112
Қызыл жебе
жауға қарсы тайсалмай шауып, шайқаста шейіт кетсе, арманым
бар демес-ау. Құдай мұны қос көрмеді. Қара Иван қаруды қайдан
тапсын. Көршісі Кузьма сірә көнер ме? Жалғыз атын жоғалтып
тапқан Софрон көнер, малын батырақ жалдап баққызып отырған
Семен қалай қостар? Қара Иванның өзін көзтүрткі қылып, ұстап
берсін...
Әлгіде ғана, Қара Иван жалғыз
кер сиырын сайдан суарып
қайтқанда, қауға сақал Кузьма үйінің шарбағынан асылып тұрып:
– Жаңалықты есіттің бе, Иван? – деді.
– Жоқ. Ол не? – деген Қара Иван жүрегі су етіп.
– Бір киргиз өзінің управителін атып өлтіріп, қашып кетіпті.
Әлгі аңшы киргиз көрінеді.
Айтпақшы, ол
саған келгіштеп
жүруші еді-ау. Еліктің лағын әкеліп берген сол емес пе еді? Байқа,
бәлеге қалып жүрме!
– Ол не дегенің, Кузьма? Аңшыны мен көрмегелі қашан?!
– Әй, қайдам, болыстың түбіне жеткен нақ сен құйған оқ
болып жүрмесін. Байқа... – Кузьма миығында зымиян күлкі
зәр шашып. – Айтпақшы, сол киргиздың сенің Федькаңдай
баласы бар екен. Болыстың адамдары соны ұстап отырса керек.
Әкесі үш күннің ішінде өз еркімен келсе келді, келмесе баланы
бауыздап өлтіреміз деп жар салғызыпты. Верныйдың бүкіл қару
асынғандары қазір сонда көрінеді. Көрдің бе,
киргиз әкімін
өлтіргеннен кейін, заман не болады? Не болып бара жатыр бұл
заман?
Кузьма шоқынған ырым жасап, шарбақтан ары үйіне қарай
беттеді. Қайта бұрылып:
– Біздің атаманды да Верныйға шақыртып жатқан көрінеді.
Сірә, әлгі киргиздің әлегіне байланысты мәселе ғой. Жапондардың
істегені анау. Россия анамыз бүлікке бөгіп жатқаны мынау. Енді-
енді
аузымыз асқа тигенде, мұрнымыз тасқа тимесе игі еді. –
Кузьма тағы шоқынды.
– Тыныштық болғай. Иә, құдай!
Қара Иванды қат-қабат уайым қамалады. Кузьма сұм әлгі
күдігін атаманға айтып қойған жоқ па екен? Аңшы киргиз
Қара Иванға келгіштеп жүретін деп оттап қойса болды, атаман
ақиланып жетіп келеді. Енді не істеу керек? Тым болмаса, түн