102
Әдеби KZ
Үйге келгендері жеңгелерімізбен, Үбианның өзімен сөйлесетін. Не айтқандарын біле
алмай сыртта қала берем.
Ақыл айтып, қыздың алды-артын орап алатын жеңгетайлар көбейді.
Сөйтіп жүргенде тағы да алты ай өтіпті. Ауылымыз енді асыға бастады.
Киіз басылып, киім-
кешек жиі тігілді, кестелі бұйымдар молайды. Қолының ебі бар өнерлі әйелдер бар ниетін
салып аянар емес. Алынған жиһаздарды, тігілген бұйымдарды қайта-қайта ашып көріп,
нақ бір көрмеде жүргендей-ақ масайрап мәз болысады. Осындай сәттерде әркім ойын
ортаға салып, жиһаздардың кем-кетігі мен олпы-солпы жерлерін түзетіседі. Қолда бар
мал сынапша сусып кетіп жатты.
Базар сайын сатылып, ақшасына жасау әкеледі.IАюбай
өзінің хабаршылары арқылы әпкемнен жақсы лебіз естісе керек. Бір күні кешке
Оңдас қоржын көтеріп тағы келді. Бұл жолы жеңгейлер күйеу бала мен күйеу жолдасты
қолпаштай күліп, жайраңдап қарсы алды. Қалжыңмен қағытып, әзілге қарық болысып
жатыр.
Оңаша отау тігіліп, Оңдасты базарлығымен қоса сонда алып кірді. Отаудың ішін
жиһазға жайнатып қойған екен. Екі жас алғаш рет осында жүздеспек. Аюбайды бір-екі
жеңгей ішке алып кірді. Екі жігітті құрметті орынға отырғызып, жеңгейлер жүгірісіп жүр.
Сол кезде ауыл жастары жинала бастады. Қыз-келіншектер қызыл-жасыл киініп құлпырып
алыпты. Бәрі де күйеу баламен жүздесіп, жақын таныспақ. Мұндайда әрқайсысы өткір
сөзбен, оңтайлы әзілмен, ойнақы қылықпен, жарқын күлкімен көрінгісі келеді ғой. Күйеу
баланы жан-жақты сынап, биігін білгісі келгендер жағалай ұтымды сөз айтуға тырысады.
Кейбіреулер жұмбақтай сөйлеп, астарлы пікірдің жауабын күтеді.
— Ай қай жақтан туар екен? — деп күлген бір жеңгесіне
Аюбайдың тура жауап бергені
бар:
— Кеш батқалы қашан, ендігі ай да шыққан шығар.
Аюбайдың аңғал айтылған адал шындығына біраз келіншектер шиқылдасып күлісіп алды.
— Шолпанның тұрағы қайсы екен, ай мекені қайда екен? — деді енді біреуі.