Қызыл жебе
Бала қиял, балапан қиял гимназияның ішін ойша шарлады.
Бірақ сырты салтанатты ғимараттың іші қандай екенін көз
алдына елестете алмады. Көңіліне Бесағаштағы Ахат атаның бала
оқытқаны орала береді. Жыртық үйдің киізсіз еденінде шөкелеп
отырған балақайлар. Ахат ата өзгелер құсап балаларды ұрып-
соқпас еді. Тұрар содан мұсылманша әліп-би танып қалған. Бір
сот мына зәулім үйдің төрінде Ахат ата тұрғандай, оның алдында
жаңағы жез түймелі пешпет киген балалар шөкелеп отырғандай
көрінер. «Ау, олардың арасында мен неге жоқпын», – деп көңілі
елегізер.
«Осында қазір кіріп барсам:
– Сен кімнің баласысың? – деп сұрар.
– Рысқұлдың баласымын, – деймін.
– А-а, Рысқұлдың баласымысың? Бір болысты өлтіріп,
қалғандарын тағы жоймақ болған Рысқұл ма? Онда жарамады.
Сені оқыта алмаймыз. Түрмеңе қайта ғой», – дейді мұғалім Ахат
бейнесінде.
Ахаттан басқа мұғалімді көрмегендіктен өзгені қиялына келтіре
алмайды. Осылай отыра берер ме еді, қайтер еді, әлгі жез қоңырау
қаққан, жез фуражкалы шал шіңкілдеп ұрсып баспалдақпен төмен
түсіп келе жатыр екен. Сөйтсе, жарау жирендер қарап тұрмай,
әдеп сақтамай, тезек тастап тұр екен. Шіңкілдек шал жеткенше
делбені қағып, қалғып-мүлгіген аттарды лезде қосаяқ қақтырып,
Тұрар пәуескені бұрып ала жөнелді.
* * *
Екі жирен түрме үйіне жақындағанда жүрістерін жылдамдатты.
Жылқы-айуан түрменің қапас екенін қайдан білсін. Олардың
білетіні: қазір атқораға жеткен соң, мына қаршадай бала Тұрар
ақырға балауса жоңышқа салып, бұлардың ауыздығын алады.
Бастарына дорба іліп, сұлы береді. Біле-білгенге жылқының орны
түрменің атқорасы емес, сонау мың бұлақты, балауса құрақты кең
дала... Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. Кеуілжірлері
жуа мен жусан исін сезінуден қалып, кершеу болған, балғын
байталдар мен мама биелерді аңсамайтын ақта сорлылар... Нағыз
түрме аттары.
152
Қызыл жебе
Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қораның ішін
тазалауға кіріседі. Қорада екі жиреннен басқа бес-алты ат бар.
Олар мініс көлігі. Әкімдер мінеді. Бас-аяғы онға жетпейтін
мал болғанмен астын дембіл-дембіл тазалап тұрмаса, демде
садыралап қалады. Приходько мырзаның әмірі бойынша, қорада
көлденең бірде-бір қылшық жатпауы керек. Ақ қолғаппен
сипағанда аттардың үстінен бірде-бір қылау жұқпауы керек. Оны
істемейді екенсің...
Бопса көп, үрей мол. Тұрар жалғыз дөңгелекті қол арбаға
жылқының жас тезегін үйе салып таптап, енді сыртқа шығарып
бара жатқанда, ауланың бір түкпірінде аядай жерді айналып
жүрген тұтқындарды көрді. Қырманда мала бастырған мал құсап,
от басындай жерді айнала береді, айнала береді. Қастарында қит
етіп басса мылтықпен жасқап, қақпайлап ірің көз надзиратель
тұр.
Кісендер сылдырлайды. Бір топ адам бірдей аяқ басқанда,
шынжыр сылдыры да ырғаққа бағынып, қаһарлы гүрсілге
ұласады. Қарғыс пен қасіреттің гимніндей сұрапыл сарын.
Тұрар қақпаға беттеп бара жатып, жүрісін баяулатты. Бет-
алысы қақпа, екі көзі тұтқындарда. Кісендеулі адамдар да түрме
ауласынан мына бір қағылез қараторы баланы түңғыш рет көріп,
таңданғандай пішін танытып, бәрі де бұрылып Тұрар жаққа
қарады. Біркелкі аяқ алыстары шатысып, бір тұтқын алдыңғы
тұтқынның өкшесін басып қалып, сүрініп кетті. Кісен сылдыры
өзгеше шыққанда надзиратель селт етіп:
– Көзіңе қара! Немене ит көрген ешкідей ежірейе қалдыңдар?!
– деп ақырып жіберді.
Әлгі бір сәтте Тұрар да бұлардан көз алмай, әлдеқалай екенін
өзі де байқамай, қол арбаның оқтығын жерге қоя салып еді
үстіндегі үйме тезек арба қисайғанда ауып кетіп, жерге төгіліп
қалды.
Мұны көрген ірің көздің aшy қабының аузы ашылып кеткендей,
әй бір, барқылдады дейсің:
– Әй, бандиттің баласы! Осы көрген күніңді көпсініп жүрсің
бе-ей?! Бала деп сені мырзалар бекер есіркейді. Аяғыңды кісендеп
қояр ма еді сенің де! Қобырап қолыңдағы арбаны аударып
153
Достарыңызбен бөлісу: |