Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет6/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Сонда Момыш 1/2 деп жазып, жарты дегеннің осы екенін түсіндіріп беріпті, қанша күн 
басы қатып, қамалып отырғандар өңі кіріп, кайта тіріліп, қуанып, құнжындасып, әкеме 
тәнті болып қалса керек. 
Текебайдың бақталасы — Талас Алатауының бөктерін жайлаған Жаңабайдан шыққан 
Байзақ датқаның баласы Қабылбек деген кісі екен. Байзақ датқа заманында Қоқан ханына 
қарсы шығып, содан қапыда қолға түсіп, Құдияр ханның жарлығымен зеңбіректің аузына 
байланып, атылып кеткен. Енді, міне, сол Байзақтың елу жастағы ұлы Қабылбек 
Текебаймен тіресіп қалған кезі екен. 
Қабылбек жағы Текебайды ұры деп, әділдігі жоқ парақор деп, ұлыққа жамандап жаза 
берсе керек. Сонда Текебайдың отыз жастағы үлкен ұлы Серкебай Қабылбек жағының 
әлгіндей жаласына шыдай алмай, жанына он жігіт ертіп, Қабылбектің аулына тасырлатып 
жетіп барған дейді. Қабылбектің қарсы алдына отырып алып, қамшысын жерге шиіріп 
тастап, бір бәлеге бастап, қалың жұрттың арасында Байзақ датқаның баласын ой, 
балағаттайды келіп. Айтпағанды айтады. Елде зәре қалмайды. Қан төгілмесе неғылсын 
деп қалтылдаған халық. 
Ақ орданың сыртындағы әйелдер жағы әруақ, құдайға сыйынып, сыбырласып қана 
сөйлеседі. Ал, Серкебай ақиланып алса керек, ар-намысқа тиетін ауыр сөздер 
айтыпайғайлап отыр. Қабылбек сонда қыбыр етпепті. Ләм деп тіс жармапты. Қабағын да 
қақпапты. Жаңабай жағы улап-шулап, намыс буып, кек қысып, орындарынан тұра-тұра 
ұмтыла бастаса, Қабылбек оларға тек қолымен белгі беріп басып тастап отырады. Бірақ тіс 
жармайды. Аталас ағайын-туғаны бұған шыдамай, қаны қайнайды. Қабылбек тырс 
етпейді. 
Оның бұл қылығына ыза болған сотқар Серкебай одан бетер одыраңдап, айтпағанды 
айтса керек. Ақырында атына қарғып мініп, он жігіті жанында, ауылына салып ұрып 
қайтып келіпті. 
Серкебай кеткен соң Жаңабай жағы жабылып Қабылбекке наразылық айтып жатса керек: 
— Ойбай-ау, неге бізді бөгедіңіз? 


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет