Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет4/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Бәрінен де, шырағым, Баяны жоқ ұл болма, — деп келініне мені қайтарып берген екен. 
Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмірлік өнеге болсын 
деп әкем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының басын қайта қосыпты. 
* * * 
Мен туғанда, әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жарықтық әкемді балаларымның 
ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Әкем өз бетінше талпынып жүріп ескіше 
сауатын ашып алыпты. 
Содан өле-өлгенше өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол есеп-қисапты тәуір білетін. Тіпті 
орыс алфавитін де ежіктеп шығара беруші еді. Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де 
атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе, зергерлікті жақсы көрген. Біздің елде одан 
өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күнінде қыз-келіншектің көңілін аулау амалымен 
үйренген зергерлік өнерін әкем қартайғанда тастамаған. Мұнда ол соққан сақина-білезікті 
салып жүрген көзі тірі кемпірлер бар. Ал, ол кемпірлер бір кезде уылжыған жас еді ғой. 
Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын 
жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта 
алмаушы еді. 
Момыш әкем ат жалын тартып мініп, бозбала халге жеткенде, Имаш бабам шаруа билігін 
соның қолына беріпті. Ауылдағы келін-кепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды 
Қызтумас әжемнің өзі де: 
— Момыштан сұраңдар, Момыш біледі, — деп отырады екен. 
Ағайын-туған арасындағы алыс-беріс, көші-қон мәселесі, ас-той, дау-дамай — бәрі-бәрі 
Момыштың араласуынсыз шешілмеген. Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып 
келгенше тірлікті соған қаратып, жолын күтіп отыратын болған. Имаш бабамның көзінің 
тірісінің өзінде біздің шағын ауылды — Момыш ауылы дейді екен. 



Әдеби KZ 
Шаруамыз шап-шағын еді. Біздің үйдің іші қартайған Имаш бабамнан бастап, есін енді- 
енді біліп келе жатқан баласына дейін жеген нанын табан ақы, маңдай терімен тапқан. 
Ешкімді жалдамаған, ешкімге жалданбаған. 
Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін 
болыпты. Ал, әжем оны «Қара қатпа» деуші еді. Әкем орта бойлы, арық қара кісі еді. 
Маңдайы жап-жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді. Сол арықтығына қарамай, керемет 
күшті болатын. Әжем оны «Тарамыс» деп те атайтын. Сол күштілігіне бола атаса керек. 
Мен бірде әжеме: — Неге «Тарамыс» дейсіз? — деппін, әкемді кемсіткен екен деп. 
— Не десе де шешемнің еркі, — деп күлді әкем.— Қарай гөр, мына жаманды, әкесіне 
болысып жатыр-ей, — деп әжем өтірік ашуланған болды. 
Әлі есімде, бір рет әкемнің Момынқұл дейтін інісі әжеме: 
— Қойшы, апа! — деп дауыс көтеріп қалып еді, әжем тарс кете жаздап: 
— Сен тұрмақ, Момыш маған осы күнге дейін бетіме тік қарап сөйлеген емес. Сен қайдан 
шықтың, иттің күшігі! Жоғал, көзіме көрінбе! — деп үйден қуып шықты. 
— Не боп қалды? — деп әкем кіріп келді, әжем оны аймалап, арқасынан қағып: 
— Апау інің көргенсіздеу боп бара жатыр. Жөнге сал туысқаныңды, — деді. 
— Мақұл, апа, сазайын тарттырайын. Бірақ ұрмай-ақ қояйын, мақұл ма, апа, — деді. 
— Мейлің, — деп күрсінді әжем. 
Момынқұл көкем сол түні қой қорада түнеп шықты. 
Таңертең әкем оны жақсылап сөгіп салып, басқа бір ауылға бір аптаға аттандырып 
жіберді. Сол екі ортада әжем енді Момынқұлын сағынып: 
Әй, әлгі тентек неме қашан келеді? — деп қайта-қайта сұрай бергені ғой, жарықтық. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет