Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет74/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
білмейді. Мұсылман болып, Аллаға жалбарынуы да жоқ. Ал 
Приходько осымен бір-екі рет шоқын деп емеурін танытты. Рас, 
әзір қинаған жоқ. Қинаса қайтпек? Шоқынбасам әкемді дарға 
асатын шығар.
Сөйтіп, дар мен ар арпалысқа түсті. Гимназияның еңселі екі 
қабат сарғыш үйі де көзге шалынып қалды. Енді болмаса пәуеске 
лағып кететін түрі бар. Аркаша арқасы ұстаған бақсыдай екіленіп 
алған. Екі жиреннің делебесін қоздырып, қиқулап келеді.
Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл 
есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ... Бір 
жағы қорқады. Бір жағы, баламысың деген, әйтеуір айтқандарын 
екі етпей орындай берсем, көкеме көмегім тие ме деп ойлайды, 
көкемді түрмеден босатар деп үміттенеді.
Аркаша тағы да айқайлай бергенде, Тұрар пәуескенің алдыңғы 
жақтауына аяқтарын тіреп тұрып, аттардың басын шалқалап, 
шірене тартып, шынтағымен ұлық баласын итеріп жіберді де, 
алара бір қарады. Бұл қараста түпсіз, тұңғиық ызаның ізі жатыр 
еді. Анау мұны сезген болар, қайтып үндемей қалды. Оның үстіне 
қарындасы шырылдап етегіне жармасты.
Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынып, жай 
желіске түсіп, бірте-бірте мүлдем тоқтады. Бүйірлері солықтап, 
қара терге малынған жарау жирендер жас балаға бас бергенде, 
күшке көнгендіктен емес, хайуан да болса, келер жері осы 
мөлшер, гимназия алды екенін сезгендіктен аялдаған сияқты.
Наташа Тұрарға риза пішінмен, әдемі алақандай көздерін бір 
төңкеріп тастап:
– Рақмет, Тұрар, мен енді жаяу-ақ жетемін, – деді пәуескеден 
түсіп жатып. – Кешке екеуміз сабаққа отыратынымызды ұмытпа.
Аркаша бұртиыңқырап түсті. Болашақ әкіреңдейтін әкімнің 
пішінін әлден танытып:
– Сабақтан қайтар уақытта кешігуші болма! – деп бұрқ етті.
Приходько мырзаның гимназия баспалдағымен өрлеп бара 
жатқан баласының соңынан қарап біраз тұрды. Бір сәт өзі де сол 
тепкішекпен көтеріліп, гимназияға еніп бара жатқандай елестеді. 
Әттең, ондай атты күн қайда? Гимназияға мұны кім жолатады. 
Жан-жақтан ағылып келіп жатқан шәкірттердің арасынан ара-


150
Қызыл жебе 
тұра қара домалақ қазақ балалары да кездесіп қалады. Демек, 
қазақтың да оқуына болады екен ғой.
Осыдан небары бір жыл бұрын, 1904 жылы осы ерлер 
гимназиясын Михаил Васильевич Фрунзе бітіріп кеткенін Тұрар 
әзір білмейді. Ол әрине өзінің талай жыл өткеннен кейін Түркістан 
Советтік Республикасының басшысы болатынын, сонда Фрунзе 
сынды қаһарман қайраткермен қоян-қолтық қызмет істесетінін 
де әзір сезбейді.
Иә, Тұрардың Фрунземен кездесетін сәтіне дейін әлі он бес 
жылдай уақыт керек. Бұл уақыт ішінде екеуі де талай-талай 
от пен судан өтеді. Қазір Михаил Васильевич Фрунзе нағыз 
революционер. Ал Тұрар болса... Приходько мырзаның ат 
айдаушысы, қора сыпырып, отын жарып, су тасиды. Тұрағы – 
түрме, қожасы – гимназист Аркаша.
Кеткісі келмейді, бәлкім бұған бір қайырымды жан: «Әй, бала, 
сен неге оқуға бармай отырсың айда тез класқа бар, әне қоңырау 
соғылды», – деп айтатындай қиялға кетіп пәуеске тепкішегінде 
тұрып қалады. Жарау жирендер баланың қиялын қостағандай 
құлақтары жығылып, бастары салбырап, көздерін жұмып, мүлгіп 
тұрады.
Гимназияның жапсарлы есіктері айқара ашылған, екі босағада 
екі діңгек салтанатпен сән беріп тұр. Сен кімсің деп тексеріп 
жатқан ешкім жоқ. Ішіне кіріп көрмекші де болды. Бірақ аттар 
әлденеден үркіп қашар деп сескенді. Сақалы беліне түскен, 
басында жез оқалы фуражкасы бар қарт кісі баланың басындай 
жез қоңырауды қағып есіктің алдына дейін шықты. Бірлі-жарым 
кешіккен шәкірттер жүгіре басып, ішке енді.
«Е, бұлардың ішінде пәуескемен келмей, жаяу жүріп 
кешігетіндері де бар екен ғой. Сонда біздің Приходько мырзаның 
балалары ең құрметті шәкірттер болғаны ғой. Осы әлгі Аркашаны 
ашуландырып алмадым ба? Ол қастасса тағы бәле».
Аркаша сабақты ала-құла, жүрдім-бардым оқиды. Кейде тәп-
тәуір болып қалады, кейде жаман баға алғаны үшін әкесінен таяқ 
та жеп жүреді.
«Әттең Аркашаның орнында мен оқыр ма едім, – деп 
армандайды Тұрар. – Кітаптан бас алмас едім».


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет