Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет38/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
ҚҚТ құрмалас сөйлем синтаксисі, Ұ.Р.Ержанова, Н.Е.Дүйсенғалиева

СИНТАКСИСТІК ТАЛДАУ ҮЛГІЛЕРІ
Жалпы заңдылықтар
Синтаксистік байланыс түрі: салалас, сабақтас, орайлас, аралас. Синтаксистік қатынас түрі: предикаттық және предикаттық емес – анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық. Синтаксистік құрал түрі: аналитикалық немесе синтетикалық тәсіл.
Сөзтұлға синтаксисі
Сөзтұлға бірліктері: сөз, күрделі сөз және оның түрлері, түйдекті тіркес, тұрақты тіркес, салаласқан тіркес. Аналитикалық тәсіл амалдары: интонация, орын тәртібі, шылау. Синтетикалық тәсіл амалдары: жіктік жалғау, септік жалғау, тәуелдік жалғау, көптік жалғау. Сөздердің байланысу түрі (формалары): қиысу, қабысу, матасу, меңгеру, жанасу.
Сөзтіркесі синтаксисі
Сөз тіркесінің құрамы: жалаң және күрделі. Сөз тіркесінің түрі немесе басыңқы сыңардың қызметіне қарай: есімді тіркес, етістікті тіркес. Бағыныңқы сыңардың қызметіне қарай: а) сөз таптарының қызметі – зат есімді, сын есімді, сан есімді, есімдікті, есімшелі, үстеулі, еліктеу сөзді, шылау сөзді, көсемшелі; ә) септік жалғауының қызметі – табыс, септікті, барыс септікті, жатыс септікті, шығыс септікті, көмектес септікті.
Сөйлем мүшесіне талдау
Сөйлем мүшесінің түрі: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің құрамы: дара, күрделі, үйірлі және барлығына тән белгі бірыңғай мүшелі. Сөйлем мүшесінің мағыналық түрі: толықтауыш – тура, жанама; пысықтауыш – мекен, мезгіл, себеп, мақсат, амал; анықтауыш – анықтайтын сөзімен қабыса байланысқан немесе матаса байланысқан. Сөйлем мүшесінің жасалу жолдары: кез келген сөз табынан.
Сөйлем мінездемесі
Айтылу мақсаты мен дауыс сазына қарай: хабарлы сөйлем – баяндау мәнді, суреттеу мәнді, түсіндірме мәнді; сұраулы сөйлем – анықтауыш сұрақты, түрткі сұрақты, қарсы сұрақты, риторикалық сұрақты; бұйрықты сөйлем – тілек-өтініш мәнді, талап мәнді, бұйрық мәнді, қалау мәнді. Көңіл-күй немесе эмоционалды-экспресивті мәніне қарай: лепті және лепсіз. Хабардың шындық болмысқа қатысына қарай: болымды және болымсыз. Құрылысына қарай: жай сөйлем және құрмалас сөйлем.
Жай сөйлем мінездемесі. Құрамына қарай: жалаң, жайылма, күрделенген. Ойға қатысты мүшелердің қатысына қарай: толымды және толымсыз. Құрылымына қарай: жақты – белгілі, белгісіз, жалпылама, нақтылы; жақсыз, атаулы – мекен атаулы, мезгіл атаулы, зат атаулы. Құрамдылығына қарай: бір құрамды, екі құрамды.
Құрмалас сөйлем мінездемесі. Функциялық топтастыру: хабарлы, сұраулы, бұйрықты. Логикалық-дәстүрлік топтастыру: сабақтас, салалас, аралас. Құрылымдық топтастыру: орын тәртібі, шылау, интонация немесе баяндауыштың тиянақсыз тұлғасы. Құрамына қарай: екі құрамды (сабақтас, салалас) немесе көп құрамды (аралас құрмалас, көп бағыныңқылы/басыңқылы сабақтас, көп сыңарлы салалас). Мағыналық топтастыру: сабақтас құрмалас – қарсылықты бағыныңқылы, шартты бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы, амал бағыныңқылы, салыстырмалы, түсіндірмелі, үлестес; салалас құрмалас –мезгілдес, себептес, қарсылықты, шартты, салыстырмалы, түсіндірмелі, талғаулы, кезектес; аралас құрмалас – ыңғайлас мәнді, себеп мәнді, шарт мәнді, салыстырма мәнді, түсіндірме мәнді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет