Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет76/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
алғаның нең?! Ана тезекті бір түйірін қалдырмай қолыңмен 
салып, тіліңмен жалап, тез ауланы тазарт! У-уу, бандит!
– Баланы сонша жәбірлегеніңіз өз дәрежеңізге жарасар 
ма екен, мырза, – деп қалды ұзын бойлы, кең иықты, жарқын 
сары шашын жел дудыратқан жирен сақалды ақжарқын адам 
күлімсіреп.
– Қысқарт, Бронников, – деп арс етті надзиратель. – Сөйлеуге 
рұқсат жоқ. Осы сен бүлік шығарғанды қашан қоясың. Әлде 
өзіңдей бүлікшінің баласына бүйрегің бұрып тұр ма? Сен өйтіп 
жанашыр бола қалсаң, мен ол бөлтірікке анау төгілген боқты 
тұмсығымен тазартқызам, бәлем!
Домбыққан ауру көзінің алды ұдайы іріңдеп тұратын, не 
дүнген, не қазақ, не орыс екенін айырып болмайтын, жалпақ 
мұрын, жайын ауыз еңгезердей дәу неме балаға таман адымдады. 
Әлгі жирен сақал тұтқынға таңырқай қарап, сүйсініп қалған бала 
кенет өзіне төніп келе жатқан қара дәудің жақындап келгенін 
көріп, әпжыланның алдында жападан-жалғыз қалған көжектей 
қалтырады.
Бала өте сезімтал-тын. Бір ауыз жылы сөзден іші-бауыры езіле 
елжіреп, әлдеқандай аяныштан көмейіне түйіліп жас тығылып 
қалушы еді. Кімді аяйды? Өзін-өзі аяй ма? Әлде аяушылық 
атаулы сезімді аңсағаны ма – белгісіз. Жирен сақал тұтқынның 
сәл жанашырлығын таныған сәтте-ақ дүн-дүние төбенің тар 
дуалдарынан аттап өтіп, кеңейтіп сала бергендей, кішкентай 
жүрегі сол жазира кеңістікке ұшып шығар қапастағы пейіш 
құсындай үнсіз шырылдап, демі жиілеп, танауы қусырылып, 
қуаныштан яки аяныштан, жылағысы келген нұрлы шақты 
лезде қара бұлт қаптағандай болды. Адамның көкірегінде нұр 
ойнап, сәуле шашыраған сәт – әлемді жаратушы құдірет-күшпен 
кездескендей бақыт дариясында жүзіп жүрген рақым сәті. Соны 
демде қара дауыл соққаны обал-ақ. Аяныштан елжіреген жан-
жүйең қорқыныштан күзгі жапырақтай қалтырап кеткенде 
кеудедегі періштені дию-пері қылқындырып жатқандай болмақ.
Надзиратель құзғын құстай қалбайып төніп келгенде, 
таптап өтетін тажал келе жатқандай көрінді де бала жасқанып 
шегіншектей берді. Шегіне-шегіне жонарқасы дуалға барып 


154
Қызыл жебе 
тірелгенін бір-ақ байқады. Дуалды итеріп құлата алмайсың, 
секіріп кете алмайсың. Дуалдың қаттылығы мына мылтық 
кезенген надзирательдің қаттылығынан кем емес.
Тұрар бір аяғын көтеріп дуалдан өкшесімен тепкішек 
іздегендей болды. Қысылтаңдағы жан дәрмен, әйтпесе тепкішек 
жоғын біледі. Өкшенің тиген жерінен бір кесек опырылып 
түсті. Бала еріксіз аяғының астына қарады. Жұдырықтай кесекті 
еңкейіп көтеріп алмақшы болды. Қару етіп, қайрат көрсетпек пе? 
Кім білсін... Кесекті ала бергенде домбаз дуалдың түбін тесіп 
шыққан итқызғалдақты көзі шалды. Бұрын қалай байқамаған. 
Мыжып кетпейін деп бір адым оңға жылжыды. Демек, даланы 
итқызғалдақ жауып, қызыл-жасылдан қырдың жүзі құлпырып 
тұрған мезгіл екен ғой. Мына бір түп гүл бұл түрменің домбаздап 
соққан дуалының түбіне қайдан шығып жүр?
– Иттің баласы! Тұмсығыңмен тазала мына жерді! – 
Надзиратель Тұрардың көне шыт көйлегінің жағасынан бүрістіре 
ұстап алып қол арба тұрған жерге дырылдатып сүйреп әкелді.
– Ағатай, тазалайын қазір...
– Жоқ, сен қолыңмен емес, күрекпен емес, тек тұмсығыңмен 
тазала! Міне, былай, былай: – Надзиратель баланың желкесінен 
сығымдап, басын төмен тұқыртпақ болды. Бірақ қылдырықтай 
мойынның мұнша сіреспе екенін байқап әрі таң қалды, әрі 
ызаланды. Сол қолындағы мылтығын қисайып жатқан арбаға 
сүйей салып, енді қос қолдап кірісті.
– Ағатай, өзім-ақ қазір... – деп шырылдады бала.
– Жоқ, бандиттің баласы! – Надзиратель баланың басын иіп 
жерге жеткізе бергенде:
– Тоқтат! – деген ащы айқай мылтық атылғандай болып 
естілді.
Бұл Бронников екен. Айналып жүретін шеңберден шығып 
кетіпті. Басқалары да соның соңынан кісендерін салдырлатып, 
бері қарай беттеп келеді.
Надзиратель өзінің қатесін енді түсінді. Тұтқындардан көз 
айырып, жұдырықтай баламен алысып кеткені әбес болған. 
Дереу Тұрарды қоя бере салып, мылтығына жармасты.
– Қайт! Кейін! – деп қырылдады надзиратель.


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет