Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



бет49/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ежелгі Қытай жерінде ең алғашқы өркениет қашан қалыптасты?
2. Шан-инь өркениетінің сипатты ерекшеліктерін көрсетіңіз.
3. Батыс және Шығыс Чжоу дәуірлеріндегі Қытайдың саяси дамуын салыстыра талдаңыз.

ХҮІ ТАРАУ


ЦИНЬ ЖӘНЕ ХАНЬ ИМПЕРИЯЛАРЫ
(Б.З.Д. ІІІ Ғ. АЯҒЫ – Б.З. ІІІ Ғ. БАСЫ)


1. Цинь әулетінің билігі
Б.з.д ІV ғ. ортасынан бастап ең күшті патшалықтардың арасынан, шеткері жатқан солтүстік-батыстағы Цинь патшалығы алдыңғы қатарға шыға бастайды. Ежелгі Қытай патшалықтарының Орталық және Орта Азия елдерімен саудасында делдал-байланыстырушылар болған солтүстік тайпаларымен қызу сауда Цинь патшалығының баюының басты көзі болды.
Б.з.д. V ғ. Цинь патшалығының күшеюіне Шан Янның саяси-әкімшілік, қаржы-экономикалық және әскери реформалары ықпал етті. Шан Ян заңдары қауымнан бөлініп шыққан ауқатты қожалықтардың мүддесін қорғады. Оның тұсында біртекті әкімшілік бөліністің қалыптасуы ақсуйек рулардың қуатын әлсіретті. Ұсақ территориялық бірліктер – бес және он аулалар өзара көмек негізінде бір-бірімен байланды; бір кісінің кінәсі үшін бүкіл топ жауап берді және бәрі бірдей мемлекет құлдарына айналды. Шан Янның салмақ, ұзындық және көлем бірліктерін бірегейлендіруі рыноктық қатынастардың дамуына ықпал етті. Өнімнен жиналатын салықтың орнына Шан Ян өңделетін жер көлемінен салық жинауды енгізді, яғни табиғаттың қолайсыздықтарынан болған шығынды қазынадан алып, егіншінің мойнына артты. Шан Ян рулық тегімен байланысы жоқ жаңа шонжарларға және қауымның ауқатты бөліктеріне сүйенді. Мемлекеттің өзі де ірі жер және құл иесіне айналды. Шан Ян заңның күшіне бағынудың сенімді жақтаушысы болады. Алайда ол құқық пен биліктің өзара қатынасы мәселесінде биліктің монархиялық формасын қолдады. «Көкте екі күн болмайтыны сияқты, халықтың да екі билеушісі бола алмайды» - дейді Шан Ян, Конфуцийге суйене отырып. Шан Янның жүргізген іс-шаралары Цинь патшалығында орталықтандырылған әскери – бюрократиялық мемлекеттің белгілерінің қалыптасуына ықпал етті.
Шан Ян реформалары іс жүзіне асқаннан кейін, әсіресе соның ішіндегі маңыздысы болып табылатын қола қаруды темір қарумен, арбалы әскерді атты әскермен ауыстырған әскери реформасынан кейін Цинь патшалығы әскери бюрократиялық монархияға айнала отырып, ежелгі Қытайдағы ең қуатты мемлекет ретінде, бірден-ақ агрессиялық саясатқа көшті. Ең алғашқылардың бірі болып Сычуандағы жері құнарлы, кенге бай Шу-Ба ауданы басып алынды. Бұл аймақ ұзақ уақыт бойы Цинь мен Чу арасындағы талас аймағы болып келген еді. IV ғасыр аяғында циньдіктер Ханьшуй өзенінің жоғарғы ағысы мен Хэнанның батысын жаулап алып, Чу, Вэй және Хань патшалықтарының жеріне келіп тірелді. Бұл орталық патшалықтар да, бірте-бірте өз территориясынан айрыла бастады. 238 жылы Цинь тағына Ин Чжэн отырды, ол 17 жылға созылған үздіксіз соғыстың нәтижесінде өз қарсыластарының территорияларын бірінен кейін бірін жаулап алады. Ин Чжэн әрбір жаулап алынған елдің астанасын жермен жексен етіп қиратып отырды. 221 жылы Цинь соңғы дербес патшалық – Шандунь түбегіндегі Циді талқандады. Осыдан кейін Ин Чжэн ең жоғарғы биліктің мүлде жаңа мәнсабы хуанди (император) титулын қабылдады. Ежелгі Қытайдың ең алғашқы императоры тарихқа Цинь Шихуанди – «Циньнің алғашқы императоры» деген атпен енді. Цинь патшалығының астанасы – Вэйхэ өзені бойындағы Сяньян қаласы империяның астанасына атанды.
Цинь Шихуандидің орасан зор тұрақты армиясы темір қарумен қаруланды, атты әскер күшейтілді. Бұл уақытта империяның солтүстігінде сюнну (ғұн) тайпа одағы тез қарқынмен күшейтіп жатқан болатын, олардың Қытайға шапқыншылықтары мыңдаған тұтқындарды айдап әкетумен жүріп отырды. Сюннуларға 300-мыңдық Цинь армиясы қарсы шыға отырып, оларды Хуанхэ өзенінен ары асырып шегіндірді. Солтүстік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Цинь Шихуанди алып құрылыс – Ұлы Қытай қорғанын салуға бұйрық берді. Сонымен бір уақытта елдің ішіндегі, бұрынғы патшалықтар арасындағы қамалдар қиратылды. Цинь Шихуанди Оңтүстік Қытай мен Солтүстік-Шығыс Вьетнамда жаулаушылық жүргізіп, ежелгі вьеттердің Намвьет және Аулак мемлекеттерін жаулап алды.
Цинь империясының қол астында этникалық құрамы, шаруашылығы және қоғамдық дамуы бойынша әр түрлі аймақтар бірікті. Цинь Шихуанди бүкіл ел көлемінде Шан Ян заңдарын орнықтыру негізінде мықты орталықтандырылған әскери – бюрократиялық империя қалыптастыруға бар күшін салды. Бұл империяда жаулаушы халық – циньдіктер артықшылық жағдайға қойылды, мемлекеттегі барлық жоғарғы басшы қызметтер соларға тиесілі болды. Цинь патшалығының заңдары қатыгез қылмыстық баптармен толықтырылды. Империя 36 территориялық-әкімшілік ауданға бөлінді. Заң арқылы барлық толық құқылы еріктілерге қара бастылар «цзяньшоу» деген азаматтық атау берілді. Цинь Шихуанди тіпті өз ұлдары мен бауырларына да артықшылық жасаған жоқ, оларды да қарапайым халықпен қатар қарастырды. Бірыңғай жазба заң, шенеуліктердің бірыңғай жүйесі, тікелей императордың өзіне бағынатын әкімшілік аппаратының қызметін бақылаушы инспекторат қалыптасты. Орталықтандырылған әкімшілік-территориялық басқару территориясына негізделген легизм іс жүзінде Цинь империясының ресми идеологиясы болды. Цинь Шихуанди Шан Янның үлгісімен жазалау жүйесін енгізді, ол бойынша мемлекеттік қылмыскердің отбасы үш ұрпаққа дейін құлдыққа салынды, сондай-ақ өзара жауаптылық арқылы байланысқан отбасылардың да үш ұрпағы құлдыққа салынды, нәтижеде бірнеше селолар тұтастай құлдыққа түсіп отырды. Билік өкілдері ерекше ауыр деп тапқан қылмысы үшін қылмыскердің өзі ғана емес, оның барлық туыстары үш ұрпаққа дейін өлім жазасына кесілді.
Жаңа тәртіптер ерекше қатаң іс-шаралар арқылы енгізілді. Елде іс жүзінде террор орын алды, наразылық білдіргендер бүкіл руымен өлім жазасына кесілді. Әскери тұтқындар мен қылмыскерлерді жаппай құлдарға айналдыру есебінен мемлекеттік құлдардың саны еселеп артты. Олардың еңбегі көп салалы патшалық мемлекеттік шаруашылықта кеңінен қаналды. Ауыр еңбек міндеткерліктері «қарабастылардың» негізгі бұқарасының йығына да түсті. 216 жылы Цинь Шихуанди «қарабастыларға» егінші табысының 2/3-ін құрайтын, аса ауыр жер салығын енгізді. Салықтар мен міндеткерліктерден қашушыларды іздеп тауып, шет аймақтарды игеруге аттандырып отырды. 210 жылы 48 жасында Цинь Шихуанди аяқ астынан қайтыс болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет