Франсуа Вийон. Ортағасырлық француз әдебиетінің қорытындылаушысы және оның болашақтағы жетістіктерінің бастаушысы Франсуа Вийонның шығармашылығы болады. Вийон (1431-1463) поэзиясы көптеген зерттеушілердің назарына іліккенімен, ол туралы жалпы мәліметтер өте аз.
Вийонның шығармашылығында Ренессанстың жақындағанын білдіретін жарқын белгі болған. Ақын керемет күші мен өзіндік лирикалық «мені» арқылы өзі өмір сүрген дәуірін шынайы суреттей алған. Вийон поэзиясы ұлттық нақышта, дәстүрлі болып көрінуі мүмкін, себебі ол синонимдер мен рифмаларды қолдана отырып, баллада, рондо, өлеңдер, каламбурлар жазған, жалпы оның шығармашылығы сыртқы құрылысы жағынан ортағасырлық поэтиканың шегінен асып кете алмайды. Ол бірде кенеттен ортағасырлық лирикаға тән иронияға ауысып, бірде керісінше, «рух пен дене» арасындағы сұрақтар мен жер бетіндегі түрлі қиыншылықтарға да тоқталып отырады.
Вийонның негізгі туындысы - «Өсиет», ол кейінірек, ақынның көзі тірі кезінде «Ұлы өсиет» аталып кетеді (1461). Ол 186 сегіз жолдық шумақ, 16 баллада мен 3 рондодан құралған. Мұнда ақынның шығармашылығы мен өмірлік мақсаты ерекше сипат алған. Ақын өз сүйгенінің қиянатын да, аштық пен қуғын-сүргінді де, түрмені де басынан кешіреді. Алайда сол кезде ақынның шоқты жанарынан күшті, бір тудың астына біріккен Францияны көруге болады. Қаңғыбас ақын патшалық биліктен тек қана дұшпанын емес, сонымен қатар тірегін де көреді.
Вийон өз шығармашылығында ресми феодалдық-діни идеологияны көрсету үшін адамдық жеке тұлғаны ең бірінші орынға қойған. Осы арқылы ол Қайта өрлеу дәуіріне қадам жасап, жарқын жолдарға бағыт сілтеген жаңашыл ақын болған.
Маргарита Наваррская.ХYI ғ. I жартысында Франциядағы ірі гуманистік және әдеби орталықтардың бірі Маргарита Наваррскаяның (1492-1549) сарайы болған. Өте білімді және ежелгі тілдер мен италия тілін жетік меңгерген Наваррскаяның жазушылық еңбегі өте жемісті болады. Өз шығармашылығы арқылы өзінің гуманистік идеяларын ашық жариялайды. Наваррская адам ойы мен сезімінің ортағасырлық аскетизм мен схоластиканың жәбірінен босауын армандағанымен, ежелгі адамгершілік және діни дүниетанымнан бас тарта алмайды.
Оның француздық Ренессанс рухындағы Боккаччоның «Декамеронына» еліктеп жазылған «Гептамерон»39 (грекше «Жеті күнге арналған күнделік») атты шығармасы халық арасында кең тарап, оның атын тарихта мәңгі қалдырады. «Гептамерон» аптаның жеті күніне арналып, жеті циклге бөлінген, қызықты әрі тәрбие беретін жетпіс екі новелладан тұрады. Ол 1558 ж. «Бақытты ғашықтар туралы хикая» деген атпен жарық көреді.
«Гептамерон» француз Қайта өрлеуіне тән идеялық қайшылықтар мен сипаттарды зерттеуге мүмкіндік беретін маңызды тарихи құжат болып табылады. Шығармада келтірілген новеллалар тұрмыстық материалдармен қоса, дәуірдің түрлі идеялық және адамгершілік ұмтылыстарын айқын көрсетеді.
ХY ғ. басында Қайта өрлеу дәуірінде үлкен маңыздылыққа ие болған әдеби жанрлардың бірі новеллистика қалыптаса бастайды. Францияда ол италиялық үлгілерінің әсерімен шумақтық фаблиодан бастау алады. Кейін келе, айқын сатиралық бағыттағы күнделікті тұрмыстық әңгіме ретінде тарайды. Сол дәуірде кең тараған новеллалар жинағына «Жүз жаңа новелла» жатады. Бұл жинақ Ла Саль атымен де байланысты болған. Жинақтағы новеллалар түрлі әңгемешілерге тиесілі болғанымен, олар стиль тұтастығымен ерекшеленеді. Осы әзілге толы кітаптың авторы деп саналатын Антуан де Саль (ш. 1388-1461) авантюрист-рыцарьдың ұлы болған. Болашақ рыцарь жас кезінде түрлі жолдардан өтіп, атпен жүруді, сайысқа түсуді үйреніп, геральдика40 мен куртуазды заңды жетік меңгерген. Ла Саль прозаның асқан шебері болған. Оның бейнелеулері қарапайым болғанымен, оның тілі өте жеңіл әрі түсінікті болып келеді. Ла Сальдің ғажайып неміс рыцарьлары жайлы шытырман оқиғалары Тайгейзер туралы неміс аңызына ұқсатылып жазылған фантастикалық роман іспетті құрылған.
Ла Сальдің келесі шығармасы «Кішкентай Жан де Сентре» романы (1456). Бұл - туындының төрттен үш бөлігі әскери дайындық, әйелге деген серілік қатынас, дворяндық белгілер мен рыцарьлық сайыстар жайлы жазылған дидактикалық шығарма.
Антуан де Ла Сальдің шығармашылығында көркем суреттелген куртуаздық рыцарьлар мен қалыптасып келе жатқан буржуазиялық ортаның арасындағы қайшылық осы дәуірдегі басқа да шығармаларда орын алады.