, сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл 
әдепсіздігім бүкіл әулетімізге таңба болатын болды ғой, ой әттегене-ай. Ат-шапан айып 
сенен емес, менен, ақсақал! — деп үстіндегі зерлі шекпенін шешіп Текебайдың иығына 
жауыпты. Сөйтіп тұрып Жаңабай жағына қарап: — Уа, ағайым! Сайлауда Текебайға дауыс 
беріңдер! Мен қойдым дауысқа түскенді! — деп айғай салған. 
Әлбетте, ағайын арасы аз күн араз-құразсыз болғанмен, мансап, дәреже, атаққа таласу
айқай-шу, дырду тоқталмаған. Аз күн жарық дүниеде атақ үшін, билік үшін алысып, 
жұлысып ғұмырын өткізген қу заман екі жақты итжығыспен, алма-кезек арандатып 
қойған. Дүниеден Текебай би де, Қабылбек болыс та өтті. Ал олардың аттандаулы аламан- 


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет