Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет56/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

5. ҚАЗДАР
Ахметтен
Крыловтан
Қаздар
Бір ұзын алып қолға мықты 
шыбық,
Қаздарын қалаға айдап шықты 
мұжық.
Қуалап, байғұстарды келеді 
ұрып,
Асығып базар күнге жаны 
шығып.
Тексерсек мұжық ісін байқап, 
ойлап,
Оған да дұрыс емес кінә қоймақ.
Асықты базар күнге, пайда көп 
деп,
Қаздарды ұрды ма ол босқа 
ойнап?
Десеңдер, олсыз базар 
тарамайды,
Дер едім: мұжық ісі 
жарамайды.
Пайдасы, базар өтіп, кетер 
жерде,
Қаз түгіл, адамға да 
қарамайды.
Гуси
Предлинной хворостиной
Мужик, Гусей гнал в город 
продавать;
И, правду истинну сказать,
Не очень вежливо честил свой 
гурт гусиной:
На барыши спешил к 
базарному он дню
(А где до прибыли коснется,
Не только там гусям, и людям 
достается).
Я мужика и не виню;
Но Гуси иначе об этом 
толковали
И, встретяся с прохожим на 
пути,
Вот как на мужика пеняли:
«Где можно нас, Гусей, 
несчастнее найти?
Мужик так нами помыкает,
И нас, как будто бы простых 
Гусей, гоняет;
А этого не смыслит неуч сей,
22–7069


338
Біздерше қаздар, бірақ 
сынамады,
Оларға мұжық ісі ұнамады.
Жолыққан жолаушыға бәрі 
шулап,
Мұжықтың ісін айтып, 
кінәлады.
«Бар ма екен, бізден сірә, соры 
қалың?!
Қожасып қуалайды мұжық 
жарым.
Қорлайды ұрып-соғып
ойламайды,
Мойнында қандай міндет, 
қарыз барын!
Ойласа, қайдан біздің 
асылымыз?
Румды құтқарған қаз нәсіліміз!
Айт істеп атамыздың 
құрметіне,
Өтпейді һәман онда жыл 
мейрамсыз!
Таяқ жеп жай қаздарша, 
жүргеніміз
Наданға душар болып бір 
білімсіз!».
Қаздарға жолаушы айтты: 
«Тоқтаңдаршы!
Ауысқан ақыны айтып, 
жоқтаңдаршы!
Сендерді қадірлеуге не үшін 
міндет?
Мұжықты айыпты қылып 
боқтаңдаршы!».
Что он обязан нам почтеньем;
Что мы свой знатный род ведем 
от тех Гусей,
Которым некогда был должен 
Рим спасеньем:
Там даже праздники им в честь 
учреждены!»
«А вы хотите быть за что 
отличены?» –
Спросил прохожий их. 
– «Да наши предки...» 
«Знаю, И все читал; но ведать я 
желаю,
Вы сколько пользы принесли?»
«Да наши предки Рим спасли!»
«Все так, да вы что сделали 
такое?»
«Мы? Ничего!» – «Так что ж и 
доброго в вас есть?
Оставьте предков вы в покое:
Им поделом была и честь;
А вы, друзья, лишь годны на 
жаркое».
Баснь эту можно бы и боле 
пояснить -
Да чтоб гусей не раздразнить.


339
«Істеген атамыздың ісі қайда?
Румды құтқарғаны азғантай 
ма?»
«Қоя тұр, – жолаушы айтты, – 
көрдегіңді!
Өздерің келтірдіңдер қанша 
пайда?»
«Айттық қой атамыздың еткен 
ісін!
Әлде өзің сөзімізге 
сенбеймісің?».
«Сенемін һәм білемін атаң 
жайын!
Сендерді қадірлеуге деймін не 
үшін?!
Өткізді өз бастарың қандай 
еңбек?
Атаңда көрде жатқан жоқ 
жұмысым».
«Біздің бе?.. жоқ өткізген 
еңбегіміз!»
«Әне жөн, сыйламаса, 
көнбегіңіз:
Мені де атам жақсы, қадірле 
деп,
Таласып қиын болар 
жеңбегіңіз.
Жақсы-ақ боп аталарың өткен 
шығар,
Ісіне қарай құрмет еткен 
шығар.
Қалдырмай асылынан 
арттағыға,
Өзімен жақсылығы кеткен 
шығар.


340
Көрдегі көмек болмас 
бабаларың,
Кем болса өздеріңнің 
бағаларың.
Көніңдер, ұрса, соқса, сойса-
дағы!
Болған соң қуырдақтық 
шамаларың».
Кетермін баяндасам алысқа 
бек:
Лайық әр нәрсеге керек қой еп.
Жайынан жат қаздардың 
сөйлеген сөз
Көбіне жақын қаздың тиетін 
дөп.
Бетіне көрдегінің көнін ұстап,
Деп жүрген көріктімін 
қазақтар көп.
Қысқартып, сөз аяғын 
тоқтатамын,
Солардың өкпесіне қалармын 
деп.
14 шумақ, 68 тармақ
5 шумақ, 42 тармақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет